О совете по координации индустриально-инновационной деятельности в области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыста индустриялық-инновациялық қызметтi үйлестiру жөнiндегi кеңес құру туралы Облыстық Мәслихаттың (III сайланған II сессиясы) 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 166/2 шешiмiмен (2004 жылғы 20 қаңтардағы МТН 2214) бекiтiлген облыстың индустриялық-инновациялық дамуының 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыста индустриялық-инновациялық қызметтi үйлестiру жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған облыста индустриялық-инновациялық қызметтi үйлестiру жөнiндегi Кеңестiң Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Кеңестiң дербес құрамы заңнамамен бекiтiлген тәртiпте облыстық Мәслихаттың бекiтуiне енгiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары В.З. Бочинге жүктелсiн.
Басқа 5. Облыста индустриялық-инновациялық қызметтi үйлестiру жөнiндегi кеңестiң ЕРЕЖЕСI
Облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 28 қаңтардағы "Облыста индустриялық-инновациялық қызметтi үйлестiру жөнiндегi кеңес туралы" № 36/2 қаулысымен бекiтiлген Облыста индустриялық-инновациялық қызметтi үйлестiру жөнiндегi кеңестiң ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыста индустриялық - инновациялық қызметтi үйлестiру жөнiндегi кеңес (бұдан әрi-Кеңес) облыс әкiмдiгi жанындағы консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады және облыстық Мәслихаттың (III сайланған II сессиясы) 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 166/2 шешiмiмен бекiтiлген облыстың индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру үшiн құрылды.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Кеңестiң жеке құрамын облыстық Мәслихат бекiтедi.
Тармақ 4
4. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
Тарау 2. 2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 5
5. Мыналар:
Тармақша 1
1) облыстың индустриялық-инновациялық дамуының негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 2
2) индустриялық-инновациялық дамудың басымдықты бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер, кадрларды даярлау және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) инновациялық инфрақұрылымды және инновациялық сала үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлаудың облыстық орталықтарын құру жөнiнде ұсынымдар дайындау Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
Тармақ 6
6. Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) облыстың индустриялық-инновациялық дамуы бойынша, атап айтқанда: жаңа жоғары технологиялық өндiрiстер мен қосылған құны жоғары өндiрiстердi әзiрлеу және енгiзу басымдықты бағыттар жөнiнде; жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру жөнiнде; облыстағы индустриялық-инновациялық қызметтi ақпараттық, әдiснамалық және нормативтiк қамтамасыз ету жүйелерiн құру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
Тармақша 2
2) облыстың индустриялық-инновациялық дамуының 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiнде басқа да ұсыныстар әзiрлейдi;
Тармақша 3
3) облыстық инновациялық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады.
Тармақ 7
7. Қойылған мiндеттердi және өзiнiң функцияларын орындау мақсатында Кеңестiң мыналарға:
Тармақша 1
1) өз құзыретi шегiнде заңнамамен белгiленген тәртiпте облыстың мемлекеттiк органдары мен ұйымдарынан тиiстi ақпарат сұратуға;
Тармақша 2
2) қажетiне қарай инвестициялық жобаларды сараптау жөнiндегi жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
3. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Кеңестi төраға (облыс әкiмi) басқарады.
Тармақ 9
9. Төраға Кеңестiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшы-лық жасайды, Кеңеске жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өзiнiң функциялары жүзеге асырылуы үшiн дербес жауап бередi, өз құзыретi шегiнде Кеңестiң барлық мүшелерi бiрдей орындауға мiндеттi тапсырмалар мен нұсқаулар бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
Тармақ 10
10. Облыс экономика департаментi өзiнiң құзыретiне және функцияларына сәйкес Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 11
11. Кеңестiң мәжiлiстерi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi.
Тармақ 12
12. Кеңестiң шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады, егер мәжiлiсте Кеңес мүшелерi немесе олардың өкiлдерiнiң көпшiлiгi дауыс берген болса, шешiм қабылданған болады. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған жағдайда, төраға дауысы шешушi болып табылады. Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, Кеңестiң мәжiлiсi заңды деп саналады.
Тармақ 13
13. Кеңес шешiмдерiнiң қорытындылары бойынша төраға немесе оның орнындағы тұлға қол қоятын хаттамалар ресiмделедi. Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол жазбаша түрде баядалуы тиiс.
Тарау 4. 4. Кеңестiң қызметiн тоқтату
4. Кеңестiң қызметiн тоқтату
Тармақ 14
14. Кеңестiң қызметi заңнамамен белгiленген тәртiпте тоқтатылады.