Об утверждении перечня организаций и объектов, на которых в обязательном порядке создается противопожарная служба Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң тiзбесiн бекiту туралы "Өрт қауiпсiздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердiң тiзбесi бекiтілсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiн ұйымдастырудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегі N 430 қаулысының 4-қосымшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 20, 192-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 616 қаулысы 1-тармағының 1-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 20-21, 213-құжат).
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 6. Мiндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 ақпандағы N 239 қаулысымен бекiтiлген Мiндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң тiзбесi
Тармақ 1
1. Мұнай-газ өндiру және мұнай-газды қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң ұйымдары мен объектiлерi:
Тармақша 1
1) сыйымдылығы екi жүз текше метр және одан көп резервуар парктерiнiң мұнай айдау станциялары;
Тармақша 2
2) газды қайта өңдеу агрегаттарының қуаты жүз мың киловатт және одан көп газкомпрессорлық станциялар;
Тармақша 3
3) жылына қуаты бiр миллиард текше метр газ және одан көп газды қайта өңдеу зауыттары;
Тармақша 4
4) жылына қуаты бiр миллион тонна және одан көп мұнайды қайта өңдеу зауыттары;
Тармақша 5
5) резервуарларының жалпы сыйымдылығы екi мыңнан көп сегiз мың текше метрге дейін газ жинақтау станциялары;
Тармақша 6
6) төгу-құю операцияларының көлемi кезінде екi мың текше метрден көп мұнай құю эстакадалары;
Тармақша 7
7) өнiмдiлiгiне қарамастан, қайраңда мұнай мен газды өндiру мен дайындауға арналған құрылыстар;
Тармақша 8
8) елдi мекендерде орналасқан резервуар парктерiнiң жалпы сыйымдылығы жүз мың текше метр және одан көп мұнай базалары;
Тармақша 9
9) елдi мекендерден тыс орналасқан резервуар парктерінің жалпы сыйымдылығы екi жүз мың текше метр және одан көп мұнай базалары;
Тармақша 10
10) сыйымдылығы тоғыз миллиард текше метр және одан көп жерасты газ сақтау станциялары.
Тармақ 2
2. Химия және мұнай-химия өнеркәсiбi ұйымдары:
Тармақша 1
1) жылына қуаты алпыс мың тонна және одан көп синтетикалық каучук шығару жөнiндегi кәсiпорындар;
Тармақша 2
2) жылына қуаты алты жүз тонна және одан көп жарылғыш-өрт қаупi бар заттарды қолдана отырып, химия өнiмiн (спирттердi, эфирлердi, шайырларды, винилхлоридтi, талшықтарды, бояуларды және басқаларды) шығару жөнiндегi кәсiпорындар;
Тармақша 3
3) жылына қуаты бес миллион бiрлiк және одан жоғары шиналар мен резеңке-техникалық бұйымдарды шығару жөнiндегi кәсiпорындар;
Тармақша 4
4) жылына қуаты бiр миллион бес жүз мың тонна және одан жоғары сұйытылған көмiрсутектi газдарды қайта өңдеу және алу жөнiндегi кәсіпорындар;
Тармақша 5
5) жылына қуаты алты жүз тонна және одан жоғары минералды тыңайтқыштар өндiру жөнiндегi кәсiпорындар;
Тармақша 6
6) әртүрлi маркадағы полистирол шығару бойынша қуаты жылына бiр жүз мың тонна және одан жоғары полистиролды пластиктер өндiру жөнiндегi кәсiпорындар;
Тармақша 7
7) қуаты жылына бiр жүз мың тонна және одан жоғары полипропилендi өнiм өндiру жөніндегi кәсiпорындар.
Тармақ 3
3. Электр энергетикалық өнеркәсiп ұйымдары:
Тармақша 1
1) қуаты бес жүз мегаватт және одан жоғары мемлекеттiк аудандық электр станциялары;
Тармақша 2
2) қуаты үш жүз мегаватт және одан жоғары су электр станциялары;
Тармақша 3
3) қуаты екi жүз мегаватт және одан жоғары жылу электр станциялары;
Тармақша 4
4) қуатына қарамастан, атом электр станциялары;
Тармақша 5
5) кернеуi бес жүз киловольт және одан жоғары кiшi станциялар.
