Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес ұйымдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне және оның ведомстволарына берсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Ереженің 15-тармағының 300) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) индустрия және индустриялық даму; өнеркәсіп; тау-кен металлургия кешені; елішілік құндылықты дамыту; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымын реттеу; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу; жылу және электр энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы мен электр энергетикасы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі; бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу; әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу; мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға қатысу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті.
Тармақ 3
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) өнеркәсіп; елішілік құндылықты дамыту; тау-кен металлургия кешені; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымы; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру; жылу және электр энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы және электр энергетикасы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 2
2) Министрліктің құзыретiне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) реттелетiн салаларда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) реттелетiн салаларда мемлекеттiк басқару;
Тармақша 5
5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімді сақтау;
Тармақша 6
6) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің тиімді жүйесін құру;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын заманауи әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өніммен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетін өнеркәсіптің азаматтық салаларында пайдалану;
Тармақша 9
9) мемлекетте қорғаныс қабілетін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті арттыру және нығайту мүдделерінде қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың заманауи түрлерін жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының экспорттық әлеуетін қолдау және одан әрі дамыту;
Тармақша 11
11) қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту және оларды одан әрі коммерцияландыру;
Тармақша 12
12) бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу;
Тармақша 12-1
12-1) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 13
13) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 14
14) геология және минералдық-шикізат базасын молайту саласындағы заңнаманы жетілдіру;
Тармақша 15
15) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) өз құзыретi шегiнде Министрлікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзыреті шегінде орындауға міндетті құқықтық актілерді қабылдайды; заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады; өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құрады; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді; орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасады; Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) міндеттілігі: өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер мен түсініктемелер береді; Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелейді, тәртіптік жазалар қолданады, материалдық жауаптылыққа тартады; Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын реттелетін салаларда (аяларда) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) экономиканың тиісті салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде бәсекелестікті дамыту және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасамау жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 4
4) реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына және тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар жасау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 9-1
9-1) өз құзыреті шегінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;
Тармақша 10
10) өз құзыреті шегінде реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Тармақша 11
11) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
Тармақша 12
12) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 12-1
12-1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 13
13) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
Тармақша 14
14) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
Тармақша 15
15) уәкілетті орган бекіткен үлгілік ереже негізінде реттелетін салалардағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 16
16) реттелетін салалардағы салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;
Тармақша 17
17) реттелетін салалардағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру, бекіту;
Тармақша 18
18) аяқ киім тауарларын қоспағанда, құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен қадағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 18-1
18-1) аяқ киім тауарларын қоспағанда, өз құзыреті шегінде таңбалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 18-2
18-2) аяқ киім тауарларын қоспағанда, өз құзыреті шегінде таңбалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесін бекіту;
Тармақша 19
19) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдаудың алдын ала рәсімін жүргізу;
Тармақша 20
20) реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген саладағы немесе мемлекеттік басқару саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 21
21) реттелетiн салаларда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 21-1
21-1) өз құзыреті шегінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің есеп-қисаптарын әдіснамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;
Тармақша 23
23) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 25
25) Қоғамдық кеңес құру және оның қызметін үйлестіру;
Тармақша 26
Тармақша 27
Тармақша 28
Тармақша 29
Тармақша 30
Тармақша 31
Тармақша 32
32) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобасын Қоғамдық кеңеске жіберу;
Тармақша 33
Тармақша 34
Тармақша 35
35) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және анықтау;
Тармақша 35-1
35-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын өз құзыреті шегінде қарау;
Тармақша 36
36) мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар кызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 37
37) халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктермен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 38
38) шет мемлекеттермен және (немесе) халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу;
Тармақша 39
39) реттелетін салаларда кадрлар қажеттілігін айқындау;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталға қатысу үлесіне) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 41
41) өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау және олардың жұмысын үйлестіру;
Тармақша 42
42) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне өнеркәсіпті мемлекеттiк ынталандыру шараларының тиiмдiлiгi туралы ақпарат ұсыну;
Тармақша 43
43) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру;
Тармақша 44
44) салааралық үйлестіру және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысу;
Тармақша 45
45) индустриялық дамуды бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 46
46) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені әзірлеу және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 47
47) бірыңғай индустрияландыру картасын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 48
48) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 49
49) бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 50
50) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп бірыңғай индустрияландыру картасы бойынша жалпы үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 51
51) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың Қазақстанда шығарылған, өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған шараларын көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 51-1
51-1) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 51-2
51-2) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу;
Тармақша 52
52) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін әзірлеу;
Тармақша 53
53) аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 54
54) аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 55
55) өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 56
56) бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 57
57) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 58
58) өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 59
59) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 60
60) басым тауарлар тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 61
61) басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 62
62) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 62-1
62-1) өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік норма нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 63
63) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдердің орындалуын мониторингтеу;
Тармақша 64
64) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 65
65) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 66
66) индустриялық дамуды бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 67
67) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.09.2025 № 771 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 67-1
67-1) өз құзыреті шегінде тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын биржалық тауарлардың сауда-саттығын мониторингтеуді жүргізу;
Тармақша 67-2
67-2) cауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін биржалық тауарлар тізбесін келісу, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
Тармақша 67-3
67-3) cауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесін келісу, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
Тармақша 67-4
67-4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 68
68) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 69
69) Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 70
70) өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 71
71) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 72
72) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73
73) өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің Индустрия 4.0-ді енгізуі жөніндегі саясатты іске асыруды үйлестіру;
Тармақша 74
74) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар базасын, өнеркәсіптегі кадр әлеуетін дамыту бойынша өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 75
75) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 76
76) бағалы металдарды өндіру, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 76-1
76-1) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 76-2
76-2) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 76-3
76-3) Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 77
77) асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалатын зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 78
78) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 79
79) қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалы металдардан және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растау;
Тармақша 80
Тармақша 81
Тармақша 84-1
84-1) өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасы сертификатының (Кимберлий процесінің сертификаты) нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 82
82) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 83
83) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіндегі бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуды немесе уәкілетті органның осындай бас тартудың болуы туралы растамасын алу тәртібін айқындау;
Тармақша 84
84) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 85
85) сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу нысаны мен тәртібін айқындау;
Тармақша 86
86) түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 87
87) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салу мен сандық шектеулер енгізу;
Тармақша 88
88) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде квоталарды бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 89
89) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жекелеген тауарларды әкетуге сандық шектеулерді (квоталарды) бөлуді жүзеге асыру;
Тармақша 90
90) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде квоталардың мөлшерін және олардың қолданылу мерзімін айқындау;
Тармақша 91
91) әкетуге сандық шектеулер енгізілген жекелеген тауар түрлерінің экспортына лицензия беру қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 92
92) өз құзыреті шегінде сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауар түрлерінің экспортына лицензиялар беру;
Тармақша 93
93) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібін және нысанын айқындау;
Тармақша 94
94) өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растауды жүзеге асыру;
Тармақша 95
95) түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сатып алынған және өткізілген сынығы мен қалдықтары туралы есептілігінің нысанын және оны ұсыну мерзімдерін айқындау;
Тармақша 96
Тармақша 97
97) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектiлерi ұсынатын тиiстi мамандарға деген қажеттiлiк туралы мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау талап етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындау бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
Тармақша 98
98) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне тартуға, оның ішінде дуальды оқыту туралы үшжақты шарттар жасасуға жәрдемдесу;
Тармақша 99
99) елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, сервистік қолдау көрсету және Қазақстанда шығарылған, өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;
Тармақша 99-1
99-1) елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) қарау;
Тармақша 99-2
99-2) жүйе түзуші кәсіпорындар тізбесін бекіту;
Тармақша 99-3
99-3) жүйе түзуші кәсіпорындардың тауарларды сатып алуын елішілік құндылығы мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 99-4
99-4) апелляциялық комиссияның құрамы мен ол туралы ережені бекіту;
Тармақша 99-5
99-5) өндіріс, өндірістік және технологиялық операциялар шарттарын әзірлеу және салалық мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 99-6
99-6) елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларын және олардың үлгілік нысанын әзірлеу;
Тармақша 99-7
99-7) елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
Тармақша 100
100) елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негізінде Қазақстанда шығарылған, өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге қаражат бөлу;
Тармақша 101
101) өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;
Тармақша 102
102) өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;
Тармақша 103
103) өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, өнеркәсіптік гранттар беру;
Тармақша 104
104) елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 105
105) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 106
106) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар беру;
Тармақша 107
107) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзірлеу, бекiту немесе келісу;
Тармақша 108
108) құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 109
109) жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде берілетін отандық өнеркәсiптік кәсiпорындар тiзбесiне енгiзу үшiн отандық өнеркәсiптік кәсiпорындарды iрiктеу өлшемшарттарын әзiрлеу;
Тармақша 110
110) жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде берілетін отандық өнеркәсiптік кәсiпорындар тiзбесiн әзiрлеу;
Тармақша 111
111) ұйымдар мен мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алуы кезiнде елішілік құндылықтың үлесiн ұлғайту жөнінде шаралар тұжырымдау және мемлекеттiк саясатты iске асыру;
Тармақша 112
112) мемлекеттік органдардың елішілік құндылық мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және әдіснамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 113
113) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасу;
Тармақша 114
114) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 115
115) мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргізу тәртiбiн айқындау;
Тармақша 116
116) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;
Тармақша 117
117) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;
Тармақша 118
118) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындау;
Тармақша 119
119) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін әзірлеу және бекiту;
Тармақша 120
120) энергия тұтыну нормативтерін, мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін әзірлеу және бекiту;
Тармақша 121
121) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін әзірлеу және бекiту;
Тармақша 122
122) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу;
Тармақша 123
123) жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;
Тармақша 124
124) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 125
125) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 126
126) энергетикалық аудит жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 127
127) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 128
128) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 129
129) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекiту;
Тармақша 130
130) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн айқындау;
Тармақша 131
131) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін әзірлеу және бекiту;
Тармақша 132
132) энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 133
133) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 134
134) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 135
135) энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін айқындау;
Тармақша 136
136) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 137
137) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 138
138) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын әзірлеу және оларды ұсыну мерзімдерін бекіту;
Тармақша 139
139) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 140
140) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен және энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісімен ерікті негізде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасу;
Тармақша 141
141) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 142
142) энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 143
143) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 144
144) энергетикалық ресурстарды жылына елу мың және одан көп тонна шартты отынға балама көлемде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу;
Тармақша 145
145) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бағалау жүргізу;
Тармақша 146
146) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 147
147) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 148
148) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу;
Тармақша 149
149) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізу;
Тармақша 149-1
149-1) ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 149-2
149-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде жылу энергетикасының, жылу энергиясын тұтынудың түйінді және нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу және оларды жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 149-3
149-3) жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жылу энергетикасы объектілерінің жылуды тұтынуын азайту жөніндегі жоспарларды әзірлеу және олардың орындалуын мониторингтеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 150
150) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларымен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың тәртібін, шарттарын және үлгілі нысанын айқындау;
Тармақша 151
151) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен үлгілік нысандарға сәйкес көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу;
Тармақша 152
152) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарының (көлік құралдары шассиі), өздігінен жүретін машиналар мен техникалардың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) электрондық түрде ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шассиі), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 153
153) мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарының (көлік құралдарының шассиі), өздігінен жүретін машиналар мен техникалардың басқа да түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиі), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерінде қамтылған мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 154
154) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 155
155) электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс беру;
Тармақша 156
156) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеу, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу жөніндегі өкілеттіктерді ұйымдарға беру немесе оларды беруден бас тарту туралы қорытынды беру тәртібі мен шарттарын айқындау;
Тармақша 157
157) көлік құралы паспортының (көлік құралдары шассиінің паспортын), өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлері паспортының қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 157-1
157-1) көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 158
158) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 159
159) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 160
160) өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдер тізілімінің нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 160-1
160-1) өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 161
161) өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 161-1
161-1) мыналар: тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер; өндірушінің уәкілетті өкілдері; тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар тізілімінің нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 161-2
161-2) мыналар: тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер; өндірушінің уәкілетті өкілдері; тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 161-3
161-3) ғылыми-техникалық кеңесті құру және оның ережесін бекіту;
Тармақша 162
162) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларын және біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 163
163) Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын, Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 164
164) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 165
165) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін құру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 166
166) эксаумақтық кері экспортқа рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 167
167) импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 168
168) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын, оларды қолдану тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 169
169) эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру қағидаларын және біліктілік талаптарын, уәкілетті органның эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету және олардың тізімін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 170
170) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіруді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 171
171) өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 172
172) бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 173
173) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 174
174) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 175
175) бақылау тізімін бекіту;
Тармақша 176
176) уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу;
Тармақша 177
177) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 178
178) мыналарды: өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия (өзіндік ерекшелігі бар тауарлар экспортына лицензия, қосарланған мақсаттағы тауарлар немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар экспортына жалпы лицензия, өзіндік ерекшелігі бар тауарлар импортына лицензия); өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат; эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат; эксаумақтық реэкспортқа рұқсат; импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат; Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын; Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беруді жүзеге асыру;
Тармақша 179
179) эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының тізімін жүргізу;
Тармақша 180
180) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату;
Тармақша 181
181) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде тәуекелдерді бағалауды жүргізу;
Тармақша 182
182) химиялық өнімнің жекелеген түрлерін есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 183
183) химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 184
184) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тауарлардың экспортына және (немесе) импортына айрықша лицензия беруді жүзеге асыру;
Тармақша 184-1
184-1) отандық шикізат тауарларының тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 184-2
184-2) отандық шикізат тауарлары тізбесіне енгізілген отандық шикізатты Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензиялар беру;
Тармақша 185
185) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тауарлардың экспортына және (немесе) импортына айрықша лицензия беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 186
186) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 187
187) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде басым қызмет түрлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 188
188) республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешімді келісу;
Тармақша 189
189) арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 190
190) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтініш пен сауалнаманың нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 191
191) республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ережелерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 192
192) арнайы комиссия құру, ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 193
193) сарапшылық кеңес құру, ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 194
194) тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 195
195) арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 196
196) индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 197
197) шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 198
198) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары арасында жер учаскелерін бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 199
199) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 200
200) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік органдар мен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 201
201) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 202
202) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу;
Тармақша 203
203) жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы талдамалық ақпарат беру;
Тармақша 204
204) арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу тәртібін, шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 205
205) үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 206
206) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылатын, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған, шартты түрде шығарылған тауарлардың нысаналы пайдаланылуын тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 207
207) қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 208
208) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 209
209) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 210
210) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 211
211) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 212
212) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамаларына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 213
213) жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 214
214) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 215
215) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймаққа қатысушының қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамағаны туралы актінің нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 216
216) тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 217
217) арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 218
218) аяқ киім тауарларын қоспағанда, тауарларды таңбалау мен қадағалау саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау;
Тармақша 219
219) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджет қаражаты шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетіктерін айқындау;
Тармақша 220
220) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін, уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау;
Тармақша 221
221) бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу;
Тармақша 222
222) бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу;
Тармақша 223
223) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту;
Тармақша 224
224) басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 225
225) басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін бекіту;
Тармақша 226
226) бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау;
Тармақша 227
227) өңірлік үйлестіру кеңесінің үлгілік функцияларын айқындау;
Тармақша 228
228) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты келісу;
Тармақша 229
229) оларға қатысты халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 230
230) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты келісу;
Тармақша 231
231) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүліктің жекелеген түрлері туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өкілді немесе атқарушы органдарымен келісу бойынша жалпы пайдаланудағы мүлікті пайдалану қағидаларын бекіту;
Тармақша 232
232) энергия аудиторларына арналған кәсіби стандартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 233
233) атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 234
234) аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәліметтерді есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 235
235) ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылық бойынша ақпарат беру нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 236
236) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепілін мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 237
237) жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) тіркеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 238
238) уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бөлiгiнде жою қорын пайдалануға рұқсат беру;
Тармақша 239
239) берілген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар және жасалған келісімшарттар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 240
240) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерін орындау кепілінің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 241
241) мемлекеттік орган қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну және есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 242
242) банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібін және оның үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 243
243) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 244
244) пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату;
Тармақша 245
245) өтініш берушіге пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жіберу;
Тармақша 246
246) уранды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды реттеу;
Тармақша 247
247) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамын және ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 248
248) жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 249
249) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 250
250) уранды барлау мен өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлауға және өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасау, мемлекеттiк тiркеудi және сақтауды жүзеге асыру;
Тармақша 251
251) келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу;
Тармақша 252
252) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беруге (қайта ресімдеуге, ұзартуға) арналған өтініштің нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 253
253) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп жер қойнауы ресурстарына залалды экономикалық бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 254
254) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 255
255) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беруге өтініштер беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 256
256) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 257
257) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, хабарлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 258
258) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 259
259) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған келісімшарттар мен жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар талаптарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
Тармақша 260
260) бір блок үшін қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 261
261) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың немесе лицензияның шарттарын орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіру;
Тармақша 262
262) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 263
263) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 264
264) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар талаптарын сақтауына бақылауды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 265
265) жұмыс бағдарламасының мазмұны мен нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 266
266) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлеу және оның құрамын бекіту;
Тармақша 267
267) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 268
268) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 269
269) Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасы стандартын іске асыру бойынша есептіліктің нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 270
270) тау-кен жұмыстары жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 271
271) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты және жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 272
272) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша зерттеу нәтижелері мен жұмыстарды қабылдау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 273
273) қамтамасыз етуді берген адамға қамтамасыз ету сомасының азайтылғаны туралы хабарлама жіберу;
Тармақша 274
274) ұстап тұру мәртебесі бойынша жұмыстар бағдарламасын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 275
275) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп пайдалы қатты қазбаларды барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 276
276) кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 277
277) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 278
278) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға арналған өтініш нысанын және қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 279
279) басымдылығы бірдей өтініш берушілер арасында аукцион өткізу мерзімдері мен қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 280
280) пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісімді жасасу жөніндегі жұмыс тобының құрамын және ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 281
281) шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 282
282) жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне ауысу қағидаларын, жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне ауысу жөніндегі комиссияның жұмыс қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 283
283) кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 284
284) пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 285
285) жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 286
286) ең төменгі рейтингтік бағаны айқындау;
Тармақша 287
287) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 288
288) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 289
289) аукцион өткізу тәртібін және оның қорытындысы бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия беру тәртібін айқындау;
Тармақша 290
290) аукцион өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 291
291) Қазақстан Республикасының атынан пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу;
Тармақша 292
292) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жобасына құқықтық және экономикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 293
293) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беру, қайта ресімдеу, кері қайтарып алу;
Тармақша 294
294) ұстап тұру мәртебесі жөніндегі жұмыс бағдарламасын келісу;
Тармақша 295
295) аукцион өткізу туралы шешім қабылдау және жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскесінің шекараларын айқындау;
Тармақша 296
296) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы ұсынымдарының негізінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздерді бастау туралы шешім шығару;
Тармақша 297
297) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру;
Тармақша 298
298) мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдерді беру тәртібін айқындау;
Тармақша 299
299) жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттардың ережелерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 300
300) 01.01.2026 дейін қолданыста болды - осы қаулының 4-тармағына сәйкес;
Тармақша 301
301) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;
Тармақша 302
302) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 303
303) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды салуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 304
304) геологиялық барлау кезеңділігі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 305
305) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 306
306) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйелеу, қорыту және ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 307
307) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпаратты және оның жеткізгіштерін жер қойнауын пайдаланушылардың сақтау және есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 308
308) жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензиялар беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 309
309) жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 310
310) жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 311
311) геологиялық есептің нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 312
312) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 313
313) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
Тармақша 314
314) тиісті координаталары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру карталарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 315
315) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 316
316) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 317
317) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу және пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу жөніндегі ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 318
318) геологиялық есепке мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 319
319) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ оларға жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 320
320) жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия алуға өтініш нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 321
321) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт пен баға нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 322
322) өтініш берушіге жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру;
Тармақша 323
323) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты ескеру, сақтау, жүйелеу, жинақтап қорыту және ұсыну;
Тармақша 324
324) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияның шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 326
326) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, геологиялық және тау-кендік бөлулерді беру;
