Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев по Наурзумскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Науырзым ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері айлық есептік көрсеткіштің 0,2 (нөл бүтін оннан екі) мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы Науырзым аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 9 «Науырзым ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9952 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.