О некоторых вопросах Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 128 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетін мемлекеттік тіркеу бойынша шаралар қабылдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. Комитеттің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 6
6. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 7
7. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 11
11. Комитеттің міндеттері: өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.
Тармақ 12
12. Комитеттің өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау; өз құзыреті шегінде Министрліктің басшылығына Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу; Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдар мен сараптама комиссияларын құру; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда, өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту; заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттемелері: Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлікке, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға ұсыну; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау; өтініштерді қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формальды қателерді жоюға және қоса берілген құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру; әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге; әкімшілік процеске қатысушыны сот отырысының орны мен уақыты туралы алдын ала хабардар етуге; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау; әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізу; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 13
13. Комитеттің функциялары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалған құзырет шегінде көші-қон процестерін реттеу және мониторинг жүргізу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалған өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар арасында бөлу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 5
5) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру және оны астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, арасында бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Министрлікке енгізу;
Тармақша 6
6) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берудің немесе ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын әзірлеу;
Тармақша 7
7) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша маусымдық шетелдік қызметкерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптер тізбесін әзірлеу;
Тармақша 8
8) комиссияның құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеу; қосалқы мердігердің немесе қызметтерді орындаушының, арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, объектіні (объектілерді) пайдалануға бергеннен кейін бір жыл өткенге дейін;
Тармақша 9
9) кадрлардағы ел ішіндегі құндылық бойынша келісімшарттық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушылардың орындауына мониторингті жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 10
10) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 11
11) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 12
12) қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне одан әрі енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 13
13) қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін әзірлеу;
Тармақша 14
14) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 15
15) алдағы жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу және оны астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар арасында бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Министрлікке енгізу;
Тармақша 16
16) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін әзірлеу;
Тармақша 17
17) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыру мониторингі;
Тармақша 18
18) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін әзірлеу;
Тармақша 19
19) этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін қандас мәртебесі берілгенге дейін олардың қалауы бойынша, сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда ішкі көшіп-қонушыларды уақытша болу орталықтарында алғашқы қоныстандыру тәртібін және мерзімдерін әзірлеу;
Тармақша 20
20) қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін әзірлеу;
Тармақша 21
21) қандас мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартуға шағымдарды қарау;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған босқынның жол жүру құжатын ресімдеу және оны беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді қоспағанда, босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 23
23) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
Тармақша 24
24) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлеу;
Тармақша 25
25) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың тәртібін, пана іздеген адам куәлігінің үлгілерін әзірлеу;
Тармақша 26
26) босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды әзірлеу;
Тармақша 27
27) босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдесу;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 29
29) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты сұрауды жүзеге асыру;
Тармақша 30
30) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
Тармақша 31
31) көші-қон саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 32
32) астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 33
33) шетелдік қызметкерлер, еңбекші көшіп келушілер, қандастар, босқындар бойынша орталықтандырылған дерекқорды қалыптастыру және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың, ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 34
34) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерінің мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 35
35) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 36
36) халықтың көші-қоны саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыру және айқындау, ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және ғылыми сүйемелдеуді үйлестіру;
Тармақша 37
37) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 38
38) халықтың көші-қоны мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 39
39) халықтың көші-қоны саласында ведомстволық статистикалық байқауды жүргізу;
Тармақша 40
40) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 41
41) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3-тарау. Комитеттің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 14
14. Комитетті басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады (бұдан әрі – Төраға), ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 15
15. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 16
16. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Комитеттің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) еңбек қатынастары мәселелері заңнамаға сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік Аппаратының басшысына Комитет қызметкерлерін тағайындау және лауазымдардан босату туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) Комитет төрағасы орынбасарларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 4
4) еңбек қатынастары мәселелері заңнамаға сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік Аппаратының басшысына Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына үстемеақы белгілеу, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) еңбек қатынастары мәселелері заңнамаға сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелері бойынша Министрлік Аппаратының басшысына ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) Комитеттің атынан наразылықтар мен талап қоюлар беру туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 8
8) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және құқықтық актілерге қол қояды, оның ішінде Министрліктің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық бұйрықтарды қабылдайды;
Тармақша 9
9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды;
Тармақша 10
10) жеке тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 19
19. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. _______________________________________