Об установлении отдельных запретов в свободных таможенных зонах и на свободных складах Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еркін кеден аймақтары және еркін қоймаларға кейбір тыйым салуларды белгілеу туралы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі N 2368 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Еркін кеден аймақтарында және еркін қоймаларда алкогольді өнімдердің өндірісінде қолданылатын және еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар режимдерінде ресімделген тауарларды өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі N 2368 заң күші бар Жарлығына еркін кеден аймақтарында және еркін қоймаларда Қазақстан Республикасының Кеден заңдарында белгіленген өлшемдерге сәйкес жеткілікті өңделмеген тауарларды сатуға тыйым салуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізетін болсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.