О расширении категории получателей услуг инватакси Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабына, «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осакаров ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаты келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:
Тармақша 1
1) 1 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 2
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 3
3) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 4
4) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 5
5) Даун синдромы бар мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 6
6) церебралды параличі бар мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 7
7) ақыл-ойдың бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар.
Тармақ 2
2. Осакаров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 46/01 «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28466 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.