Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев по Федоровскому району Күшін жойған
Басқа 0
Федоров ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері айлық есептік көрсеткіштің 0,5 (нөл бүтін оннан бес) мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Федоров аудандық мәслихатының «Федоров ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 185 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9922 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.