Қолданыстағы ред. 22.01.2004

Аудандық Мәслихаттың Регламентін бекіту туралы от 22.01.2004 г. № 4/47 (Аудандық Мәслихаттың Регламентін бекіту туралы)

0

Аудандық Мәслихаттың Регламентін бекіту туралы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңдарына сәйкес аудандық Мәслихат шешім етті:

1

1. Аудандық Мәслихаттың Регламенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Аудандық Мәслихаттың 1999 жылғы 19 наурыздағы XХІ- сессиясының №21/197 «Аудандық Мәслихаттың Регламентін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Шет аудандық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ

Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы
22 қаңтардағы IV-сессиясының
«Аудандық Мәслихаттың регламентін
бекіту туралы» №4/47 шешіміне қосымша
Шет аудандық мәслихатының
РЕГЛАМЕНТІ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Жеркілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 9-бабына сәйкес аудандық Мәслихаттың сессиясында бекітілетін регламентінде мынадай тәртіп айқындалады:

1

1) сессияларды, мәслихат органдарының отырыстарын дайындау және өткізу;

2

2) оларда мәселелерді енгізу және қарау;

3

3) мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептер тыңдау;

4

4) депутат сауалдарын, шешімдерің жобаларын қарау;

5

5) дауыс беру, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да процедуралық және ұйымдастыру мәселелері.
Регламент Мәслихат жұмысын ұйымдастырудың кез-келген басқа да мәселелерін айқындай алады. Регламенттің сақталуын түсіндіру, пайымдау және бақылау құқығы аудандық Мәслихаттың бюджет жоспарлау, қаржы экономика және заңдылық пен құқық қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына беріледі.

2

2. Аудандық Мәслихат - аудан халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес оны орындауға және жүзеге асырылуын бақылауға қажет шараларды белгілейтін сайланбалы орган. Оның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен және басқа да Қазақстан Республикасының заңдылық актілерімен реттеледі. Бұл қызмет ұжымдық, еркін бақылау мен шешімдер қабылдауға, оларды орындауға жеке жауапкершілікке, заңдылыққа, жариялылыққа, құрылатын органдар мен сайланатын лауазымды адамдардың оның алдында есеп беруіне негізделеді. Мәслихаттың шешімі бойынша сессияға қарауға мәселелерді дайындау жөніндегі дайындық жұмысының бір бөлігі тұрақты комиссияларға жүктелуі мүмкін.

3

3. Мәслихаттың депутаттары жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, аудан халқының еркін білдіреді. Оларға депутаттық құқықтар мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық және ұйымдастыру жағдайы қамтамасыз етіледі.
Сессияларды, тұрақты комиссиялардың және мәслихаттың басқа органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар аудан әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
Депутатты жұмысынан босату жөніндегі қажет құжаттарды мәслихаттың аппараты уақытылы рәсімдейді.
Депутат мәслихаттың сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға, аудан аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тындау туралы ұсыныстар енгізуге, аудан әкімдігінің отырыстарының жұмысына қатысуға, мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға құқылы.
Аудандық мәслихаттың әрбір депутатына өкілеттіктерін кедергісіз және тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасалуына, оның құқықтарын, қадырқасиеті мен ар-ожданың қорғауға кепілдік беріледі.
Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары депутаттарға олардың депутаттық өкілеттігін орындауға тиісті көмек жасауға міндетті.

2. 2. Аудандық мәслихаттың сессияларын дайындау және өткізу.

2. Аудандық мәслихаттың сессияларын дайындау және өткізу.