Тармақ 4
4. Өнеркәсiптiк ұйымдар:
Тармақша 1
1) жиырма бес пайыз және одан жоғары, кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмдiлiк құны (айлық есептiк көрсеткiштердiң саны) алпыс мың және одан жоғары жарылғыш-өрт қаупi бар және өрт қаупi бар санаттарға жатқызылған ғимараттар, құрылыстар, сыртқы технологиялық қондырғылар, сондай-ақ өрт қаупi бар өнiмдер мен материалдардың ашық қоймалары орын алатын кәсiпорындардың жалпы өндірiстік алаңының үлесi бар өнеркәсiптiк кәсiпорындар;
Тармақша 2
2) жылына қуаты жиырма бес мың трактор ауыл шаруашылығы машиналарын шығару жөніндегі кәсіпорындар;
Тармақша 3
3) жылына жиырма мың жеңiл автомобиль және одан көп; жылына бес мың және одан көп жүк және арнайы автомобиль шығаратын автомобиль өнеркәсiбi кәсiпорындары;
Тармақша 4
4) егер бұл алаңның жиырма бес пайызын және одан астамын жарылғыш-өрт қаупi бар, өрт қаупi бар ғимараттар мен үй-жайлар алса, жалпы өндiрiстiк алаңы екi жүз мың шаршы метр және одан астам металл өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындары;
Тармақша 5
5) қуаты: жылына бес жүз мың тонна және одан жоғары шойын; жылына жиырма бес мың тонна және одан жоғары болат металлургия өнеркәсiбi кәсiпорындары;
Тармақша 6
6) cүpeктi сақтау және қайта өңдеу және целлюлозаның өндiру жөнiндегi кәсiпорындар, қуаты: сүректi сүрлеу бойынша - жылына екi жүз мың текше метр және одан жоғары; целлюлоза, қағаз өндіру бойынша - жылына үш жүз мың тонна және одан жоғары; жалпы алаңы екi жүз мың шаршы метрден кем емес жиhаз, фанер, ДCП, ДВП, ұста бұйымдарын, aғaш құрастырмаларын өндiру жөнiндегi цехтар;
Тармақша 7
7) жылына екi миллион тонна және одан көп көмiрдi ашық өндiретiн көмiр кен орындарының объектiлерi;
Тармақша 8
8) жалпы өндiрiстiк алаңы бiр жүз мың шаршы метр және егер осы алаңның он және одан көп пайызын кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмділiк құны (айлық есептiк көрсеткiштерiнiң саны) он мың және одан астам жарылғыш-өрт қаупi бар ғимараттар мен үй-жайлар алып тұрса, көлiк кәсiпорындары;
Тармақша 9
9) халыққа ғимараттармен тiкелей қызмет көрсетуге арналған көлiк ұйымдары, жолаушыларының есептiк сыйымдылығы: бiр мың және одан көп адам аэровокзалдарда, әуежайларда; жетi жүз және одан көп адам темiр жол, өзен, теңiз және автобус вокзалдарында.
Тармақ 5
5. Жалпы өндiрiстiк алаңы бiр жүз мың шаршы метр және егер осы алаңның он және одан көп пайызын кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмділiк құны (айлық есептiк көрсеткiштерiнiң саны) бес мың және одан астам жарылғыш-өрт қаупi және өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар алып тұрса, байланыс кәсiпорындары.
Тармақ 6
6. Жалпы алаңы бiр жүз мың шаршы метр және егер осы алаңның он бес және одан көп пайызын кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмділiк құны (айлық есептiк көрсеткiштерiнiң саны) бес мың және одан астам жарылғыш-өрт қаупi және өрт қаупi бар ғимараттар мен үй-жайлар алып тұрса, ғылыми мекемелер.
Тармақ 7
7. Жұмыс iстейтiндердiң саны жетпiс және одан көп адам, кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмділiк құны (айлық есептiк көрсеткiштерiнiң саны) бес мың және одан астам ауыл шаруашылығы кәсiпорындары, оның iшiнде тағамдық қайта өңдеу өнеркәсiбi және балық шаруашылығы кәсiпорындары.
Тармақ 8
8. Сауда кәсiпорындары: жалпы сауда алаңы үш мың бес жүз шаршы метр және одан көп, бiр мың және одан көп адамға арналған орындарды орналастырған кезде кәсiпорынның ғимаратында, құрылысында бiр мезгiлде болатын адамдардың есептiк санымен екi және одан жоғары қабатты ғимараттардағы дүкендер, универмагтар, әмбебап дүкендер, гастрономдар, жабық базарлар, базарлар, жәрмеңкелер, супермаркеттер мен басқа да сауда кәсiпорындары.
