Об утверждении Положения Республиканского государственного учреждения «Комитет промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 қазандағы № 561 бұйрығының;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 183 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кейбір бұйрықтары тізбесінің 6-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Бұйрықпен бекітілді «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады және өз құзыреті шегінде өнеркәсіп: тау-кен металлургия кешені; машина жасау; көмір, химия, жеңiл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi; құрылыс материалдарының өндiрiсi; машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi; салалық бағытына сәйкес химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; жекелеген қызмет және тауар түрлерін лицензиялау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар айналымы; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар салаларында басшылықты және реттелетін салаларда тауарларды таңбалау және қадағалау саласында жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Комитет заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері, функциялары
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері, функциялары
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптің: тау-кен металлургия, көмір, машина жасау, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі салаларын дамыту бойынша мемлекеттік ынталандаруды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 4
4) тау-кен және химия өндірістерін пайдалану, уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою және тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 6
6) реттелетін салалардағы тауарларды таңбалау және қадағалау саласында жалпы үйлестіруді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) Комитеттің құқықтары: өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу (есептер, материалдар); Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізу; жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарды (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізу; негізгі қызмет мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысын үйлестіру; Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан Министрліктің және Комитеттің бұйрықтары мен тапсырмаларының уақтылы және дәл орындалуын талап ету.
Тармақша 2
2) Комитеттің міндеттері: басқа мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер, ұсынымдар, нұсқаулар беру және тиісті шешімдер қабылдау; Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау; Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты әкімшілік-өкімдік және бақылау функцияларын орындау; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
Тармақша 2
2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
Тармақша 3
3) Комитеттің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, әзірлеуге қатысады және келіседі;
Тармақша 5
5) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді және құқықтарын жүзеге асырады, сондай-ақ Комитет құзыреті шегінде олардың міндеттемелерін басқа халықаралық шарттар қатысушыларының орындауына бақылау жүргізуге қатысады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 7
7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк жазалар қолданады;
Тармақша 9
9) реттеудің тиісті салаларында реттеушілік әсерді талдауды жүргізеді;
Тармақша 10
10) мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын тиісті салада (аяда) мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 11
11) реттеудің тиісті салаларында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді;
Тармақша 12
12) реттеудің тиісті салаларында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) мемлекеттік бақылау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қарайды және шешімдерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен қабылдайды;
Тармақша 17
17) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 18
18) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсынады;
Тармақша 19
19) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар жөніндегі мәліметтерді белгіленген тәртіпте, мерзімде және нысан бойынша салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
Тармақша 20
20) өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін әзірлейді;
Тармақша 21
21) импорты қосылған құн салығынан босатылатын пестицидтерді өндіру үшін химиялық заттардың (шикізаттың) тізбесін әзірлейді;
Тармақша 22
22) көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін қалыптастырады;
Тармақша 23
23) өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың құрамдастары тізбесін әзірлейді;
Тармақша 24
24) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 25
25) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды ынталандыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 26
26) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды өз құзыреті шегінде әзірлейді;
Тармақша 27
27) өз құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалдық талаптарды әзірлейді және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен келіседі;
Тармақша 28
28) тауарларды таңбалау мен оларды қадағалау қағидаларын өз құзыреті шегінде әзірлейді;
Тармақша 29
29) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануын өз құзыреті шегінде заңнамамен бекітілген тәртіпте жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) таңбалау мен қадағалануды енгізудің орындылығына талдау жасай отырып, жекелеген тауар топтарын таңбалау мен олардың қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары бойынша тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша уәкілетті органға таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың тізбесіне қосу туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 31
31) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға реттеушілік әсер етуге талдау өз құзыреті шегінде жүргізеді;
Тармақша 32
32) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымына қатысушылардың тізілімдерін өз құзыреті шегінде жүргізеді;
Тармақша 33
33) өз құзыреті шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 34
34) өз құзыреті шегінде тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін әзірлейді;
Тармақша 35
35) тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары мен нысанын өз құзыреті шегінде әзірлейді;
Тармақша 36
36) тауарлардың нысаналы мақсатын растауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 37
37) тауардың нысаналы мақсатына растама беруді жүзеге асырады;
Тармақша 38
38) жекелеген тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын өз құзыреті шегінде әзірлейді;
Тармақша 39
39) айрықша лицензия беруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 40
40) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіру салалық бағыттылығына сәйкес жүзеге асырады;
Тармақша 41
41) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 42
42) химиялық өнімнің қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
Тармақша 43
43) өз құзыреті шегінде техникалық регламенттерді әзірлейді;
Тармақша 44
44) химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін әзірлейді;
Тармақша 45
45) химиялық өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуді жүзеге асырады және оның есебін жүргізеді;
Тармақша 46
46) химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік береді;
Тармақша 47
47) салалық бағыттылығына сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласында басшылықты және мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 48
48) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 49
49) машиналар мен жабдықтардың сәйкестігін растау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасы атынан өкілдік етеді;
Тармақша 50
50) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 51
51) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді немесе келіседі;
Тармақша 52
52) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 53
53) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 54
54) мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 55
55) мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру тәртiбiн әзірлейді;
Тармақша 56
56) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынатын ақпаратты ұсынудан бас тартқан, толық емес және (немесе) анық емес ақпарат беретін Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпаратты, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша қорытындысы және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жоқ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның мың бес жүз және одан да көп тоннасына барабар көлемде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпаратты қарастырады және оған талдау жүргізеді;
Тармақша 57
57) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынатын энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның мың бес жүз және одан да көп тоннасына барабар көлемде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының тиімділігіне бағалау мен талдау туралы жиынтық ақпарат қарастырады және оған талдау жүргізеді;
Тармақша 58
58) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүзеге асыратын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іске асырылған іс-шаралардың тиімділігіне бағалау мен талдау туралы жиынтық ақпаратты қарастырады және оған талдау жүргізеді;
Тармақша 59
59) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 60
60) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Тармақша 61
61) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін әзірлейді;
Тармақша 62
62) энергия тұтынудың нормативтерін, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін әзірлейді;
Тармақша 63
63) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындауға қатысады;
Тармақша 64
64) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін әзірлейді;
Тармақша 65
65) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен ұсынатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есептерін қарастырады және оған талдау жүргізеді;
Тармақша 66
66) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бағалау жүргізеді;
Тармақша 67
67) жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды дайындайды;
Тармақша 68
68) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды әзірлейді;
Тармақша 69
69) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды әзірлейді;
Тармақша 70
70) жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды әзірлейді;
Тармақша 71
71) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 72
72) энергия аудитін жүргізу тәртібін әзірлейді және әзірлейді;
Тармақша 73
73) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды әзірлейді;
Тармақша 74
74) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлейді;
Тармақша 75
75) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн әзірлейді;
Тармақша 76
76) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін әзірлейді;
Тармақша 77
77) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырады, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде орталық уәкілетті органдар ұсынатын есептерге талдау жүргізеді;
Тармақша 78
78) энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлейді;
Тармақша 79
79) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 80
80) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынатын мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі бойынша талдамалық есебін қарастырады және оған талдау жүргізеді;
Тармақша 81
81) жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды әзірлейді;
Тармақша 82
82) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын әзірлейді;
Тармақша 83
83) мемлекеттік энергетикалық тізілімнің энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне, энергия аудиті қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейін жыл сайын азайтуды қамтамасыз етпеген субъектілерінің, оның ішінде энергия тұтынудың нормативтерін сақтамайтын мемлекеттік мекемелерді қамтитын тізбесін қалыптастырады және өзінің интернет ресурсында орналастырады;
Тармақша 84
84) энергия тиімділігі картасын қалыптастыруды, жүргізуді және іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізуді үйлестіреді;
Тармақша 85
85) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 86
86) энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін әзірлейді;
Тармақша 87
87) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін әзірлейді;
Тармақша 88
88) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын әзірлейді;
Тармақша 89
89) энергия аудиторына кандидаттарды аттестаттауды жүргізеді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын береді;
Тармақша 90
90) энергия аудиторларының тізілімін жүргізеді;
Тармақша 91
91) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын әзірлейді;
Тармақша 92
92) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді;
Тармақша 93
93) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды әзірлейді;
Тармақша 94
94) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 95
95) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізеді;
Тармақша 96
96) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды сақтамайтын тапсырыс берушілерге тиісті ұсынымдар жібереді;
Тармақша 97
97) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және оны өзектендіруді жүргізеді;
Тармақша 98
98) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды әзірлейді;
Тармақша 99
99) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді әзірлейді;
Тармақша 100
100) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен және энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісімен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы келісім жасасады;
Тармақша 101
101) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын әзірлейді;
Тармақша 102
102) энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін әзірлейді;
Тармақша 103
103) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу тәртібін әзірлейді;
Тармақша 104
104) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынатын энергия аудитін талдау нәтижелері туралы қорытындыны қарастырады және оған талдау жүргізеді;
Тармақша 105
105) жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын және Қазақстан Республикасында энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдауды және болжамдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 106
106) энергия аудиторларына арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді;
Тармақша 107
107) көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 108
108) электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру бөлігінде Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді іске асырады;
Тармақша 109
109) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеуді, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (ұйымдардың) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігін қалыптастырады және жүргізеді;
Тармақша 110
110) электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну әзірлейді;
Тармақша 111
111) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеу, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу жөніндегі өкілеттіктерді ұйымдарға беру туралы немесе өкілеттіктерді беруден бас тарту туралы қорытынды беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді;
Тармақша 112
112) ұйымдардың көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеу, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу бойынша өкілеттіктер беру туралы өтініштерін қарайды;
Тармақша 113
113) көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды әзірлейді;
Тармақша 114
114) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын өз құзыреті шегінде әзірлейді және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
Тармақша 115
115) біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлейді және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
Тармақша 116
116) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын өз құзыреті шегінде әзірлейді әрі рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
Тармақша 117
117) рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлейді және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
Тармақша 118
118) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын өз құзыреті шегінде әзірлейді және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
Тармақша 119
119) рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын өз құзыреті шегінде әзірлейді және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
Тармақша 120
120) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша олардың нақты қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға арналған рұқсаттарды алу қажеттігі немесе алу қажеттігінің жоқтығы туралы өз құзыреті шегінде қорытынды береді;
Тармақша 121
121) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін өз құзыреті шегінде белгілейді;
Тармақша 122
122) лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 123
123) рұқсаттық бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 124
124) рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 125
125) мемлекеттік органдарға өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде өз құзыреті шегінде рұқсат беруді келісу туралы сауал жібереді;
Тармақша 126
126) хабарламаларды қабылдауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 127
127) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін өз құзыреті шегінде жүргізеді;
Тармақша 128
128) хабарлама жасау тәртібін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 129
129) бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 130
130) бағалы металдарды өндіру, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 131
131) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 132
132) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 133
133) Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 134
134) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 135
135) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 136
136) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 137
137) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде тауардың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін беруді жүзеге асырады;
Тармақша 138
138) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде тауардың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін беруді жүзеге асырады;
Тармақша 139
139) «Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 140
140) «Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 141
141) «Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдары қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 142
142) «Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда) бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 143
143) «Минералдық шикізатты кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу рәсіміне орналастыруға қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 144
144) тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты; Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытындыны; Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындыны; Кимберлий процесінің сертификатын беруді жүзеге асырады;
Тармақша 145
145) өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасының сертификат нысанын әзірлейді;
Тармақша 146
146) сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 147
147) атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 148
148) уәкілетті ұйым ұсынатын тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді қарастырады және оған талдау жүргізеді;
Тармақша 149
149) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына нормативтік құжаттарды әзірлейді;
Тармақша 150
150) қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растайды;
Тармақша 151
151) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 152
152) бағалы металдар өндірісінің субъектілері ұсынатын құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың жеке-дара технологиялық мүмкіндіктері туралы мәліметтерді қарастырады және оған талдау жүргізеді;
Тармақша 153
