О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердің төлеміне тұрғындық жәрдем берудің ережесі туралы
1999 жылдың 16 қарашасындағы № 477-1 "Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердің төлеміне тұрғындық жәрдем берудің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім облыстық әділет басқармасында тіркеліп, аудандық "Есіл" газетінде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Бекiтiлді
аудандық мәслихаттың
2004 жылғы 15 қаңтардағы
"Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға
тұрғын үй ұстауға және коммуналдық
қызметтердiң тұтыну ақысын төлеуге
тұрғын үй көмегiн берудiң ережесi
туралы" № 29»шешiмiмен
Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтердiң тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегiн берудiң ЕРЕЖЕСI
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегiне - тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтiң тұтыну ақысын төлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жалға пәтер алу шығындарының орнын толтыру үшiн халықтың аз қамтамасыз етiлген жiгiне берiлетiн өтемақы.
Тармақ 2
2. Егер өтемақылық шаралармен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй нормалары және коммуналдық қызметтi тұтынуға жұмсалатын төлемдер, отбасы бюджетiнде осы мақсатпен жұмсалатын шығындар үлесiнен артатын болса тұрғын үй көмегi, осы көмек (жалдаушы, жалға алушы) болып табылатын тұлғаларға берiледi. Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға жұмсалатын шығындардың үлесi. Есiл ауданының тұрғындарына отбасының жиынтық табысының 30 % мөлшерiнде белгiленедi.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтi тұтынуға белгiленген нормалардан артық төлемдер жалпы негiзiнде жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын үйi (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй жайларды жалға тапсырған немесе қайта жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
Тармақ 5
5. Егер отбасында күту қажет деп танылған мүгедектердi күтетiн немесе жас шамасы 1,5 жасқа дейiнгi бала (бiреу және одан да көп) күтiп отырған тұлғаны есептемегенде, жұмыс iстеуге қабiлеттi, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтiн және жұмыспен қамту қызметiнде тiркелмеген тұлғалар болса, онда отбасыларының тұрғын үй жәрдемiн алуға құқығы жоқ.
Тармақ 6
6. Жайлы секторда тұратын тұлғаларға тұрғын үй көмегi пәтер иесiне (жалдаушыға, жалға алушыға) пәтердi ұстауға және коммуналдық қызметке есептелген сомамен салыстырғанда төлемдi кемiту түрiнде, қолма-қолсыз ақша нысанында өтiнiштерi бойынша қызмет көрсетушiлердiң жеке шоттарына аудару арқылы берiледi. Тұрғын үй көмегiнiң көлемi пәтер және коммуналдық қызмет үшiн iс жүзiнде есептелген төлем сомасынан артық бола алмайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегi ағымдағы тоқсанға тағайындалады көмек тағайындауға қажеттi құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-шi жұлдызына дейiн қабылданады, алдында өткен тоқсанның табыстары есепке алынады. Тұрғын үй көмегiн алушыларды қайта тiркеу ресiмдеудiң алғашқы үрдісімен бiрдей.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегiн алушылар өз пәтерiнiң меншiк нысанының, отбасы құрамының және жиынтық табысының кез-келген өзгерiстерi туралы 10 күн iшiнде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiне хабарлауға тиiс.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы шешiм барлық отбасы мүшелерiн жеке куәлендіретін құжаттар берген жағдайда пәтер жалдаушының (иесiнiң) өтiнiшi және оған қоса берiлген мынадай құжаттар: отбасы құрамы, жылжымайтын мүлiк орталығы беретiн меншiкте тұрғын үй бар-жоғы, тұрғын үйдiң пайдалы алаңының көлемi, тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметке төлем жөнiндегi шығындар отбасының жиынтық табысы туралы анықтамалар негiзiнде қабылданады.
Тармақ 10
10. Табыс етiлген құжаттарды қарастыру нәтижесi бойынша тұрғын үй көмегiнiң есептелуi енгiзiлген еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi мен өтiнiш берушiнiң арасында екi жақтық келiсiм-шарт жасалады. Шарт екi данада жасалады, оның бiреуi тұрғын үйдiң меншiк иесiнде сақталады. Аталған шарт тұрғын үй көмегiн беру үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 11
11. Ақпараттың дұрыстығына күдiк туған жағдайда, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi тұрғын үй көмегiн алуға өтiнiш берген тұлғаның табысы туралы ақпарат сұрауға құқылы.
Тұрғын үй көмегiн алуға өтiнiш берген пәтер иесiнiң (жалдаушының, жалға алушының) отбасындағы барлық iс-әрекетке қабiлеттi мүшелерi, өздерiнiң табыстары туралы жеке және заңды тұлғалардан айқындаушы ақпарат алуға келiсiмдерiн растайтын рұқсатқа қолдарын қоюлары тиiс.
Тармақ 12
12. Көмектiң мөлшерi өтемақылық шаралармен қамтамасыз етiлетiн нормалар шектерiндегi тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну үшiн меншiк иесiнiң нақты төлемi мен отбасының осы мақсатқа жұмсалатын шығындарының ең жоғарғы шектеулi деңгейiнiң арасындағы айырмашылығы ретiнде есептеледi.
Тармақ 13
13. Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет төлемiне отбасының мүмкiн шығындарының ең жоғарғы шектеулi үлесi, отбасының табысы, коммуналдық қызметке тарифтер мен нақты шығындар өзгерген жағдайда бұрынғы тағайындалған көмек қайта есептеледi. Тұрғын үй көмегiн төлеу аудандық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтер үшiн алдындағы үш айдың нақты шығындарын төлемегені үшiн және бiле тұра жалған құжаттарды берген азаматтарға тұрғын үй көмегiн тағайындауды тоқтата тұруға және алып тастауға құқылы.
Тармақ 15
15. Пәтер иесiнiң немесе пәтер иесiнiң қайтыс болған жағдайында, осы пәтердiң тұрғын үй алаңының нормалары және коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерi шегiнде тұратын отбасы мүшелерi мұрагерлiк құқығына енгiзiлгенше тұрғын үй көмегi тағайындалады.