4

4. Мәслихат қызметінің негізгі формасы сессия болып табылады, онда заң бойынша оның құзыретіне жатқызылған мәселелер шешіледі.
Мәслихаттың сессиясы аудандық мәслихатқа сайланған депутаттардың кемі үштен екісі қатысқанда заңды. Сессия пленарлық отырыс түрінде өткізіледі.
Сессияның жұмысына мәслихаттың шешімі бойынша мәслихат белгілеген мерзімде үзіліс жасалуы мүмкін, бірақ ол 15 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгілейды.
Мәслихаттың әрбір отырысы алдында қатысып отырған депутаттарға тіркеу жүрігізіледі, оның нәтижесін сессияның төрағасы отырыстың алдында жария етеді.
Мәслихаттың сессиясы ашық сипатта болады. Жабық сессияларды өткізуге Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттардың үштен бір бөлігінің ұсынысы бойынша, егер осы ұсынысқа қатысып отырған жалпы депутаттар санының көпшілігі дауыс берсе, жол беріледі.
Аудан әкімі, оның орнын басушы адам немесе аудан прокуроры мәслихаттың және оның органдарының ашық және жабық отырыстарына қатысуға құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралдары сессия жұмысының барысы туралы және онда қабылданған шешімдер туралы олар әділет органдарына мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң халықты хабарландырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы аудандық Мәслихаттың ғимаратына, сессия өтетін залға тұрақты қойылады.
Сессияны басқаруды және дайындықты қамтамасыз етуді сессияның төрағасы мен мәслихат хатшысы жүзеге асырады.

5

5. Жанадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясың аудандық Мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, аудандық мәслихаттың депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.

6

6. Мәслихаттың бірінші сессиясының алдында дайындық жұмысын жүргізу үшін ол шақырылардан он күн бұрын депутаттардың жалпы санының екіден бір құрамында селолар мен кенттердің депутаттары өкілдерінің жиналысы өткізіледі.
Жиналыста бірінші сессияның күн тәртібі, сессияның төрағасы, мәслихаттың хатшысы және тексеру комиссиясының төрағасы лауазымдарына кандидатуралар, сессияның жұмыс органдары: секретариаттың, редакциялық және санақ комиссиясының құрамы жөнінде ұсыныстар іріктеледі. Аудандық мәслихаттың тұрақты және тексеру комиссияларын құру, аппаратының құрылымы мен штаты, екінші сессияның күн тәртібі мен төрағасының кандидатурасы мәселелері талқыланады.

7

7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімінен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
Кезектен тыс сессияларды өткізгенде бірінші сессияда кезекті сессияның төрағасы төрағалық етеді, ал екінші кезектен тыс сессияны өткізгенде сессия төрағасының міндетің мәслихаттың хатшысы атқарады.

8

8. Мәслихат хатшысы Мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге – сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге – сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.

9

9. Сессияның күн тәртібі, мәслихат жұмысының перспективалық жоспары, сессияның төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты және басқа комиссиялар, депутаттар топтары мен депутатттар, аудан әкімі ұсынған мәселелер қалыптастырылады.
Сессияның күн тәртібіне қосымша ұсыныстарды сессияның төрағасына аудандық мәслихат, поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ азаматтарды жиналыстарының өкілдері ұсынуы мүмкін.
Сессияның күн тәртібі оны талқылау барысында толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін. Сессияның күн тәртібін бекіту туралы Мәслихат шешім қабылдайды.
Күн тәртібі және сессияны өткізу тәртібі туралы тікелей Мәслихат отырысында ұсынылған ұсыныстар секретариатқа беріледі немесе сөздерінде мазмұндалады. Жазбаша ұсыныстарды сессия төрағасы түскен ретінде дауыстап оқиды.
Күн тәртібі бойынша дауыс беру әрбір мәселе жөнінде жеке өткізіледі.
Мәселе күн тәртібіне енгізілді деп, егер оған мәслихатқа сайланған депутаттардың көпшілігі дауыс берсе есептеледі. Әрбір сессияда депутаттардың сұрақтарына аудан әкімі бөлімдерінің, комитеттерінің, департаменттері мен басқармалары басшыларының жауаптарына уақыт беріледі, оның құрамы сессияны дайындау барысында сессия төрағасының, тұрақты комиссиялардың ұсынысы бойынша белгіленеді.