153) шикізат тауарларының түрлері бойынша жеке-дара технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітетін тізбедегі әрбір бағалы металдарды өндіру субъектісі үшін құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін әзірлейді;
Тармақша 154
154) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 155
155) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастырады;
Тармақша 156
156) аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 157
157) аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу жөніндегі ақпаратты қалыптастырады;
Тармақша 158
158) сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларын және оның нысанын әзірлейді;
Тармақша 159
159) уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындауға қатысады;
Тармақша 160
160) бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттарды әзірлейді;
Тармақша 161
161) Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуді жүргізуге ниетті тұлғаларға бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартудың бар екені туралы растаманы ұсынады;
Тармақша 162
162) бірыңғай индустрияландыру картасы бойынша жалпы үйлестіруді өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып жүзеге асырады;
Тармақша 163
163) жауапты мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын бірыңғай индустрияландыру картасы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларының іске асырылу барысы туралы ақпаратты қарастырады және оған талдау жүргізеді;
Тармақша 164
164) бірыңғай индустрияландыру картасын әзірлейді және бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген жобалар бойынша ақпаратты өзектендіруді жүзеге асырады;
Тармақша 165
165) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 166
166) Бірыңғай индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб отырысында қаралатын бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу туралы ұсыныстар бар өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жалпы жинақтауды жүзеге асырады;
Тармақша 167
167) бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін әзірлейді;
Тармақша 168
168) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 169
169) еңбек өнімділігін арттыруда өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға қатысады;
Тармақша 170
170) өнеркәсіптік даму саласындағы ұлттық даму институтының ұсынатын мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы есебін қарастырады және оған талдау жүргізеді;
Тармақша 171
171) құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 172
172) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді;
Тармақша 173
173) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді;
Тармақша 174
174) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді;
Тармақша 175
175) өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникасын, көлік құралдарын, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу бойынша өтініштерін қарастырады;
Тармақша 176
176) жасалған ауыл шаруашылығы техникасын, көлік құралдарын, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерді есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 177
177) Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің және Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін көлік құралына көлік құралдарын өндіру кезінде бұйымдар мен құрауыштарды, сондай-ақ көлік құралдарын құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды және өзге де талаптарды қолдануды бағалауды жүргізеді;
Тармақша 178
178) өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 179
179) өнеркәсіптік гранттарды ұсынуға қатысады;
Тармақша 180
180) өнеркәсіптік грант беру туралы немесе оны өтініш берушіге беруден бас тарту туралы өнеркәсіптік гранттар беру жөніндегі сараптамалық Комиссияның шешімін келіседі;
Тармақша 181
181) өнеркәсіптік гранттар беруді ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 182
182) басым тауарлар тізбесін әзірлейді;
Тармақша 183
183) басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалау әдістемесін әзірлейді;
Тармақша 184
184) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді;
Тармақша 185
185) тұрақты негізде отандық шикізатты ұсынуға өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 186
186) отандық шикізатты беруге арналған өтінімді қарайды;
Тармақша 187
187) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісімен және отандық шикізатты өндірушімен өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім жасасады;
Тармақша 188
188) өндірушінің өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісімен жасалған шикізатты жеткізу және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім бойынша алынған отандық шикізатты нысаналы пайдалану жөніндегі шарттарды орындауына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 189
189) түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті реттеуді: түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды әзірлеу; түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сатып алынған және өткізілген сынығы мен қалдықтары туралы есептілігінің нысанын және оны ұсыну мерзімдерін әзірлеу арқылы жүзеге асырады;
Тармақша 190
190) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен берілетін қаражат шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетіктерін әзірлейді;
Тармақша 191
191) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау бойынша ұсыныстарды қалыптастырады;
Тармақша 192
192) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне тартуға жәрдем көрсетеді, оның ішінде дуальды оқыту туралы үшжақты шарттар жасасуға жәрдемдеседі;
Тармақша 193
193) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге деген қажеттіліктері туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады;
Тармақша 194
194) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 195
195) құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді бақылайды;
Тармақша 196
196) мыналарды: өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларын және біліктілік талаптарын; Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарын; өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын; эксаумақтық кері экспортқа рұқсат беру қағидалары мен біліктілік талаптарын; импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын; өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын, оларды қолдану тәртібін; эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру қағидаларын және біліктілік талаптарын, уәкілетті органның эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету және олардың тізімін жүргізу тәртібін; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіруді жүргізу қағидаларын; өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін жүргізу қағидаларын; бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттарын; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін құру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды; бақылау тізімін; уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін әзірлейді;
