Об установлении карантина Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Карантин белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 31,37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Занының 10-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 2 қазандағы №5-2/442 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсақ мүйізді қара малдарының арасында күл ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының «Садовое» тұрғын үй алабына қарасты, Батысқа қарай жолда Қарғалы өзенінен 3 км қашықтықта орналасқан жазғы жайылымдағы отарлар аумағында карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны оның алғашқы ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.