О внесении дополнения в Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) толықтыру енгізу туралы
Бап 1
1-бап. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар) мынадай толықтыру енгізілсін: 830-баптың 5-тармағының 5) тармақшасындағы "беріледі." деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: "6) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес өзге де тұлғаларға беріледі.".
Бап 2
2-бап. Осы Заң 2004 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.