Тармақша 197
197) мыналарды: өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия (өзіндік ерекшелігі бар тауарлар экспортына лицензия, қосарланған мақсаттағы тауарлар немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар экспортына жалпы лицензия, өзіндік ерекшелігі бар тауарлар импортына лицензия); өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат; эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат; эксаумақтық кері экспортқа рұқсат; импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат; Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын; Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беруді жүзеге асырады;
Тармақша 198
198) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 199
199) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 200
200) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 201
201) эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының тізімін жүргізеді;
Тармақша 202
202) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұрады немесе тоқтатады;
Тармақша 203
203) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде тәуекелдерді бағалауды жүргізеді;
Тармақша 204
204) қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензияларды орындау жөніндегі құжаттарды қарастырады және оған талдау жүргізеді;
Тармақша 205
205) алушы елдің кепілдік міндеттемесінің төлнұсқалығын уәкілетті орган айқындаған жағдайларда айқындайды;
Тармақша 206
206) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйелерін құруға жәрдемдеседі және оларға қажетті ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 207
207) өзінің интернет-ресурсында эксаумақтық делдалдық қызметтер мен техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының тізімін, Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға жол берген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының және шетелдік тұлғалардың тізімдерін орналастырады;
Тармақша 208
208) «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 209
209) жеңіл, тау-кен металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беруді жүзеге асырады;
Тармақша 210
210) тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды беруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 211
211) «Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 212
212) тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беруді жүзеге асырады;
Тармақша 213
213) «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 214
214) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді жүзеге асырады;
Тармақша 215
215) «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 216
216) үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беруді жүзеге асырады;
Тармақша 217
217) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық өз құзыреті шегінде біліктілік шеңберлерін әзірлеуді және (немесе) жаңартуды жүзеге асырады;
Тармақша 218
218) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өз құзыреті шегінде кәсіптік стандарттарды әзірлеуді және (немесе) жаңартуды жүзеге асырады;
Тармақша 219
219) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 220
220) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 221
221) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырады;
Тармақша 222
222) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 223
223) уәкілетті орган бекіткен, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде өз құзыреті шегінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 224
224) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақша 225
225) арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу және бұзу саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Тармақша 226
226) арнайы инвестициялық келісімшартты дайындауды іске асырады;
Тармақша 227
227) арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу, тіркеу бойынша рәсімдерді іске асырады және мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе аумақтық органының қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе аумақтық органының қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты Төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет Төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Комитет туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министріне бекітуге енгізеді;
Тармақша 2
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, Комитеттің жұмыс жоспарын, Комитеттің жұмыс регламентін бекітеді;
Тармақша 3
3) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды және бекітеді;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 5
5) Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
Тармақша 6
6) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
Тармақша 7
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 9
9) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар не сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің туындауына ықпал ететін іс-әрекеттер тіркелген жағдайларда, бұл туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;
Тармақша 10
10) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Комитетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
Тармақша 12
12) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына және Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметтің жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;
Тармақша 13
13) ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылтай құжаттарын, даму жоспарларын, жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
Тармақша 14
14) демалыстар, сыйлықақы беру бойынша бұйрықтарға, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларына қол қояды;
Тармақша 15
15) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары басшылығының іссапарларын келіседі;
Тармақша 16
16) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;
Тармақша 17
17) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) комитеттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, персоналды басқару қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
Тармақша 19
19) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе аумақтық органының мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе аумақтық органының мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24. Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақша 1
1) «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 4
4) «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 5
5) «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.