Об утверждении положения государственнога учреждения «Отдела занятости и социальных программ района Байдибек» Күшін жойған
Басқа 0
Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» №148 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №590 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес:
Тармақша 1
1)жоғарыда көрсетілген Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2)осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3)осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жауапты орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 8. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2023 жылғы «10» қазандағы
№ 425 қаулысына қосымша
«Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Бәйдібек аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Бәйдібек аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствасы болып табылады.
Тармақ 3
3. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі № 94 үй, 160200.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы ереже «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Құрылтайшысы: «Бәйдібек ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекетік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекетік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Мақсаттары:
- «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты: Халықты әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1)Құқықтары:
- мемлекеттік органдар мен ұйымдарды мүдделерін білдіру;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқада материалдарды сұрату және алу;
- Мемлекеттік макеме жеке және заңды тұлғалардың алдында Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өз мүддесімен құқықтарын қорғауға.
Тармақша 2
2)Міндеттері:
- «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
- «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
- «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1)аудан аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отырады;
Тармақша 2
2)мүгедектерге әлеуметтік және қайрымдылық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 3
3)мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметін көрсету;
Тармақша 4
4)тұрғын үй жәрдемақысын тағайындайды және төлейді;
Тармақша 5
5)жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттағы азаматтарға материалдық (қаржылай) жәрдемақыларды төлейді;
Тармақша 6
6)мекемелерден босатылған пробация қызметінің есебінде тұрған өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7)мекемелерде босатылған сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8)құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 9
9)арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 10
10)арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін өз қарамағындағы субьектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11)жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 12
12)Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 13
13)өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 14
14)халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында Еңбек мобильділігі (Мансап) орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 15
15)«Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады;
Тармақша 16
16)бюджеттік қаржыларды дұрыс әрі тиімді пайдаланылуын жүзеге асырады;
Тармақша 17
17)Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тармақша 18
18)Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша қызметтерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Бәйдібек ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 19
19. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орынбасарын және «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын қызметке тағайындалатын және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемеcінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1)мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2)мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3)сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4)заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5)өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6)мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7)мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8)азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9)Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10)сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
«Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 21
21. Бірінші басшы өз орынбасарын өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«Бәйдібек аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.