О создании государственного учреждения "Каратауский государственный природный заповедник" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы Батыс Тянь-Шань тау жүйесi Қаратау жотасының бiрегей табиғи кешендерiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласының аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы 196 гектар жер учаскелерi, сондай-ақ жалпы алаңы 34104 гектар қордағы жерлер жер санатынан алынсын және олар тұрақты жер пайдалану құқығымен Мекемеге берілсін. Көрсетілген жер учаскелерi ауыл шаруашылығы мақсатындағы және қордағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi санатына көшiрiлсін, ал осы аумақта орналасқан ормандар "мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бiрлесіп, белгiленген тәртiппен Мекеме жерлерінiң жергілiктi шекарасын белгiлесiн.
Тармақ 4
4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi күзет аймағының шегінде бұл аумақтардың экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала отырып, Мекеме жерлерінiң төңiрегiнде күзет аймағын белгілесін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігiнің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Мекеме туралы ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетiн сомалар есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсін.
Тармақ 7
7.
Тармақ 8
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 11. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркiстан қаласының аумағында құрылатын Қаратау мемлекеттік табиғи қорығына тұрақты жер пайдалануға берiлетiн жер учаскелерiнiң Экспликациясы
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы N 249 қаулысына қосымша Оңтүстік Қазақстан облысы Түркiстан қаласының аумағында құрылатын Қаратау мемлекеттік табиғи қорығына тұрақты жер пайдалануға берiлетiн жер учаскелерiнiң Экспликациясы ___________________________________________________________________ P/c |Жерлер санаты және ауыл шаруашылығы алқаптары |Алаңы, га N   |                                              | ____|______________________________________________|_______________ 1    Яссы ауылдық округі - 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер: жайылымдар                                        196 жиыны:          196 2) қордағы жерлер                                 23850 жиыны:          23850 барлығы:        24046 2    Оранғай ауылдық округi -                          10254 қордағы жерлер                                    10264 жиыны:          10264 Барлығы:        34300 ___________________________________________________________________