О создании комиссии по прогнозированию потребности бюджетной сферы в квалифицированных рабочих и специалистах Күшін жойған
Басқа 0
Бюджеттік саланың білікті қызметкерлер мен мамандарға сұранысын болжау жөнінде комиссия құру туралы
"Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының 2004 жылғы 19 қаңатардағы №24-11/005-683 тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігі жанынан бюджеттік саланың білікті қызметкерлер мен мамандарға сұранысын болжау жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Бюджеттік саланың білікті қызметкерлер мен мамандарға сұранысын болжау жөніндегі комиссия туралы қоса берілген ереже бекітілсін.
Келісілген:
Солтүстік Қазақстан
университетінің ректоры
О. Әшімов
Солтүстік Қазақстан облысы
статистика басқармасының
бастығы
Қ. Жақыпо
Басқа 4
Облыс әкімдігінің
2004 жылғы 16 ақпандағы
№ 31 қаулысына қосымша
"Бюджеттік саланың білікті
қызметкерлер мен мамандарға сұранысын
болжау жөнінде комиссия құру туралы"
Бюджеттік саланың білікті қызметкерлер мен мамандарға сұранысын болжау жөніндегі комиссияның құрамы
Омаров Жаслан Ысқақұлы
Облыс әкімінің орынбасары-комиссияның төрағасы
Балтабаева Ғалия Қазезтайқызы
Еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы-комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әшімов Оңдасын Бәйкенұлы
Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры (келісім бойынша)
Воронцова Наталья Генадьевна
Денсаулық сақтау департаментінің бастығы
Денкенова Сайран Әбілқайырқызы
Білім департаментінің бастығы
Едрісов Дулат Мейрамұлы
Экономикалық даму департаментінің бастығы
Ушакова Надежда Анатольевна
Солтүстік Қазақстан облысы статистика басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Иванов Денис Олегович
Жастармен жұмыс жөніндегі облыстық комитетінің бастығы
Назмұтдинов Мәлік Ягофарұлы
Сәулет, құрылыс және әлеуметік инфрақұрылым департаментінің бастығы
Перепечина Ольга Валентиновна
Қаржы департаментінің бастығы
Сюникаев Рашид Абдоллұлы
Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары департаментінің бастығы
Таженов Бейсембі Ыдрысұлы
Индустрия және сауда департаментінің бастығы
Басқа 5
Облыс әкімдігінің
2004 жылғы 16 ақпандағы
№ 31 қаулысымен бекітілген
"Бюджеттік саланың білікті
қызметкерлер мен мамандарға сұранысын
болжау жөнінде комиссия құру туралы"
Бюджеттік саланың білікті қызметкерлер мен мамандарға сұранысын болжау жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Бюджеттік саланың білікті қызметкерлер мен мамандарға сұранысын болжау жөніндегі комиссия Солтүстік Қазақстан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңестік жұмыс органы болып табылады (бұдан әрі - Комиссия).
Тармақ 1.2
1.2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік актілерді, экономиканың жоғары білімді мамандарға болжамдық сұранысын анықтаудың әдістерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыєєа алады.
Тармақ 1.3
1.3. Комиссия өз жұмысын аудандар мен Петропавл қаласы әкімімен, облыстық салалық құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекетте жүзеге асырады.
Тармақ 1.4
1.4. Комиссия өкілеттілігі Солтүстік Қазақстан облысының барлық аумағына өзінің құзыреті шегінде таралады.
Тармақ 1.5
1.5. Комиссияның жұмыс органының функциялары Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiне жүктеледі.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаттары, міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның мақсаттары, міндеттері мен функциялары
Тармақ 2.1
2.1. Комиссия жұмысының мақсаты білікті қызметкерлер мен мамандарға сұраныстың болжамдық есептеулерін орындауды қамтамасыз ететін мемлекеттік барлық құрылымдар қызметін үйлестіру, негізгі бағыттарды, қызмет кезеңдері мен әрбір бағыт бойынша нақты орындаушыларды анықтау болып табылады.
Тармақ 2.2
2.2. Жоғары білімді мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар жасау.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметінің мазмұны
3. Комиссия қызметінің мазмұны
Тармақ 3.1
3.1. Мәжілістерді өткізуді қамтамасыз етеді, облыс экономикасының білікті кадрларға сұранысын зерделеу жөнінде ұсыныстарды және іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
Тармақ 3.2
3.2. Еңбек рыногындағы, білім беру ұйымдарының бар жүйесіндегі жағдайлар туралы ақпараттарды жинау, жинақтап қорыту және талдау, мамандықтар шегінде мамандар шығару, экономиканың басымдылық салаларын дамыту, экономиканың білікті қызметкерлер мен мамандарға сұранысын есептеуді зерделеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Тарау 4. 4. Комиссия құқы
4. Комиссия құқы
Тармақ 4.1
4.1. Мемлекеттік органдары, экономиканың нақты секторы кәсіпорындары басшыларынан, аудандар мен Петропавл қаласы әкімінен өз құзыреті шегінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға.
Тармақ 4.2
4.2. Осы жұмысқа статистика органдарын тартуға.
Тармақ 4.3
4.3. Экономиканың жоғары білімді мамандарға болжамдық сұранысын анықтау әдістерін қолдану жөнінде ұсыныстар енгізуге.
Тарау 5. 5. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5.1
5.1. Комиссияны Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 5.2
5.2. Комиссия мәжілісі қажет болған жағдайда өткізіледі.
Тармақ 5.3
5.3. Комиссия мәжілісі, егер оның жұмысында оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан кем болмайтын адам саны қатысса, онда өкілетті болып саналады.
Тармақ 5.4
5.4. Комиссия шешімі ұсыныстық сипатта болады.