10

10. Сессияға ұсынылатын мәселелерді сапалы дайындау үшін мәслихат хатшысы сессияны дайындау жөніндегі шаралардың жоспарын уақытылы ұйымдастырады, оны сессия төрағасы аудан әкімінен келісе отырып бекітеді. Шаралар жоспарының жобасы алдын ала тұрақты комиссиялар төрағалары кеңесінің отырысында қаралады.

11

11. Маслихат сессиясына Қазақстан Республикасының Парламентімен облыстық Мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі, жұмысы сессияда қаралатын мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары немесе лауазамды адамдарды шақырылады. Сессияларға сондай-ақ аудан прокуроры немесе оның орынбасары, облыстық маслихатта тіркелген бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысады. Өз шешімімен маслихат жекелеген мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың кейбір басшыларына кеңестік дауыс құқымен қатысуға құқық бере алады. Әрбір сессияға шақырылған адамдардың тізімін оның төрағасы мен маслихаттың хатшысы белгілейді.
Маслихаттың отырысына шақырылған адамдар үшін мәжіліс залында арнайы орындар бөлінеді. Шақырылған адамдар маслихат сессиясының жұмысына араласуға құқы жоқ, қолдайтындығы жөнінде сезімдерін шектеуге, тәртіпті сақтауға және сессия төрағасының өкімдеріне бағынуға міндетті.
Депутат немесе адам, егер ол тәртіпті өрескел бұзған жағдайда, сессия төрағасының өкімі бойынша немесе сессияға қатысушы депутаттардың көпшілігінің талабы бойнша мәжіліс залынан аластатылуы мүмкін.

12

12. Кезекті сесияның төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында депутаттар арасынан ашық дауыспен сайланады. Сессия төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
Мәслихат депутаты мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Мәслихат сессиясының төрағасы:

1

1) сессияны шақыру туралы шешім қабылдайды, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, сессияны және онда қарауға ұсынылатын мәселелерді дайындауға басшылық жасайды;

2

2) сессия отырысын жүргізеді, регламенттің сақталуын қамтамасыз етед, хатшымен бірге мәслихаттың шешімдеріне, хаттамаларға, мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген басқа да құжаттарға қол қояды.
Сессия төрағасы отырыстарды ашады және жабады, баяндамашылар мен сөз сөйлеушілерді хабарлайды, шешімдер мен басқа да құжаттардың жобаларын дауысқа салады, отырыста қаралған мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныстар оқиды. Өз атына түскен сұрақтарға, өтініштер мен ұсыныстарға жауап қайтарады, анықтама береді, мәжіліс залындағы тәртіпті қамтамасыз етеді, депутаттар дауыс беруге ұсынған мәселелерді дауысқа қояды. Отырыс кезінде сессия төрағасының қарап отырған мәселенің мәні бойынша депутаттардың сөздеріне түсінік беруге құқы жоқ.
Сессия төрағасы қаралып отырған мәселелер бойынша ынтымақтастық ахуалын жасауға, тараптардың позицияларын жақындастыруға көмектеседі. Ол тұрақты комиссиялармен, депутаттық топтармен келіспеушіліктен арылу мақсатында консультациялар ұйымдастырады, қажет болған жағдайда комиссиялар, депутаттық топтар арасындағы келіспеушіліктен арылу үшін депутаттардың келісімімен келісім комиссиясын құрады.
Мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша аудан аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың басшылары және басқа лауазымды адамдар мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпарат беру үшін мәслихат сессиясына келуге міндетті.

13

13. Аудандық Мәслихаттың таңертеңгі отырыстары бір үзіліс жасалып, сағат 10-нан 13-ке дейін, күндізгі отырыстары сағат 14-тен 18-ға дейін өткізіледі. Мәслихат отырыстарды өзге уақытта өткізу туралы шешім қабылдай алады. Сессия төрағасы өз бастамасы бойынша немесе депутаттардың дәлелді ұсыныстары бойынша қосымша үзілістер жариялай алады. Сессия отырысының соңында депутаттарға екі минутқа дейінгі қысқа жолданым немесе хабарлама жасау үшін 15 минут уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз ашылмайды.

