Қолданыстағы ред. 18.02.2004

Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық Үйлестіру Қеңесін құру туралы от 18.02.2004 г. № 14 (Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық Үйлестіру Қеңесін құру туралы)

0

Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық Үйлестіру Қеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі құрылсын (бұдан әрі - Кеңес), оның құрамы Жаңақала аудандық Мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.

2

2. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін (жалғанды).

3

3. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесін құру туралы" N 5 қаулысы жойылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары (З. Сисенғали) жүктелсін.

5. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 18 ақпандағы
N 14 қаулысымен
бекітілген
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімдігі жанындағы ақыл-Кеңес органы болып табылады, қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелерінде атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.

2

2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, еліміздің Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.

2. 2. Кеңестің негізгі мақсаты

2. Кеңестің негізгі мақсаты

3

3. Кеңестің негізгі мақсаты мен міндеті мыналар болып табылады:

1

1) аудандық атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарының қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру салаларында құқық тәртібі мен заңдылықты нығайтуда ведомствоаралық үйлестіру қызметін қамтамасыз ету болып табылады;

2

2) аудандағы қалыпты құқықтық жағдайды талдау, қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі шаралар жоспарын қарау және бекіту;

3

3) ішкі істер қызметтері, прокуратура, салық қызметтері, қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі қызметінің аясын дамыта түседі;

4

4) Қазақстан Республикасының заңдарын, еліміздің Президенті мен Үкіметінің актілерін, аудан әкімдігінің актілері, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қылмыскерлік және жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі орындаушылық мүмкіншіліктерін зерттеу;

5

5) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың аудандағы құқық қорғауды және заңдылықтарды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарына нұсқамалар әзірлеу.

3. 3. Кеңестің қызметі

3. Кеңестің қызметі

4

4. Кеңес мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1

1) Кеңестің мәжілістерінде атқарушы, құқық қорғау органдарының ауданда қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастырудағы жағдайын қарастыру;

2

2) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарының қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөніндегі басшыларының есебін тыңдау;

3

3) жоғарыда аталған жұмыстарды жақсарту жөнінде нұсқаулық даярлау;

4

4) Кеңеске жүктелген өзге міндеттерді орындау.

4. 4. Кеңестің өкілеттігі

4. Кеңестің өкілеттігі

5

5. Кеңес негізгі мақсаттарды жүзеге асыру және өз міндеттерін орындауда мынадай құқыққа ие болады:

1

1) атқарушы, құқық қорғау органдардан ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұрастыруға және алуға;

2

2) қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарды және нұсқаулықтарды әзірлеу;

3

3) құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдарының қызметкерлерін Кеңестің мәжілісіне материалдарды әзірлеу үшін тарту.

5. 5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

6

6. Кеңес жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Оның мәжілісі тоқсан сайын және қажеттігіне қарай өткізіледі.

7

7. Кеңес мәжілісін Төраға немесе оның орынбасарлары тапсырмасымен Кеңестің бір мүшесі өткізеді. Оған Кеңес мүшелерінің жартысынан көбі қатысса ғана, құқылы болып есептеледі.

8

8. Кеңестің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, ол хаттамамен рәсімделіп, оны Төраға бекітеді.