Об утверждении положения о Комитете высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті туралы ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті осы бұйрықтан туындайтын қажетті (өзге) шараларды белгіленген мерзімде қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы «15» қыркүйектегі № 45 бұйрығына «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Тармақ 4
4.  Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Комитет егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретінің мәселелері бойынша Комитет Төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға жасауға тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен мақсаттары
2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен мақсаттары
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ).
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) Комитеттің құзыретіне жатқызылған салаларда заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды, сондай-ақ басқа да мәліметтерді сұрату және алу;
Тармақша 3
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер мен түсініктеме беру;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде қоғамдық және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) Комитеттің ұйымдастыру-әдістемелік және материалдық-техникалық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) орындалуы міндетті құқықтық актілерді қабылдау;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшы комиссияларын құруға құқылы;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 10
10) Комитеттің жұмыс жоспарларын бақылауды және орындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 12
12) Комитеттің құзыретіне жатқызылған салаларда қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру және Министрлікке ақпарат беру;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге міндетті;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу;
Тармақша 2
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклі бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу;
Тармақша 3
3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және оны алып тастау негіздерін әзірлеу;
Тармақша 4
4) формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 5
5) мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 6
6) оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 7
7) білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну бойынша талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 8
8) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын әзірлеу;
Тармақша 9
9) экстернат және онлайн-оқыту нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін әзірлеу;
Тармақша 10
10) педагогикалық қайта даярлау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 11
11) кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және оқу-әдістемелік бірлестіктерді құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту;
Тармақша 12
12) Ұлттық біліктілік жүйесін құруға және «Білім» саласы біліктілігінің салалық шеңберін және кәсіптік стандарттарды әзірлеуге қатысу, сондай-ақ кәсіптік стандарттарды ескере отырып, модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіру;
Тармақша 13
13) медициналық, фармацевтикалық және әскери білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын келісу;
Тармақша 14
14) педагогикалық және инклюзивті білім беруді жаңғырту, цифрлық экономика үшін кадрлар даярлау жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 15
15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, оның ішінде ересектердің формальды емес білім беру арқылы алған оқу нәтижелерін тануы бойынша дуальды білім беруді дамыту бойынша әдіснамалық қолдау көрсету;
Тармақша 16
16) жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығының жұмысын үйлестіру;
Тармақша 17
17) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес бағыттар бойынша кадрлар даярлау жөніндегі жұмысты үйлестіру (педагогикалық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары және көрсетілетін қызметтер, инженерлік және су салалары, сейсмология, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес, басқару және құқық, дінтану, өнер, гуманитарлық ғылымдар, ауылдық шаруашылық және биоресурстар және т. б.);
Тармақша 18
18) оқу процесінің әдіснамасын әзірлеу, ЖЖОКБҰ академиялық дербестігін кеңейту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 19
19) Дүниежүзілік банктің педагогикалық білім беруді жаңғырту жөніндегі жобасын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 20
20) түлектердің Ұлттық біліктілік тестілеудің жұмысын үйлестіру;
Тармақша 21
21) білім беру процесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрліктерінің жанындағы Инклюзивті білім беру жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру (одан әрі - Министрлік);
Тармақша 23
23) Ғылым және жоғары білім саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестің жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру;
Тармақша 24
24) құзыреттер орталықтары бойынша жұмысты үйлестіру;
Тармақша 25
25) «Күміс университеттер» моделін дамыту және формальды емес білім беру бойынша жұмысты үйлестіру;
Тармақша 26
26) ЖЖОКБҰ кітапханаларының қызметі бойынша жұмысты үйлестіру;
Тармақша 27
27) ЖЖОКБҰ-да кәсіпкерлік білім беруді дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіру, стартап жобалар;
Тармақша 28
28) «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 29
29) кәсіптік, өңірлік стандарттарды және жаңа Кәсіптер атласын келісу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 29-1
29-1) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру;
Тармақша 29-2
29-2) Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының жоғары білім беруді интернационалдандыру бөлігінде жұмысты үйлестіру;