14

14. Мәслихат отырысытарында баяндамалар үшін уақыт 25 минут шегінде, қосымша баяндамалар үшін – 15 минутқа дейін, жарыссөзде сөйлеушілер үшін – 10 минутқа дейін, кандидатураларды талқылауда бес минутқа дейін, отырысты жүргізу тәртібі, дауыс беру себептері үшін сөз сөйлеуге, анықтамалар мен сұрақтар үшін – 3 минутқа дейін уақыт беріледі.
Қажет болған жағдайда сессия төрағасы отырысқа қатысушы депутаттардың көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеушіге уақытты ұзарта алады. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашылар сұрақтарға жауап береді. Егер сөз сөйлеуші берген уақыттан асып кетсе, онда төраға оның сөзін тоқтатады немесе ерекше жағдайда депутаттардың келісімімен оған қосымша 2-3 минут береді.
Сөз беру туралы өтініш сессия төрағасының атына жазбаша түрде хатшылыққа (секретиариятқа) беріледі, хатшылық (секретариат) оны түскен ретімен тіркеп, сессия төрағасына береді. Сессия төрағасы депутат ауызша өтінгенде де сөз бере алады.
Аудандық Мәслихаттың депутаты бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Депутаттық сауалдар, анықтама ретінде сөйлеу және сұрақтарға жауап жарыссөзге қатысу деп есептелмейді. Сөйлеу құқығын басқа депутатқа беруге жол берілмейді.
Жарыссөз сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің ашық дауысымен қабылданатын шешім бойынша тоқтатылады. Жарыссөзді тоқтату туралы мәселені қойғанда сессия төрағасы сөзге жазылған және сөйлеген депутаттардың саны туралы хабарлайды, кімнің сөз алуды талап ететіндігін анықтайды.
Аудан әкімі аудандық Мәслихаттың хатшысы кез-келген уақытта, бірақ регламент шегінде сөз ала алады.

15

15. Отырысты өткізу тәртібі және дауыс беру жөнінде сөз сөйлеп тұрған адамның сөзі аяқталған соң депутатқа кезектен тыс сөз беріледі. Сессия төрағасы депутаттық сауал, сұраққа жауап және қаралып отырған мәселе бойынша түсінік беру үшін сөзді кезектен тыс бере алады.
Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша беріледі. Жазбаша сұрақтар сессия төрағасына беріледі де мәслихат отырысында дауыстап оқылады.

16

16. Аудандық мәслихатта жұмыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Депутат өзінің қай тілде сөйлейтіндігі туралы сессия төрағасына және мәслихат хатшысына алдын ала хабарлайды.

17

17. Аудандық мәслихаттың отырысында сөз сөйлеушілер өз сөзінде депутаттардың және басқа адамдардың ары мен намысына нұқсан келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздер қолдануға, қазіргі конституциялық құрылымды күшпен құлатуға шақыруға және басқа заңсыз әрекеттерге баруға, қайсібір адамның атына негізсіз айып салуға құқы жоқ. Сөз сөйлеуші осы шарттарды бұзған жағдайда төрағалық етуші оған ескертеді, ал кейін сөзден айырады.
Аудандық Мәслихаттың отырысында ешкімнің де төрағалық етушінің рұқсатынсыз сөйлеуге құқы жоқ. Осы ережені бұзған адам ескертусіз сөзінен айырылады.

