Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Государства Катар о создании совместной комиссии на высоком уровне Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Жоғары деңгейдегі бірлескен комиссия құру туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1998 жылғы 23 мамырда Доха қаласында қол қойылған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Жоғары
деңгейдегі бірлескен комиссия құру туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Катар Мемлекеті Үкіметі
расында жоғары деңгейдегі бірлескен комиссияны құру туралы
Келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі
достық қарым-қатынастарды нығайту және күшейтудегі өз мүдделерін жүзеге
асыру әрі өздерінің ортақ мақсаттарының орындалуы үшін барлық салалардағы
екі жақты ынтымақтастықты көтермелеу жолында төмендегілер жөнінде
уағдаласты:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Олардың достас халықтарының ортақ мүдделеріне қызмет етуге арналған салалардың барлығында екі ел арасындағы қарым-қатынастарды ынталандыру үшін Жоғары деңгейдегі Қазақстан-Катар Бірлескен Комиссиясы құрылсын.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Жоғары деңгейдегі Бірлескен Комиссияға төмендегідей функциялар жүктелетін болады:
Тармақ 1
1. Барлық салаларда, атап айтқанда, экономика, сауда, мәдениет, ғылыми-техника, ақпарат және білім салаларында екі ел арасындағы қарым-қатынастарды ынталандыру үшін негіз қалау.
Тармақ 2
2. Екі ел арасындағы келісімдердің қолданылуын қадағалау және оларды
қолдануға қарсылық туғызатын кез келген кедергі болған жағдайда соларды
қарау.
3. Ақпаратпен және тәжірибемен алмасуға жәрдемдесу әрі екі жақты
ынтымақтастықты ынталандыру үшін келіссөздерді көтермелеу.
4. Екі Тарап оларды құру туралы уағдаласа алатын мамандандырылған
комиссиялар үшін ынтымақтастықтың салаларын белгілеу.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Жоғары деңгейдегі Бірлескен Комиссияны екі ел сыртқы істер
Министрлері немесе олар тағайындаған адамдар басқаратын болады және екі
елдегі екі жақты ынтымақтастыққа қатысты секторлардың бәрінен өкілдері
кіретін болады.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Жоғары деңгейдегі Бірлескен Комиссия жыл сайын сессия шақыратын
болады. Кезектен тыс сессиялардың шақырылуы Тараптардың өзара келісуі
бойынша болады.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Қажет болған жағдайда Жоғары деңгейдегі Бірлескен Комиссия мандатпен
белгіленген ауқымда айқындалған функцияларды орындау үшін шағын
комиссияларды, тұрақты немесе уақытша жұмыс топтарын құра алады. Осы шағын
комиссиялар мен жұмыс топтарының ұсыныстары одар әрі мақұлдануы үшін
Жоғары деңгейдегі бірлескен Комиссияға табыс етілуге тиіс.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Әрбір кездесуінің күн тәртібі жобасы алдын ала дипломатиялық арналар
бойынша екі Тараппен келісілуге тиіс. Күн тәртібінің жобасы кездесудің
ашылуында мақұлдануы үшін Жоғары деңгейдегі Бірлескен Комиссияға табыс
етілуі тиіс.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Осы Келісімді, қажет болған жағдайда, екі тарап консультациялар
жолымен толықтыруы мүмкін.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Осы Келісім оған қол қойылған күннен бастап уақытша, ал екі Тарап
бекіту туралы хаттармен алмасқаннан кейін тұрақты қолданыста болады.
Келісім Тараптардың бірі екіншісіне жазбаша нысанда оның қолданысы
тоқтатылатын күнге дейін 6 айдан кешіктірмей бұрын оның қолданысы тоқтату
тілегі туралы хабарлағанша шектеусіз уақытша қолданыста болады.
Осы Келісім Доха қаласында 1998 жылғы "___" мамырда екі данада қазақ,
араб және ағылшын тілдерінде қол қойылды, сондай-ақ барлық мәтіндердің
күші бірдей. Сонымен бірге ағылшын тіліндегі мәтін негізгі болып саналады.
Үкіметі үшін Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін Катар Мемлекетінің