Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Байганинском районе Қолданыста
Басқа 0
Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
Байғанин аудандық мәслихаттың
2023 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 54 шешіміне қосымша
Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бе кіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорациясы) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі-ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ, атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті мемлекеттік орган) – әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын, «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 6
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 7
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
Тармақша 8
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 9
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
Тармақша 10
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 11
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
Тармақша 12
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
Тармақша 13
13) цифрлық құжаттар сервисі – «цифрлық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және цифрлық объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
Тармақша 14
14) «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесі» дегенді білдіретін цифрлық объектісі.
Тармақша 15
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың 7 тармағының соңғы абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалар Байғанин ауданында тұрақты тіркелген және тұратын адамдарға қолданылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12
-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек бір рет мереке күндеріне табыстарын есепке алмай ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 1272 (бір мың екі жүз жетпіс екі) айлық есептiк көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;
- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 90 (тоқсан) АЕК мөлшерiнде;
- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне - 90 (тоқсан) АЕК мөлшерiнде;
- Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға, осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасының 6 абзацында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда - 39 (отыз тоғыз) АЕК мөлшерiнде;
- 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 90 (тоқсан) АЕК мөлшерiнде;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – бұрынғы КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 39 (отыз тоғыз) АЕК мөлшерiнде;
- 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 39 (отыз тоғыз) АЕК мөлшерiнде;
- қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 39 (отыз тоғыз) АЕК мөлшерiнде;
- Ауғанстанда әскери қызметiн өткергеннен кейін қайтыс болған әскери қызметшiлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 39 (отыз тоғыз) АЕК мөлшерiнде;
Тармақша 2
2) 25 қазан – Республика күніне орай:
осы тармақшаның соңғы абзацында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектігі бар адамдарға - 13 (он үш) АЕК мөлшерінде;
- жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға - 26 (жиырма алты) АЕК мөлшерінде;
Тармақша 3
3) 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға - 60 (алпыс) АЕК мөлшерiнде.
Азаматтардың жекелеген санаттарының әр түрлі мереке күндеріне (санатына қарай) әлеуметтік көмекке құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі (көлемі бойынша үлкені) көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
Тармақша 2
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;
Тармақша 4
4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Азаматтың (отбасының) табысын есептемегенде әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі:
Тармақша 1
1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі бойынша, осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей – 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
Тармақша 2
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі бойынша, осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей – 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек жылына бір рет азаматтың (отбасының) өтініш берген сәттің алдындағы тоқсанда республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 «Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21263 болып тіркелген) бекітілген тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес әлеуметтік мәні бар сырқаттың бірінен зардап шегетін тұлғаларға - 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;
Тізбе бойынша әлеуметтік көмек бір тұлғаға бір сырқат бойынша жылына бір рет көрсетіледі.
Тармақша 2
2) Азаматқа (отбасына) жан басына шаққандағы орташа табыстары республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күн көріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда - 30 (отыз) АЕК мөлшерінде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасының орташа табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №181 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32609 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.
Отбасының құрамы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісіне есептеу Қағидаларының 10-тармағына сәйкес белгіленеді.
Отбасының жанбасына шаққандағы орташа кірісіне септеу кезеңіндегі (өткен тоқсан) отбасының жиынтық кірісі көрсетілген кезеңдегі айлардың санына (үш ай) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі.
Тармақ 11
11. Бір мезгілде әлеуметтік көмектің бірнеше түрін алуға құқығы бар отбасыға (тұлғаларға) әлеуметтік көмектің бір түрі тағайындалады. Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 13
13. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО айқындайды.
Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
Тармақ 14
14. Осы Қағидалардың 7 – тармағында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167 – бабына сәйкес берілген сенім хат бойынша өкілі) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға Үлгілік қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе үлгілік Қағидаларға 1-1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі мен мерзімдері, әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту, тоқтату, қайтару және төлем жасау негіздері Үлгілік қағидалардың 3-тарауына сәйкес айқындалады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Байғанин ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.