О государственной поддержке развития производства фармацевтической продукции в Республике Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өнiм өндiрудi дамытуды мемлекеттiк қолдау туралы Фармацевтикалық және медициналық өнiмдi отандық өндiрушiлерге мемлекеттiк қолдау көрсету, мұндай өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн көтеру және халық пен денсаулық сақтау мекемелерiн дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсе отырып, бiр ай мерзiм iшiнде: мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнiң дайын дәрiлiк заттар мен таңу материалдарын тұтынуының жылдық көлемiн анықтасын; қажеттiлiктердi аталған көлемде барынша отандық өндiрiс өнiмдерiмен қанағаттандыру туралы ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қаржы министрлiгiмен және Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп, отандық өндiрiсшiлер iшкi нарықты молықтыруға жеткiлiктi көлемде өндiрiп отырған импортталатын фармацевтикалық өнiмге кеден бажы ставкаларын белгiлеу туралы ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
Тармақ 3
3. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.27. N 1087 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Этил спиртiн бақылаусыз сатуға жол бермеу үшiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiне Қаржы министрлiгiмен және Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп, фармацевтикалық кәсiпорындар мен медициналық мекемелердiң спирттi тұтыну көлемiн анықтасын және оның пайдаланылуына бақылау орнатсын. 📌 Ескерту. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ресей Федерациясының 1994 жылы "Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясына берген техникалық несиесiн өтеу шарттары туралы "Химфарм" Шымкент акционерлiк қоғамымен жасалған шарттың жағдайларын берiлген несие ресурстарын 1998 жылдың 1 шiлдесiнен қайтаруды бастап, 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейiн қайтаруды көздей отырып, қайта қарасын. Аталған несие бойынша проценттердi есептеу 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап тоқтатылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.