О создании государственного учреждения "Чарынский государственный национальный природный парк" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесін құру туралы Ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және рекреациялық құндылығы бар Алматы облысының бірегей табиғи кешендерін сақтау әрі қалпына келтіру мен оларды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
Тармақ 2
2. Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарының аумағындағы мынадай санаттардағы жерлерден жалпы ауданы 93150 гектар жер учаскелері: жер қорынан - жалпы ауданы 88136 гектар жер учаскелері; орман қоры жерлерінен - Ұйғыр мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінен жалпы ауданы 5014 гектар жер учаскелері алынсын және олар қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығымен Мекемеге берілсін. Көрсетілген жер учаскелері жер қоры және орман қоры жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта орналасқан ормандар "табиғаттың мемлекеттік орман ескерткіштері" санатына жатқызылсын.
Тармақ 3
3. Алматы облысының әкімдігі Мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен жергілікті жерде Мекеме жерлерінің шекарасын белгілесін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Мекемені қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға республикалық бюджетте көзделетін сомалар есебінен және солардың шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 7
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 11. Алматы облысының аумағында құрылатын Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 ақпандағы N 213 қаулысына қосымша Алматы облысының аумағында құрылатын Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы __________________________________________________________________ Р/с|             Жерлер санаты және ауыл            | Көлемі,  N |              шаруашылығы алқаптары             |   га __________________________________________________________________ 1. Еңбекшіқазақ ауданы -    жер қорынан (жайылымдар)                           12730 2. Райымбек ауданы -    жер қорынан (жайылымдар)                           10420 3. Ұйғыр ауданы -    1) жер қорынан (жайылымдар)                        64986    2) орман қорының жерлері (Ұйғыр ормандар    мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі    мемлекеттік мекемесі)                               5014    оның ішінде: Шарын орманшылығы                      5014                                 жиыны:                70000                               Барлығы                 93150 __________________________________________________________________