Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление сельского хозяйства и земельных отношений Атырауской области» Қолданыста
Басқа 0
«Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атырау облыстық әкімиятының 2008 жылы 14 сәуірдегі № 103 «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 209 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
2 және 6-тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетешілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Атырау облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
«31» қазандағы № 212
қаулысына 1-қосымша
Атырау облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
«31» қазандағы № 212
қаулысымен бекітілген
«Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары және балық шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
Тармақ 9
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Респбликасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Респбликасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсiптiк кешендi тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау;
Тармақша 4
4) органикалық өнім өндіруді дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
Тармақша 6
6) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
Тармақша 7
7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағын басқа мемлекеттерден жануарларының жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
Тармақша 9
9) жердi ұтымды пайдалану мен қорғау қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу.
Тармақша 10
10) балық аулайтын және оны қайта өңдейтін ұйымдарға өндірістік базаны дамыту, жаңа технологияларды енгізу жөнінде мемлекеттік қолдау көрсету;
Тармақша 11
11) басқармаға жүктелген өкілеттік шеңберінде балық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді және функцияларды жүзеге асыру барысында белгіленген тәртіппен:
өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;
тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;
Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісім (меморандум) жасасу;
Тармақша 3
3) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізу;
Тармақша 4
4) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындау;
Тармақша 5
5) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 8
8) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсiптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiліктілігін арттыру;
Тармақша 10
10) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;
Тармақша 11
11) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
Тармақша 12
12) азық-түлік тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 14
14) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекітуді ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi өткiзген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
Тармақша 20
20) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
Тармақша 21
21) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
Тармақша 22
22) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекітуді ұйымдастыру;
Тармақша 23
23) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
Тармақша 24
24) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
Тармақша 25
25) тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 28
28) тиісті жергілікті өкілді органның бекітуіне ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын ұсыну;
Тармақша 29
29) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;
Тармақша 30
30) мыналар:
агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту;
бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;
мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
Тармақша 31
31) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшін жағдай жасау;
Тармақша 32
32) агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;
Тармақша 33
33) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
Тармақша 34
34) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін мамандандырылған ұйымдардан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 35
35) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 36
36) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша шара қабылдау;
Тармақша 37
37) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту;
Тармақша 38
38) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 39
39) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 40
40) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 41
41) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
Тармақша 42
42) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 43
43) осы облыс аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы облыстың жергілікті атқарушы органы шешімінің жобасын әзірлеу;
Тармақша 44
44) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы облыстың жергілікті атқарушы органдары шешімінің жобасын әзірлеу;
Тармақша 45
45) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
Тармақша 46
46) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
Тармақша 47
47) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
Тармақша 48
48) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 49
49) мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 50
50) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
Тармақша 51
51) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
Тармақша 52
52) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
Тармақша 53
53) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
Тармақша 54
Тармақша 55
55) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімін әзірлеу;
Тармақша 56
56) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
Тармақша 57
57) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;
Тармақша 58
58) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
Тармақша 59
59) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 60
60) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
Тармақша 61
61) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
Тармақша 62
62) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
Тармақша 63
63) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
Тармақша 64
64) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 65
65) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді), жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 66
66) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 67
67) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 68
68) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 69
69) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
Тармақша 70
70) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекітуді ұйымдастыру;
Тармақша 71
71) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау;
Тармақша 72
72) Жер кодексінің 14-1-бабына сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өнеркәсіптік-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
Тармақша 73
73) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 74
74) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайында;
Тармақша 75
75) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 76
76) облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерiн беру және алып қою жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
Тармақша 77
77) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 78
78) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
Тармақша 79
79) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
Тармақша 80
80) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, облыс жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламарын, жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 81
81) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 82
82) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
Тармақша 83
83) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 84
84) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
Тармақша 85
85) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 86
86) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 87
87) аудандық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың шекараларын облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге табыс ету бойынша ұсыныс дайындау;
Тармақша 88
88) жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу бойынша ұсыныс дайындау;
Тармақша 89
89) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу бойынша ұсыныс дайындау;
Тармақша 90
90) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу бойынша ұсыныс дайындау;
Тармақша 91
91) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру туралы ұсыныс дайындау;
Тармақша 92
92) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;
Тармақша 93
93) агломерацияға кіретін елді мекендердің аумағындағы жер учаскелерін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қаржыландыратын әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу үшін резервте қалдыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 94
94) осы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою бойынша ұсыныс дайындау;
Тармақша 95
95) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға:
жайылымдарды ұтымды пайдалану;
жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
жайылымдардың оты-суының молдығы;
жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 96
96) Жер кодексінің 120-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған мемлекеттік органдарға қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі материалдарды келісуге ұсынуды жүзеге асыру;
Тармақша 97
97) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн үйлестiруді және оған басшылық жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 98
98) жер, ауыл шаруашылығы және ветеринария мәселелері бойынша жолданымдарды, хабарларды, үн қосуларды, ұсыныстарды, сұрау салуларды, төмен тұрған әкімдіктерге қатысты шағымдарды қарау;
Тармақша 99
99) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
Тармақша 99-1
99-1) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн жасақтап, бекiтуге ұсынады;
Тармақша 99-2
99-2) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн жасақтап, бекiтуге ұсынады;
Тармақша 99-3
99-3) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiндешешімдер қабылдау бойынша жұмыстар жүргізу;
Тармақша 99-4
99-4) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдау бойынша жұмыстар жүргізу;
Тармақша 99-5
99-5) жануарларға (балықтарға) ауырып қалған, бекітіліп берілмеген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 99-6
99-6) жануарларды (балықтарды), оның ішінде балықтардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жөнiндегi, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
Тармақша 99-7
99-7) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
Тармақша 99-8
99-8) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
Тармақша 99-9
99-9) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу бойынша жұмыстар жүргізу;
Тармақша 99-10
99-10) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;
Тармақша 99-11
99-11) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;
Тармақша 99-12
99-12) облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
Тармақша 99-13
99-13) резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;
Тармақша 99-14
99-14) аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялайды;
Тармақша 99-15
99-15) аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялайды;
Тармақша 99-16
99-16)аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялайды;
Тармақша 99-17
99-17) аквашаруашылық саласында техника мен технологиялық жабдық сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялайды;
Тармақша 100
100) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарлары, Басқарманың бөлім басшылары мен басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 5
5) Басқарманың актілеріне қол қояды;
Тармақша 6
6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы Ережелерді бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) Басқарманың жұмысының регламентін және штаттық кестесін бекітеді;
Тармақша 9
9) Басқармада гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Басқарманың мүлкі
4. Басқарманың мүлкі
Тармақ 20
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 1
1. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының «Атырау қалалық ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақ 2
2. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының «Жылыой аудандық ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақ 3
3. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының «Индер аудандық ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақ 4
4. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының «Исатай аудандық ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақ 5
5. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының «Құрманғазы аудандық ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақ 6
6. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының «Қызылқоға аудандық ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақ 7
7. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының «Мақат аудандық ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақ 8
8. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының «Махамбет аудандық ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны..
Басқа 185. Атырау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Атырау облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
«31» қазандағы № 212
қаулысына 2-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. Атырау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 141 «Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 103 «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері» қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысы.
Тармақ 2
2. Атырау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 313 «Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 103 «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері» қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысы.
Тармақ 3
3. Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 10 «Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 103 «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Тармақ 4
4. Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 429 «Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 103 «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы.
Тармақ 5
5. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 мамырдағы № 166 «Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 103 «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы.
Тармақ 6
6. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 184 «Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 103 «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Тармақ 7
7. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 257 «Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 103 «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулысы.
Тармақ 8
8. Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 121 «Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 103 «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы.