Об утверждении Правил выплаты средств на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур Қолданыста
Басқа 0
Өндiрiлетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу ережесiн бекiту туралы
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық тыңайтқыштармен, тұқым дәрiлерiмен және гербицидтермен қамтамасыз етiлуiн қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлігі мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 3. Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгі мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 ақпандағы
N 232 қаулысымен
бекiтiлген
Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгі мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу ережесi
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгіне (бұдан әрi - Ауылшарминi) 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау" бағдарламасының 102 "Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қолдау" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде субсидиялау жолымен өндiрілетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгі мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражат (бұдан әрi - субсидиялар) минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатушылардан отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер (бұдан әрi - ауылшартауарын өндiрушiлер) сатып алатын минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң құнын iшiнара өтеуге арналған.
Тармақ 2. 2. Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу тәртiбi
2. Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты төлеу тәртiбi
Тармақ 3
3. Заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғаны құрмастан жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатушылар болып табыла алады.
Тармақ 4
4. Минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатып алушылар Ауылшарминiнiң облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) аумақтық басқармалары (бұдан әрi - Ауылшарминiнiң аумақтық басқармалары) ұсынатын тiзбелер негізiнде жиынтық тiзбесiн Ауылшарминi бекiтетiн ауылшартауарын өндiрушiлер болып табылады.
Тармақ 5
5. Минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатушыларды айқындауды Ауылшарминi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 915-бабына сәйкес тендерлiк негiзде жүзеге асырады. Сатушыларды айқындау жөнiндегi тендер өткен жоқ деп танылған жағдайда Ауылшарминi сатушыларды тендерлiк рәсiмдердi қолданбай-ақ айқындай алады.
Тармақ 6
6. Ауылшарминi ауылшартауарын өндiрушiлер үшiн минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатушыларды айқындау кезiнде Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша Ауылшарминi ауылшартауарын өндiрушiлермен жасаған шарттар негiзiнде ауылшартауарын өндiрушiлер атынан әрекет етедi.
Тармақ 7
7. Минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң түр-түрiн, көлемiн, сондай-ақ тендердiң талаптарын Ауылшарминi осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес жасалған шарттар негiзiнде 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiң 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 102 "Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қолдау" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде айқындайды.
Тармақ 8
8. Минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң сатып алынатын көлемi мен түр-түрiн Ауылшарминi жоспарланған егiс алқабына енгiзудiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес және 2004 жылға арналған республикалық бюджетте өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қолдауға көзделген қаражат мөлшерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының облыстары (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша бөледi.
Тармақ 9
9. Минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатушыларды айқындау нәтижелерi бойынша Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық басқармалары, сатушылар және ауылшартауарын өндiрушiлер арасында минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi жеткiзудiң және мақсатты пайдаланудың белгіленген көлемi шегінде үш жақты шарттары жасалады, онда, соның iшiнде, ауылшартауарын өндiрушiлердiң оларды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндіруге пайдалану талаптары айтылады.
Тармақ 10
10. Минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң көлемiн ауылшартауарын өндiрушiлер арасында бөлудi Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық басқармалары Ауылшарминi осы Ереженiң 8-тармағына сәйкес жеткiзген көлем мен түр-түрi шегiнде жүргiзедi.
Тармақ 11
11. Минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатушылар көрсетiлген өнiмдi ауылшартауарын өндiрушiлерге сатушыны айқындау процесiнде Ауылшарминi қабылдаған баға бойынша сатады. Бұл ретте ауылшартауарын өндірушілер сатушыларға минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердің бағасының 60 пайызын төлейдi.
Тармақ 12
12. Ауылшартауарын өндiрушiлер сатушыдан минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатып алудан бас тартқан жағдайда Ауылшарминi ауылшартауарын өндiрушiлердiң бекiтiлген жиынтық тiзбесiне Ауылшарминiнiң аумақтық басқармалары ұсынған мәлiметтер негізiнде тиістi өзгерiстер енгізедi.
Тармақ 13
13. Ауылшартауарын өндiрушiнiң минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi алуы фактiсi бойынша сатушылар, ауылшартауарын өндiрушiлер және Ауылшарминiнiң аумақтық басқармалары арасында Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi жеткiзу туралы үш жақты актіге қол қойылады.
Тараптардың минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi жеткiзу және мақсатты пайдалану туралы үш жақты шарттарға, сондай-ақ минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi жеткiзу туралы үш жақты актiлерге қол қоюын Ауылшарминiнiң аумақтық басқармалары қамтамасыз етедi.
Тармақ 14
14. Субсидиялар осы Ереженің 5-тармағына сәйкес айқындалған сатушыларға ауылшартауарын өндiрушілер іс жүзінде сатып алған минералдық тыңайтқыштар, тұқым дәрiлерi және гербицидтер үшiн төленедi.
Тармақ 15
15. 1 (бiр) тоннаға (килограмм, литр) бөлiнетiн субсидия мөлшерi ауылшартауарын өндiрушiлер сатып алған минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң әр түрi бойынша есептеледi және оны Ауылшарминi минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң 1 тоннасы (килограмм, литр) құнының 40 пайызы шегінде бекiтедi.
Тармақ 16
16. Субсидия алу үшiн минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатушылар ай сайын келесi айдың 15-күнiне, бiрақ 2004 жылғы 10 желтоқсаннан кешiктiрмей Ауылшарминiне мынадай құжаттарды:
Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердің ауылшартауарын өндiрушiлер iс жүзінде алған көлемi жөнiндегі жиынтық актінi. Жиынтық акт осы Ереженiң 9 және 13-тармақтарында көрсетiлген минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi жеткiзудi және мақсатты пайдалану шартының және минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi жеткiзу туралы үш жақты акт негізiнде жасалады;
минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi жеткiзу және мақсатты пайдалану шартының түпнұсқасын;
минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi жеткiзу туралы үш жақты актiнi тапсырады.
Ауылшарминi ұсынылған құжаттарды тексередi және заңнамада белгіленген тәртiппен күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бекiтiлген қаржыландыру жоспарларына сәйкес минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатушылардың шоттарына субсидияларды аударады.
Тармақ 17
17. Ауылшарминi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына белгіленген тәртiппен бекiтiлген сатушыларға субсидиялар төлеу үшiн ведомость және төлем шотын ұсынады.