Тармақша 327
327) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;
Тармақша 328
328) пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын айқындау, геологиялық ақпаратты пайдалану және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген басқа да мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;
Тармақша 329
329) геологиялық есепке мемлекеттік сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 330
330) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;
Тармақша 331
331) жер қойнауы кеңістігін геологиялық зерделеу және пайдалану үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
Тармақша 332
332) пайдалы қатты қазбалар ресурстарын бағалау туралы есепте «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабына сәйкес бұрын бекітілген өнеркәсіптік санаттар қорларының жиырма бес пайызынан астамына ресурстарды азайтудың негізділігін растау;
Тармақша 333
333) мәлімделген жер қойнауы учаскесінде кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын пайдалы қатты қазбалар ресурстарының жоқтығын немесе перспективаларын растайтын геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есептің мемлекеттік сараптамасының қорытындыларын беру;
Тармақша 334
334) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының елді мекендерді, өнеркәсіптік кешендерді және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалау және салу кезінде алдағы құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауы немесе олардың маңыздылығы туралы оң қорытындысын келісу;
Тармақша 335
335) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды салуға рұқсаттарын келісу;
Тармақша 336
336) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 337
337) геологиялық зерттеу, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 338
338) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 339
339) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерінің мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 340
340) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;
Тармақша 341
341) өздігінен ағып жататын гидрогеологиялық және апаттық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;
Тармақша 342
342) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;
Тармақша 343
343) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімін жүргізу;
Тармақша 344
344) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы оны ашып көрсету;
Тармақша 345
345) жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін сынамалар түрінде иеліктен шығаруға және (немесе) олардың сынамаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуіне рұқсат беру;
Тармақша 346
346) ұңғымадан көмірсутектердің ағымын алуды құжатпен растау арқылы, оның ішінде қабатты сынағышпен сынамалау жүргізген кезде және (немесе) мұнай-газдың мол болуына коллектор-жынысты зертханалық зерттеу кезінде жаңа кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) ашылуын табуды растау;
Тармақша 347
347) жер қойнауын геологиялық зерттеуге берілген лицензиялар бойынша жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобаларына өзгерістерді келісу;
Тармақша 348
348) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 349
349) жеке және заңды тұлғалар жүргізетін су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу;
Тармақша 350
350) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуды, реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді), пайдалануды, консервациялауды, жоюды (кейіннен кәдеге жаратуды) келісу;
Тармақша 350-1
350-1) жерасты су объектілерін мемлекеттік геологиялық зерделеуді ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 350-2
350-2) жерасты сулары учаскелерінің қорына мемлекеттік сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру туралы өтініштерге қоса берілетін геологиялық есептерге мемлекеттік сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 350-3
350-3) жерасты суларын зерделеу саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және ғылыми-техникалық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 350-4
350-4) арнаулы су пайдалануға рұқсат беру кезінде жерасты суларын жинап алу және пайдалану шарттарын келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 350-5
350-5) тәулігіне бір мың текше метрден асатын жерасты суларын жинап алу кезінде жерасты суларын жинап алу жобасын келісу;
Тармақша 350-6
350-6) жерасты суларын жинап алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу тәртібін келісу;
Тармақша 350-7
350-7) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Су кодексінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жерасты суларын зерделеу, есепке алу, қорғау және пайдалану бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 351
351) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;
Тармақша 352
352) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру қағидаларын айқындау;
Тармақша 353
353) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың минералдануын (көрінуін) растау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 354
354) геологиялық және тау-кендік бөлулерді беру және қайта ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 355
355) кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарды сыныптау әдістемесін, пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 356
356) құзыретті органмен бірлесіп ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамын бекіту;
Тармақша 357
357) пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 358
358) кен орындарын игерудің техникалық жобаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 358-1
358-1) қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі ысырапты есепке алу бөлігінде кен орындарын игерудің техникалық жобаларын бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 359
359) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 360
360) тарихи шығындардың мөлшерін, геологиялық ақпараттың құны мен оны алу шарттарын айқындау;
Тармақша 361
361) өздігінен ағып жататын иесіз гидрологиялық және апаттық мұнай-газ ұңғымаларын жоюды және консервациялауды жүзеге асыру;
Тармақша 362
362) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөнінде комиссия құру;
Тармақша 362-1
362-1) жер қойнауын пайдаланушыны, қатты пайдалы қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды тыңдау қағидаралын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 362-2
362-2) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау жөніндегі ең төменгі талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 362-3
362-3) пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға негізгі және олармен тұтасып жатқан пайдалы қазбалардың саны мен сапасы туралы мәліметтерді енгізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 363
363) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 364
364) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 364-1
364-1) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 364-2
364-2) өз құзыреті шегінде жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемін қалыптастыру үшін жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
Тармақша 364-3
364-3) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
Тармақша 365
365) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;
Тармақша 366
366) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 367
367) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 368
368) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;
Тармақша 369
369) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;
Тармақша 369-1
369-1) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікке сыртқы қауіп төнуін мониторингтеуді, талдауды, бағалауды және болжауды жүзеге асыру, оларды бейтараптандыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу, сыртқы барлау субъектілеріне жәрдем көрсету;
Тармақша 370
370) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 370-1
370-1) бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу;
Тармақша 370-2
370-2) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін әзірлеу; 370-3) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 371
371) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын әзірлеу және бекіту; 371-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 372
372) «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту; 372-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 373
373) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру; 373-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 374
374) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету; 374-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 374-2) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 374-3) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 375) аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын әзірлеу және келісу;
Тармақша 376
376) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту; 376-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 376-2) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 377
377) елді мекендердің шекарасы (шектері) жобаларының құрамын, мазмұнын және оларды әзірлеу тәртібін айқындау;
Тармақша 378
378) республикалық маңызы бар қаланың, сондай-ақ халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын өзге де қалалар шекараларының (шектерінің) жобаларын келісу;
Тармақша 379
379) шағын елді мекендерді дамыту мен оған құрылыс салу схемаларының құрамын, мазмұнын, әзірлеу мен келісу тәртібін айқындау;
Тармақша 380
380) жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тәртібін, оның міндетті құрамы мен мазмұнын белгілеу; 380-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 381
381) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамаларының үлгілік нысандарын және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 382
382) елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суды қабылдау қағидаларын бекіту;
Тармақша 382-1
382-1) Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілеу;
Тармақша 382-2
382-2) Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындау;