18

18. Сессия хатшылығы (секретариаты) жетекшісі және мүшелері құрамында депутаттар мен мәслихат аппараты қызметкерлері арасынан дауыс беру арқылы сайланады. Хатшылық (Секретариат) сессияның хаттамасы мен стенограммасын жүргізуді ұйымдастырады, сөз сөйлеуге ниет білдірушілерді жазып отырады, депутаттық сауалдарды, анықтамаларды, хабарламаларды, өтініштерді, ұсыныстарды және депутаттардан түскен басқа да материалдарды тіркейді, сессияның атына жолданымдармен жұмысты ұйымдастырады, отырыстарды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да қызметтерді атқарады.
Хатшылық (Секретариат) төрағалық етушіге депутаттардан түскен ұсыныстарды, сондай-ақ жарыссөзге қатысуға жазылғандар туралы және басқа депуттардың бастамалары туралы мәліметтерді береді.

19

19. Аудандық Мәслихат ашық дауыспен тақ санды санақ және редакция комиссиясын сайлайды, олардың көпшілігі депутаттар болып табылады, аудан әкімі аппаратының және басқа аудандық ұйымдардың қызметкерлері сайлануы мүмкін. Редакциялық комиссияның құрамы қаралатын мәселенің ерекшелегі, комиссия мүшесінің мамандығы, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі ескеріле отырып, қалаптастырылады.
Редакциялық комиссия кезекті сессияға да сайлануы мүмкін. Сессия хатшылығы (секретариатты), санақ және редакция комиссиясын сайлау туралы шешімдер қабылдайды.

20

20. Шешімдер, басқа да құжаттар мәслихаттың отырыстарында депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Жасырын дауыс беру мынадай жағдайда жүргізіледі:

1

1) аудан әкіміне сенімсіздік көрсеткенде;

2

2) аудандық атқару органының басшысына сенімсіздік көрсеткенде;

3

3) сессияға қатысушы депутаттардың көпшілік дауысымен қабылданған кез-келген мәселені қарағандағы шешім бойынша.
Қатысушы депутаттардың көпшілігінің талабы бойынша жасырын дауыс беріледі, оның нәтижесі бір апта мерзімде аудандық газеттерде жарияланады.

21

21. Ашық дауыс беру өткізгенде санақ комиссиясы дауыстарды санайды. Жасырын дауыс берілгенде комиссия дауыс берудің барлық процесін ұйымдастырып, оның нәтижесін қорытындылайды. Санақ комиссиясы өз құрамынан өз төрағасын және комиссия хатшысын сайлайды, оның шешімі ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Ашық дауыс берер алдында сессия төрағасы дауыс берілуге түскен ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың мазмұнын оқиды.
Ашық дауыс берудің қорытындысы айқын басымдылық болғанда, егер бір де-бір депутаттың қарсылығы болмаса, дауыс беру саналмай-ақ қабылданады.
Жасырын дауыс берудің уақыты мен орнын, оны өткізудің тәртібін санақ комиссиясы регламент негізінде белгілейді де, санақ комиссиясының төрағасы хабарлайды.
Бюллетендер тікелей дауыс беру алдында беріледі, олар санақ комиссиясы белгілеген үлгіде комиссияның бақылаумен отырысқа қатысушы депутаттардың санына тең мөлшерде жасалады да санақ комиссиясының төрағасы қол қояды, Белгіленбеген үлдгідегі бюлеттендер жарамсыз деп саналады. Депутаттар жеке өздері және тек дауыс беретін уақытта ғана дауыс беруге міндетті.
Ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде сайланған депутаттардың жалпы санынан астам дауыс алған кандидаттар, лауазымды адамдар сайланды, бекітілді, қызметінен босатылды деп есептеледі.
Осыған ұқсас кез келген комиссия, олардың төрағалары мен мүшелері сайланады, бекітіледі, қызметтен босатылады.

22

22. Жасырын дауыс берудің нәтижесі бойынша санақ комиссиясы хаттама жасайды, оған бар мүшелері қол қояды да мәслихаттың шешімімен бекітіледі. Дауыс беруде немесе дауыс санауда қателер анықталса мәслихаттың шешімімен қайрадан дауыс беру өткізіледі.