Тармақ 9
9. Базалар мен қоймалар:
Тармақша 1
1) алаңы екi мың шаршы метр және одан көп, кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмділік құны (айлық есептiк көрсеткiштердiң саны) алпыс мың және одан көп жанатын ораудағы жанғыш және жанбайтын жүктердi сақтауға арналған полимерлi жанатын жылытпасы бар (отқа төзiмділігі IVа дәрежелi) жеңіл металл құрастырмалардан;
Тармақша 2
2) алаңы бiр мың шаршы метр және одан көп жанғыш жүктердi немесе алаңы екi жүз мың шаршы метр және одан көп биiктiгi бес жарым және одан көп метр стеллажы бар жанатын ораудағы жанбайтын жүктердi сақтауға арналған биiктiгi он сегiз және одан көп метр әмбебап мақсаттағы биiк механикаландырылған;
Тармақша 3
3) алаңы бiр жүз шаршы метр және одан көп жанғыш жүктердi сақтауға арналған, алаңы бiр мың бес жүз шаршы метр және одан көп жанғыш ораудағы жанбайтын жүктердi, алаңы үш жүз шаршы метр және одан көп астыңғы қабаттарда орналасқан жанғыш ораудағы жанғыш және жанбайтын жүктердi сақтауға арналған бiр қабатты, сондай-ақ алаңы: бiр мың екi жүз шаршы метр отқа төзiмділігi V дәрежелi ғимараттардағы, бiр мың алты жүз шаршы метр және одан көп отқа төзiмдiлiгi IV дәрежелi ғимараттардағы, екi мың шаршы метр және одан көп отқа төзімділігi III дәрежелi ғимараттардағы, үш мың шаршы метр және одан көп отқа төзiмділігі І және ІI дәрежелi ғимараттардағы қоймалар;
Тармақша 4
4) жалпы алаңы бiр мың шаршы метр және одан көп кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмділік құны (айлық есептiк көрсеткiштерiнiң саны) он мың және одан жоғары жарылғыш заттар (ЖЗ).
Тармақ 10
10. Ғимаратта, құрылыста, кәсiпорында бiр мезгiлде болатын адамдардың есептiк саны алты жүз және одан көп орынға арналған оқу мекемелерi.
Тармақ 11
11. Ойын-сауық және дiни мекемелерi:
Тармақша 1
1) ғимаратта, құрылыста бiр мезгілде болатын адамдардың есептiк саны алты жүз және одан көп орынға арналған театрлар, цирктер, кинотеатрлар мен залдары бар басқа да құрылыстар;
Тармақша 2
2) ғимаратта, құрылыста бiр мезгілде болатын адамдардың есептік саны отыз мың және одан көп орынға арналған ашық трибунасы бар спорттық құрылыстар;
Тармақша 3
3) ғимаратта, құрылыста бiр мезгілде болатын адамдардың есептік саны бес мың және одан көп орынға арналған жабық трибунасы бар спорттық құрылыстар;
Тармақша 4
4) ғимаратта, құрылыста бiр мезгiлде болатын адамдардың есептік саны бiр мың және одан көп адамға арналған көрме кешендерi;
Тармақша 5
5) алаңына қарамастан, мешіттер, шiркеулер мен басқа да дiни құрылыстар;
Тармақша 6
6) кәсiпорын мүлкінiң теңгерiмділік құны (айлық есептік көрсеткiштерінің саны) бiр жүз мың және одан жоғары телерадиокомпанияның аппараттық-студиялық кешендері.
Тармақ 12
12. Бес жүз және одан көп кереует-орынға арналған емдеу-алдын aлу, сауықтыру мекемелерi, үш жүз және одан көп кереует-орынға арналған балалар емдеу-алдын aлу, сауықтыру мекемелерi.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының, Үкіметi мен Парламентiнің ғимараттары:
Тармақша 1
1) (алынып тасталды)
Тармақша 2
2) жұмыс iстейтiндердiң саны жетпiс және одан көп адам болған кезде шаруашылық мақсаттағы ғимараттар (қазандықтар, гараждар, қоймалар және тағы басқалары).
Тармақ 14
14. Үш жүз және одан көп адамға арналған қонақ үйлер, жатақханалар, кемпингтер, мотелдер.
Тармақ 15
15. Алаңына қарамастан, заңды тұлға мәртебесi бар мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерi мен ерекше қорғалатын аумақтар.
Тармақ 16
16. Екi жүз мың бiрлiктен астам мұрағат iстерiн сақтайтын мемлекеттiк мұрағаттар.
Тармақ 17
17. Алаңына және қабатына қарамастан, бiрегей ғимараттар мен құрылыстар.
Тармақ 18
18. Алаңына және қабатына қарамастан, тарихи-өлкетану, көркем мұражайлары, әмбебап ғылыми кiтапханалар.