Об установлении карантина Күшін жойған
Басқа 0
Карантин белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы 2023 жылғы 17 қазандағы № 02-08-04/153 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Тірітам қыстағы аумағына карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.