Тармақша 29-3
29-3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беруді интернационалдандыру, шетелдік ғалымдарды, шетелдік студенттерді тарту, білім алушылардың, оқытушылардың, ғылыми қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы жөніндегі жұмысын үйлестіру;
Тармақша 29-4
29-4) академиялық ұтқырлық шеңберінде оқыту үшін жолдама тәртібін әзірлеуді үйлестіру;
Тармақша 29-5
29-5) Қазақстанның Еуропа және ТМД елдері өткізетін іс-шараларға, бағдарламалар мен жобаларға қатысуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 29-6
29-6) ЭЫДҰ ұсынымдарының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша бөлімін іске асыруды үйлестіру;
Тармақша 29-7
29-7) халықаралық және ұлттық рейтингтерде, сондай-ақ шетелдік университеттермен және ұйымдармен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіру;
Тармақша 29-8
29-8) Қазақстанда шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және шетелде қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын құру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 29-9
29-9) қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және қос дипломды білім беруді дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 29-10
29-10) Қазақстанның АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия және Орталық Азия елдері өткізетін іс-шараларға, бағдарламалар мен жобаларға қатысуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 29-11
29-11) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру жөніндегі жобаны үйлестіру;
Тармақша 29-12
29-12) Қазақстанның Еуропа Кеңесі, Болон процесі Хатшылығы өткізетін іс-шараларға және Болон параметрлерін іске асыру жөніндегі басқа да іс-шараларға қатысуы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 29-13
29-13) Болон процесінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмыс тобымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ Қазақстанда Болон декларациясының қағидаттарын имплементациялау мәселелері бойынша жұмыс топтарының жұмысын үйлестіру;
Тармақша 30
Тармақша 31
Тармақша 32
Тармақша 33
Тармақша 34
Тармақша 35
Тармақша 36
Тармақша 37
Тармақша 38
Тармақша 39
Тармақша 40
Тармақша 41
Тармақша 42
Тармақша 42
42) Қазақстанда шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және шетелде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын құру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 43
43) Министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жобалар мен инновацияларды ілгерілету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;
Тармақша 44
44) ведомстволық бағынысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорларын тағайындау рәсімін үйлестіру;
Тармақша 45
45) Білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 46
46) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына «зерттеу университеті» мәртебесін беру қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу;
Тармақша 47
47) ұлттық рейтингтерде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіру;
Тармақша 48
48) ғылыми-инновациялық және әдістемелік сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ жобалар мен инновацияларды ілгерілету бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына консультациялық қолдау көрсету;
Тармақша 49
49) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы нысаналы капитал қорларының қызметі жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 50
50) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қызметтер бағыттары бойынша жобалық офистерді құру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 51
51) жобаларды ілгерілетудің халықаралық тәжірибесін қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ инновациялық сипаттағы халықаралық жобаларға қатысу;
Тармақша 52
52) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, инновациялық кластерлерді құру және олардың жұмыс істеуі жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 53
53) Министрлікке ведомстволық бағынысты ЖЖОКБҰ басқарма мүшелерінің құрамы бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 54
54) Министрлікке ведомстволық бағынысты ЖЖОКБҰ ректорларын сайлау (тағайындау) жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 55
55) Министрлікке ведомстволық бағынысты ЖЖОКБҰ ректорлары мен проректорларының кандидатураларын келісу;
Тармақша 56
56) Министрліктің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде стратегиялық-бағдарламалық құжаттар, операциялық жоспардың және жұмыс жоспарының негізгі бағыттарын әзірлеу, үйлестіру және іске асыру, мониторингілеу;
Тармақша 57
57) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру бағдарламаларының топтары және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бөлінісінде бөлу және қалыптастыру;
Тармақша 58
58) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 59
59) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 60
60) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 61
61) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 62
62) мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 63
63) «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 64
64) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 65
65) Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін әзірлеу;
Тармақша 66
66) Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін әзірлеу;
Тармақша 67
67) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 68
68) Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 69
69) шетелдік студенттер мен қазақ диаспорасы үшін стипендиялық бағдарламаны іске асыру туралы ережені әзірлеу;
Тармақша 70
70) бастапқы білім беру капиталын есептеу, пайдалану, қайтару қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 71
71) қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының философия докторларын (PhD) нысаналы даярлау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 72
72) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту және орналастыру бөлігінде білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 73
73) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) және кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізуді үйлестіру;
Тармақша 74
74) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындысы бойынша мониторинг жүргізу;
Тармақша 75
75) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру, дайындық бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;
Тармақша 76
76) Білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 77
77) ақылы негізде білім алушыларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 78
78) қатысушы банк пен оператор немесе оператор мен білім беру ұйымы арасында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді әзірлеу;
Тармақша 79
79) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 80
80) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі талаптарды әзірлеу;
Тармақша 81
81) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
Тармақша 82
82) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 83
83) Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 84
84) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 85
85) Министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлары мен проректорлары үшін шет елдерге іссапарларға рұқсаттар беру;
Тармақша 86
86) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ректорларының республикалық және өңірлік кеңестерінің жұмысын үйлестіру, олардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 87
87) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының статистикалық көрсеткіштерін жинау және өңдеу, сондай-ақ білім алушылар контингентінің, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қозғалысын сүйемелдеу;
Тармақша 88
88) З-НК және 1-НК жоғары оқу орындарының мемлекеттік статистика көрсеткіштерін жинау, талдау мен өңдеу;
Тармақша 89
89) ЮНЕСКО халықаралық статистикасының статистикалық есептілік жинақтарын жыл сайын толтыру;
Тармақша 90
90) наградаларға ұсыну үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ОПҚ және қызметкерлерінің тізімдерін қалыптастыру;
Тармақша 91
91) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлары мен проректорларының есептерін тыңдау кезінде анықтамалық материалдар дайындау;
Тармақша 92
92) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары түлектерінің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, ауылдық квота бойынша білім алушылардың және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының жұмыспен өтеу міндеттемелерін орындауын үйлестіру;
Тармақша 93
93) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларына жастарды орналастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 94
94) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын және жаппай студенттік спортты дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру;
Тармақша 95
95) атаулы стипендияларды тағайындау тәртібі туралы ережені әзірлеу және студенттерге, магистранттар мен докторанттарға мемлекеттік атаулы стипендияларды тағайындау жөніндегі мәселелерді қарау;
Тармақша 96
96) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуінің қорытындыларын шығару;
Тармақша 97
97) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл, сондай-ақ академиялық адалдық мәселелерін үйлестіру;
Тармақша 98
98) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы әскери кафедралардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 99
99) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында халықаралық және республикалық қоғамдық-маңызды іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 100
100) студенттер арасында волонтерлікті дамытуды үйлестіру;
Тармақша 101
101) жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 102
102) Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 103
103) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы жастардың құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі қызметін үйлестіру;
Тармақша 104
104) студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызметіне мониторинг жүргізу (жастар ісі жөніндегі комитеттер, студенттік парламенттер және т.б.);
Тармақша 105
105) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 106
106) Комитет жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге талдау жүргізу;
Тармақша 107
107) әкімшілік рәсімдер шеңберінде арыз иелері жолданымдарда көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;
Тармақша 108
108) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
Тарау 3. 3-тарау. Комитет басшысының мәртебесі мен өкілеттігі
3-тарау. Комитет басшысының мәртебесі мен өкілеттігі
Тармақ 16
16. Комитет басшылығын Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет Төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;
Тармақша 2
2) Министрлiктiң Аппарат басшысына Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 3
3) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет персоналын іссапарға жіберу, біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану және алып тастау мәлелелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) Министрліктің Аппарат басшысына лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, сондай-ақ төрағаның орынбасарын және Комитеттің басқа да қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) Комитеттің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық қызметкерлер орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті және оның аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. _______________________________________________