Тармақша 382-3
382-3) Сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін ұйымдастыру, қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 383
383) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 384
384) сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту; 384-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 385
385) қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 385-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 385-2) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 385-3) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 385-4) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 386
386) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 387
387) қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 387-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 387-2) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 388
388) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту тәртібін айқындау;
Тармақша 389
389) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспарларын бекіту;
Тармақша 390
390) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту; 390-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 390-2) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 390-3) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 390-4) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 391
391) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 391-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 392
392) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету; 392-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 392-2) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 392-3) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 392-4) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 392-5) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 393
393) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер беру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру;
Тармақша 394
394) жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорында тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 395
395) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу;
Тармақша 396
396) ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтерінің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту;
Тармақша 397
397) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
Тармақша 398
Тармақша 399
398) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 399) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 400
400) кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 401
401) тұрғын үй инспекциясы туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 402
402) көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 403
403) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 404
404) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 405
405) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 405-1) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау үшін екінші деңгейдегі банктерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 405-2
405-2) реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 405-3
405-3) кепілдік шеңберінде реновациялау туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 405-4
405-4) реновациялау шеңберінде жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 405-5
405-5) уәкілетті компанияның реновациялау объектісінің және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй және (немесе) өтемақы төлемдерін беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 405-6
405-6) көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлестерді кепілге қоюды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 405-7
405-7) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту; 405-8) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 406
406) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 407
407) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 407-1
407-1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларды іске асыру кезінде ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкін үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 407-2
407-2) бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдеріне мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 408
408) тұрғын үй қорын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 409
Тармақша 410
Тармақша 411
411) тұрғын үй көмегін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 412
412) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 413
Тармақша 414
Тармақша 415
415) Қазақстан Республикасының азаматтарын еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде, оның ішінде ротациялау тәртібімен лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғын үй беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 416
416) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің пәрменді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғын үй беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 417
417) қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйлер беру және оларды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 418
418) тұрғын үй құрылысы жинақтарына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын есептеу және төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 419
419) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін айқындау;
Тармақша 420
420) ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 420-1
420-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында кейіннен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 420-2
420-2) тұрғын үй жағдайларын жақсарту кейіннен мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 421
421) ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 421-1
421-1) төтенше жағдай салдарынан тұрғынжайсыз қалған азаматтарға салынған тұрғын үй беру қағидаларын айқындау;
Тармақша 422
422) әкімшілік ғимараттарда мемлекеттік органдардың атауы бар маңдайшаларды дайындау және орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 423
423) тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 424
424) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру және олардың нәтижелерін пайдалану; 424-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 425
425) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 425-1
425-1) құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы мемлекеттік инспекторлар актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 425-2
425-2) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға әкелетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) осы шараны қолдану мерзімін көрсете отырып айқындау; 425-3) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 425-4) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 425-5) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 425-6) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 425-7) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 425-8) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 426
426) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерді көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 427
427) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 427-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 427-2) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 428
428) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 428-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 429
429) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 430
430) құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын әзірлеу және бекiту; 430-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 430-2) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 431
431) қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 432
432) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 433
433) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 434
434) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 435
435) құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 436
436) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 437
437) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) cенімгерлік басқару шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 438
438) кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 439
439) капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 440
440) кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 441
441) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарамастан, жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ Бірыңғай операторға немесе екінші деңгейдегі банкке (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есебінің нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 442
442) кепілдік беру туралы шарт және реновациялау шеңберінде шарттар жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 443
443) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту;
Тармақша 444
444) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 445
Тармақша 446
446) елді мекендердің коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін басқару, пайдалану және дамыту кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 447
Тармақша 448
448) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 449
449) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту;
Тармақша 450
450) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 451
451) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын бекіту;
Тармақша 452
452) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу мен субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 452-1
452-1) өз құзыреті шегінде елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру саласында стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 452-2
452-2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың елді мекендерде қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерін құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 452-3
