О созданиии экспертного совета по вопросам инновационного развития области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың инновациялық даму мәселелері жөніндегі сараптау кеңесін құру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына және "Инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін қалыптастыру және аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы №66 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Консультативті-кеңестік орган - облыстын инновациялық даму мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесі құрылсын, қосымшаға сәйкес дербес құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы бекітуіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Сараптау кеңесі туралы қоса берілген Ереже бекітілсін. Келісілді: Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінің бастығы Сейдімбеков Е.А.
Басқа 3
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 7 қаулысымен бекітілген "Облыстың инновациялық даму мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесін құру туралы" Облыстың инновациялық даму мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Сараптау кеңесі (әрі қарай - Кеңес) облыстың инновациялық даму мәселелерін іске асыру үшін, облыс әкімдігі жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес келісімді ғылыми-техникалық саясатты жүргізуде және бірінші кезекте инновациялық қызметті қолдауда тұрақты облыс дамуының жаңа экономикалық моделін түзуге ықпал етеді.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерімен, облыс әкімінің шешімдері және әкімдерімен, сондай-ақ берілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кеңестің және оның мүшелерінің қорытындылары ұсыныс сипатында болады.
Тарау 2. 2. Кеңестің функциялары мен міндеттері
2. Кеңестің функциялары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) өнеркәсіп және агроөнеркәсіп салаларына өнертапқыштар мен жаңалық табушылардың ұсыныстарын енгізу мақсатында ғылым және өндірістің интеграциялауына жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) инновациялық белгідегі масқатты басым бағдарламалар, жобалар, ғылыми идеялар және техникалық әзірлеулерді координациялық, қолдау және білікті баға беру;
Тармақша 3
3) өңірлік деңгейде бастапқы сараптама қорытынды және кредиттеу, инвестициялау мен өндіріске енгізу үшін ұсыныстар жасау болып табылады.
Тармақ 6
6. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) бәсекеге төтеп бере алатын, модернизациялауға, игеруге және жаңа әбден жетілген, мақсатқа сай технологияларды, жаңалықтарды, алдымен қысқа мерзімде коммерциялана алатын, өнім және қызметтің жаңа түрлерінің инновациялық даму міндеттерін іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) Солтүстік Қазақстанның, оның кәсіпорындарының, салаларының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемаларын шешу үшін, ғалымдардың өнертапқыштардың, оқушы жастардың шығармашылық әлеуетін, негізгі, ғылыми іздестіру зерттеулерімен тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды пайдалану;
Тармақша 3
3) инновациялық кәсіпкерлік қызметті ғылыми-техникалық және технологиялық қолдау, соның ішінде шағын және орта бизнестегі кең ғылымды кәсіпорындар құру;
Тармақша 4
4) жаңа идеяларды және ғылыми білімдерді әлеуметтік салаға және қоғамды басқару саласына енгізу;
Тармақша 5
5) "ноу-хау" бар санаткерлік меншіктегі ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратты құпиялығын қамтамасыз ету, болып табылады.
Тарау 3. 3. Кеңес жұмысының тәртібі мен ұйымдастырылуы
3. Кеңес жұмысының тәртібі мен ұйымдастырылуы
Тармақ 7
7. Кеңесті төраға, өнеркәсіптік және кәсіпкерліктің даму мәселелері жөніндегі облыстық атқарушы органдарының қызметін қадағалайтын облыс әкімінің орынбасары басқарады. Төрағаның орынбасары докторлық немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар, ғылыми және ғылыми-техникалық ортада жоғары беделі бар адамдар арасынан сайланады (тағайындалады).
Тармақ 8
8. Кеңес өз біліктілігі және қызмет түрі өңірдің ғылыми-техникалық дамуымен байланысты, ең білікті мамандардан (ғалым, конструктор, инженер, басқару саласындағы жұмысшылар, кәсіпкерлер) құралады.
Тармақ 9
9. Кеңес отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі, алайда кемінде тоқсанына бір рет.
Тармақ 10
10. Кеңестің тұрақты мүшелерінен басқа, жекелеген сараптамалық бақылау жүргізу үшін, жұмыстың нақты тақырыбына, сәйкес біліктілігі мен құзыреті сай мамандар тартылуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Жазбаша түрде құрылған және сараптаушылардың қолы қойылған қорытынды, мәжіліс хат ретінде белгіленіп, Кеңес отырысында (немесе төрағамен) қаралады және бекітіледі.
Басқа 26
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы "Облыстың инновациялық даму мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесін құру туралы" № 7 қаулысына қосымша Облыстың инновациялық дамуы жөніндегі Сараптау кеңесінің құрамы Развин Сергей Владимирович Эксперттік кеңестің төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Тукачев Александр Андреевич М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор (келісім бойынша) Вяткина Светлана Владимировна хатшы, облыс әкімінің индустрия және кәсіпкерлікті қолдау департаментінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бастығы Сараптау кеңесінің мүшелері Болатбаев Қазыбек Нілұлы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ғылыми зерттеу орталығының бастығы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент (келісім бойынша) Белецкая Наталья Петровна М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің профессоры география ғылымдарының кандидаты(келісім бойынша) Ыбраев Нияз Бастамұлы механизация және маркетинг жөніндегі Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және ұқсату департаменті бастығының орынбасары Кузлякин Александр Константинович "Молочный союз" АҚ-ның президенті, техника ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша) Меңжасов Қанат Смайлұлы Солтүстік Қазақстан мал шаруашылық және ветеринария ғылыми-зерттеу институтының директоры (келісім бойынша) Мерк Александр Андреевич экономика-техникалық білім беру кешенінің президенті, Қазақстан Республикасы Табиғи ғылым академиясының академигі Сейдімбеков Ернар Ақселеуұлы Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінің бастығы (келісім бойынша) Иванищев Александр Васильевич Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің индустрия және кәсіпкерлікті қолдау департаментінің бастығы Каширский Александр Владимирович "ПЗТМ" ААҚ бас инженері (келісім бойынша) Изгутдин Сағынтай Атымтайұлы "СҚО кәсіпкерлер одағы" ЗТБ вице-президенті (келісім бойынша) Терехина Зинаида Александровна "Мемлекеттік ғылыми-техникалық кітапхана" МКК Солтүстік Қазақстан филиал директоры (келісім бойынша) Жаворонков Виктор Павлович "Лига" ЖШС-нің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша) Жүкенбаев Жанат Серікбайұлы "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өңірлік технологиялық паркі" МКК директоры