Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба в городе Петропавловск Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48 және 50-баптарына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың біліктіліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 07 қарашадағы № 9 хаттамасы негізінде Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 07 қарашадан бастап туындыған құқықтық қатынастарға таралады.