452-3) елді мекендер мен өнеркәсіп орындарының аумақтарынан ағатын жаңбыр, еріген, инфильтрациялық, суаратын-жуатын, дренаждық суды нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесі арқылы бұру және тазарту бойынша көрсетілетін қызметтердің құны мен көлемін есептеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 452-4
452-4) елді мекендердің сумен жабдықтау ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтерін құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне жүйелерін енгізудің өлшемшарттарын бекіту;
Тармақша 452-5
452-5) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың сарқынды суларды тазарту құрылысжайларының кешендерін салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру үшін тартылған облигациялық қарыздарды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 452-6
452-6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Су кодексінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Тармақша 452-7
452-7) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдалану кезінде судың өндірістік шығысы мен техникалық ысырабының нормаларын есептеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 452-8
452-8) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтердің көлемін есептеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 452-9
452-9) суды және (немесе) сарқынды суларды есепке алу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемін коммерциялық есепке алу қағидаларын бекіту;
Тармақша 452-10
452-10) басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мыналарды: су объектісінің белгілі бір сапасына сәйкес келетін ғимараттардың технологиялары мен қуатын жұмысқа қабілетті күйде ұстап тұруды; құрылыс жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарға сәйкес келетін жабдықтар мен материалдарды пайдалануды; ауызсудың нормативтері мен ұлттық стандарттарын жетілдіруді қамтитын ауызсу сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 452-11
452-11) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процестерін мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 452-12
452-12) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 452-13
452-13) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасының жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 452-14
452-14) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасының әкімшісін айқындау;
Тармақша 452-15
452-15) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобаларының үлгілік конкурстық құжаттамасын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 452-16
452-16) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 452-17
452-17) бірыңғай есеп айырысу орталығының жұмыс істеу талаптары мен тәртібін айқындау;
Тармақша 453
453) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту; 453-1) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 453-2) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 453-3) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 453-4) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 453-5) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 453-6) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 453-7) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 453-8) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 453-9) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 453-10) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 454
454) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, келісуді, бекітуді, тіркеуді және қолданысқа енгізуді (қолданысын тоқтата тұруды, олардың күшін жоюды) ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 455
455) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту; 455-1) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 455-2) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 455-3) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 455-4) 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 456
456) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесін, бірыңғай төлем құжатына қойылатын талаптарды және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 457
457) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларын және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанын, сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 458
458) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын және пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 459
459) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 460
460) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тексеру парақтарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 461
Тармақша 462
462) тұрғынжайды жалдаудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 463
463) кәсіптік стандарттарды, салалық біліктілік шеңберлерін, кадрлар даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі мамандарды сертификаттау, олардың біліктілігін растау және арттыру жүйесін құруға қатысу;
Тармақша 464
464) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 465
465) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 466
466) кондоминиум объектісін басқарудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 467
Тармақша 468
468) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 469
469) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 470
470) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 471
471) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобалар мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 472
472) құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 473
473) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 474
474) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 475
475) ғимараттар мен құрылыстардың беріктігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 476
476) сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогін қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 477
477) объектілер құрылысы жобасын басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету тәртібін және жобаларды басқару бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 478
478) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 478-1
478-1) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 478-2
478-2) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімін жүргізу;
Тармақша 478-3
478-3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдануды айқындау;
Тармақша 479
479) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 480
480) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың беріктігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 481
481) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 481-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 482
482) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын өткізу бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 482-1
482-1) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы саласында әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 482-2
482-2) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 483
Тармақша 484
484) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін әзірлеу және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 484-1
484-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 485
485) екінші деңгейдегі банктер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін әзірлеу және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 486
486) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту;
Тармақша 486-1
486-1) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының кәріздік тазарту құрылысжайларын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыруға тартылған облигациялық қарыздарды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 487
Тармақша 488
488) «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 489
489) инженерлік-геологиялық іздестіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 490
490) қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту; 490-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 490-2) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 491
491) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік монополия субьектілерінің өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;
Тармақша 492
492) ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 492-1
492-1) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспарларын әзірлеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 492-2
492-2) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде техникалық аудит жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 492-3
492-3) елді мекендердегі нөсерлі кәріз (дренаж) жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту;
Тармақша 493
493) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 494
494) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 494-1
494-1) екінші деңгейдегі банктер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 494-2
494-2) Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына есепке қою қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 494-3
494-3) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 494-4
494-4) тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 494-5
494-5) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 494-6
494-6) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тәртібін әзірлеу және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 494-7
494-7) кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 495
495) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлерімен және әскери құралымдарымен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 495-1
495-1) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысу;
Тармақша 495-2
495-2) аумақтық қорғаныс объектілері бар болса, оларды күзету мен қорғауды аумақтық қорғаныс күштерімен өзара іс-қимыл жасай отырып ұйымдастыру;
Тармақша 495-3
495-3) эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу;
Тармақша 495-4
495-4) жұмылдыру тапсырмасы негізінде арнаулы құралымдар құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 495-5