3. 3. Аудандық Мәслихаттың актілерін қарау және қабылдау, ауданның бюджетін, әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту

3. Аудандық Мәслихаттың актілерін қарау және қабылдау,
ауданның бюджетін, әлеуметтік-экономикалық дамуының
жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту

23

23. Аудандық мәслихат шешімдер қабылдайды. Шешімдер сайланған депутаттардың жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады, егер заңда немесе регламентте басқаша белгіленбесе.
Мәслихаттың отырысына қатысушы депутаттардың көпшілік дауысымен процедуралық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады. Оларға мыналар жатады: дауыс беру түрін таңдау, мәселені талқылауға берілетін уақытты белгілеу, жарыссөзді жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау, уақытша депутаттық топтардың жеке құрамын және олардың өкілеттігін бекіту, шешімдерің жобаларын негізге алу, мәслихаттың үндеулері мен өтініштерін қабылдау.
Аудан әкімініе сенімсіздік білдіру туралы шешім депутаттардың жалпы санының 2/3 дауысымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы, аудандық атқарушы органның басшысын босату немесе сенімсіздік білдіру жөнінде – сайланған депутаттар санының көпшілік дауысымен қабылданады.

24

24. Аудандық мәслихаттың қарауына шешімдердің жобаларын, басқа да актілерді ұсыну құқына оның депутаттары, тұрақты комиссиялар, депутаттық топтар, аудан әкімі ие.

25

25. Шешімдердің жобалары, басқа да актілер сессия үстінде, хатшылығына (секретариатқа), ал сессиялар арасындағы кезеңде – сессия төрағасына немесе мәслихаттың хатшысына беріледі.
Қабылданған шешімдердің жобаларын, басқа да актілерді сессияның төрағасы немесе мәслихаттың хатшысы тұрақты комиссияларға қарауға және ұсыныстар дайындауға жібереді. Бір мезгілде сессияға қосымша баяндама бойынша қорытынды дайындау, қосымша ақпаратты тексеру және жинау өткізу жүктелуі мүмкін.
Актілердің жобалары мен басқа мәселелерді дайындау үшін тұрақты комиссиялар өз құрамынан жұмыс топтарын құра алады. Қажет болған жағдайда бірнеше комиссияның бірлескен жұмыс комиссиясы құрылады. Жұмыс тобының жұмысына ынта білдірген кез келген депутат қатыса алады.

26

26. Сессияның төрағасы, мәслихаттың хатшысы, тұрақты немесе дайындық комиссиялары, жұмыс топтары шешімдердің жобаларын ғылыми сараптауға жіберіп, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың пікірлерін сұрайды, дайындалған мәселені және шешімдердің жобаларын еңбек ұжымдары мен азаматтардың жиналыстарында алдын ала талқылай алады. Сессия төрағасының немесе мәслихат хатшысының шешімі бойынша шешімнің жобасы аудандық баспасөзде жарияланады, сонда ескертпелер мен ұсыныстарды қараудың мерзімі мен тәртібі де белгіленеді.

27

27. Шешімдердің баламалы жобаларын мәслихат және оның органдары негізгі шешіммен бірге қарайды. Сессияға мәселе дайындауға қатысушы тұрақты комиссиялар арасында келіспеушілік болғанда комиссиялардың төрағалары және сессия төрағасы оларды жою жөнінде шаралар қолданады, қалған келіспеушіліктер мәслихаттың назарына жеткізіледі.

28

28. Сессияда мәселені қарағанда әдетте баяндама, ал қажет болған жағдайда жетекші тұрақты комиссияның, басқа да тұрақты комиссияның, жұмыс тобының, уақытша комиссияның қосымша баяндаламалары тыңдалады. Тұрақты комиссиялардың, комиссияның және жұмыс топтарының қосымша баяндаманың немесе шешімнің жобасы жөніндегі қорытындыларының қағидаларымен келіспейтін жекелеген мүшелері өз пікірлерін осы мәселе бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейін мазмұндап бере алады.

