Об установлении карантина в поселке Топар Абайского района Карагандинской области Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінде карантин белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес және 2023 жылғы 24 қазандағы №12-2-4/516 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Абай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысы негізінде, Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кенті бойынша халық пен ірі қара арасында сібір жарасы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 24 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.