495-5) аумақтық қорғаныс объектілері бар болса, олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 496
496) мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың қажетті түрлерімен қамтамасыз етуді ағымдағы және перспективалы жоспарлауды ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 497
497) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 498
Тармақша 499
Тармақша 500
500) қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 501
501) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шешімдерін қабылдау және тәртібін айқындау;
Тармақша 502
502) мемлекеттік білім беру тапсырысына қосу үшін қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары жүргізетін білікті кадр ресурстарына ағымдағы және перспективалы қажеттіліктердің мониторингін ескере отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтардың тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру;
Тармақша 503
503) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 504
504) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 505
505) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 506
506) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 507
507) қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 508
508) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 509
509) пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 509-1
509-1) оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерінің өндірістік қызметін ұйымдастыру, осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті және оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерін күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 510
510) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылмайтын мүлікке билік ету және пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу және пайдаланылмайтын мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу төлеміне беру туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 511
511) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 511-1
511-1) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісім бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 511-2
511-2) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 511-3
511-3) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттарды әзірлеу;
Тармақша 511-4
511-4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттар жөніндегі сараптама кеңестерін құру, мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша олардың ережелері мен құрамдарын бекіту;
Тармақша 511-5
Тармақша 511-6
Тармақша 511-7
511-7) әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, өзгерту, жою және есепке алуды жүргізу;
Тармақша 512
512) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту, олардың күшін жою, тоқтата тұру, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
Тармақша 513
513) техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер құру;
Тармақша 514
514) техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердің құрамын және олар туралы ережені бекіту; 514-1) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 514-2) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 514-3) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 514-4) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 514-5) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 514-6) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 514-7) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 514-8) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 514-9) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен. 514-10) 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 14.04.2026 № 270 қаулысымен.
Тармақша 515
515) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 516
516) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізу, қолдану тәртібін айқындау, сондай-ақ олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 517
517) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін, сондай-ақ оларды құру және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 518
518) аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 519
519) өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның ұлттық жүйелерін дамытуға, оның ішінде өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның халықаралық жүйелеріне қатысу шеңберінде жәрдемдесу;
Тармақша 520
520) Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын айқындау;
Тармақша 521
521) бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы жасалған келісімнің орындалу мониторингін жүргізу;
Тармақша 522
522) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын қолдану арқылы жәрдем көрсету;
Тармақша 523
523) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.09.2025 № 771 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 524
524) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.09.2025 № 771 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 525
525) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге деген қажеттіліктері туралы ақпарат жинауды жүзеге асыру және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүзеге асыру үшін ғылыми ұйымдарды тарту мақсатында ғылым саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру үшін жіберу;
Тармақша 526
526) әлеуетті инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында оларды іздестіру және олармен келіссөздер жүргізу;
Тармақша 527
527) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға тарту;
Тармақша 528
528) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдегі мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпарат тарату;
Тармақша 529
529) жұмыс істеп жүрген инвесторларды қайта инвестициялауды жүзеге асыруға ынталандыру;
Тармақша 530
530) бірлескен өндірістерді құру үшін инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту;
Тармақша 531
531) көміртегі ізін төмендету жөнінде шаралар қолдану, олар мынадай бағыттарды қамтуы мүмкін: осындай тауарлардың өндірісін кеңейту, тауарларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды ынталандыру, оларды пайдалану тартымдылығын арттыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар;
Тармақша 532
532) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 533
533) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;
Тармақша 534
534) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;
Тармақша 535
535) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 536
536) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
Тармақша 537
537) өз құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
Тармақша 538
538) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 539
539) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
Тармақша 540
540) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
Тармақша 541
541) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 542
542) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;
Тармақша 543
543) мемлекеттік монополия және арнайы құқық субъектілері өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;
Тармақша 544
544) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Министрлікке басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бірінші басшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары (вице-министрлер) болады.
Тармақ 19
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;
Тармақша 2
2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 3
3) вице-министрлердің біріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына және Үкімет Аппаратының Басшысына жолданатын құжаттарға қол қою жөніндегі өкілеттіктерді жүктейді;
Тармақша 4
4) аппарат басшысымен келісу бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
Тармақша 5
5) ведомстволар актілерінің қолданылуын толық немесе ішінара жояды немесе тоқтата тұрады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
Тармақша 8
8) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қолбелгі қояды;
Тармақша 9
9) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Министр болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Министрліктің мүлкі
4-тарау. Министрліктің мүлкі
Тармақ 22
22. Заңнамада көзделген жағдайларда Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25. Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Министрлік:
Тармақша 1
1) «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 3
3) «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы. 4) «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті: акционерлік қоғамдар:
Тармақша 1
1) «Ұлттық энергия үнемдеу орталығы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; республикалық мемлекеттік кәсіпорындар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті: республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; акционерлік қоғамдар:
Тармақша 1
1) «Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 4
Тармақ 5. Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
5. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті: «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы. Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Орталыққазжерқойнауы» Орталық Қазақстан өңіраралық геология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі. ___________________________________
Басқа 1. Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне және оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына қосымша Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне және оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Акционерлік қоғамдар: «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы; «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы; «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Акционерлік қоғамдар: «Ұлттық энергия үнемдеу орталығы» акционерлік қоғамы. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер: «Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Акционерлік қоғамдар: «Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты» акционерлік қоғамы; «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті Акционерлік қоғамдар: «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы. ____________________________