29

29. Депутаттар және шақырылған адамдар баяндаманы, қосымша баяндаманы және шешімнің жобасы жөнінде тұрақты комиссия қорытындысын талқылайды, шешімнің жобасына түзету ретінде ұсыныстар мен ескертпелер айтады. Жобаны талқылау баптар бойынша өткізіледі. Жобаға түзетулер сессияның хатшылығына (секретариатына) ұсынылатын өзгерістер мен қосымшаларды айқын мазмұндай отырып, олардың шешім жобасы мәтінінің қай жерінде екені көрсетіле отырып, тек қана жазбаша түрде беріледі. Осы талаптарды қанағанттандырмайтын түзетулер қарауға қабылданбайды.

30

30. Әрбір мәселені талқылау аяқталған соң сессия ол бойынша шешім қабылдайды. Егер бір мәселе бойынша шешімдердің жобалары бірнешеу болса, олардың әрқайсысы талқыланғанша барлық депутаттарға берілуі тиіс. Редакциялық комиссия өз пікірін айтады және дәлелдейді: шешімдер жобасының қайсысын негізге алып, қайсысын қабылдамау керек. Дауыс беруге барлық енгізілген шешімдердің жобалары қойылады, жобалардың біріне қатысушы депутаттар көпшілігі негізге алынғаннан кейін депутттар оған түзетулер енгізу процедурасына көшеді.

31

31. Депутаттар тұрақты немесе редакциялық комиссия шешімдері мен жобасын өңдеуге қатысып, оларды қарауға қосымша ұсыныстар мен түзетулерді жазбаша түрде бере алады. Комиссия мәслихатқа қабылданбаған және қабылданған түзетулерін дәлелді негіздемелерімен бірге өңделген жобаны ұсынады. Комиссияның баяндамасында жобаға енген және қабылданбаған ұсыныстар көрсетіледі, түзетулерді қабылдау немесе қабылдамау себептері келтіріледі.

32

32. Шешім жобасына түзетулер болғанда дауыс беру мынадай ретпен жүзеге асыралады:

1

1) ұсынылған (өңделген) жоба негізге алынады, ол қабылданбаған одан әрі дауыс беру тоқтатылады.

2

2) дауыс беруге міндетті түрде кезекпен негізге алынған жобаға кірмеген барлық түзетулер қойылады, дауыс беру арқылы сайланған депутаттардың көпшілігі дауыс бергендері шешімге енгізіледі.

3

3) шешімге жалпы қабылданған түзетулер ескеріле отырып дауыс беріледі. Қабылданбаған жобалар, шешімдер және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайрадан дауыс беруге жол берілмейді.

33

33. Түзетулерге бөлек дауыс беріледі, оларға дауыс берудің ретін төрағалық етуші белгілейді. Алдымен өзгелерді қабылдау – қабылдамауды анықтайтын түзетулер дауысқа түседі. Бірін-бірі жоятын түзетулер бойынша дауыс берілер алдында оларды төрағалық етуші оқып береді. Түзетуді енгізуші оның мәні бойынша түсініктерге немесе дауыс берер алдында оны алып тастауға құқылы. Дауыс беру қабылданатын шешімнің әрбір бабы бойынша жеке өткізіледі. Мәслихат сессиясы және тұрақты комиссиялар қабылданған шешімдер мен басқа құжаттарға мәслихаттың хатшысы мен аппараты қайсыбір түзету енгізуге жол берілмейді. Сесиялардың хаттамалары сессиядан кейін бір айдан кешіктірілмей басылуы тиіс. Барлық сессиялар хаттамаларының бір данасы тұрақты комиссиялар отырысы бөлмесінде болады да депутаттарға олардың өтініші беріледі.

34

34. Аудандық Мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңда белгіленген тәртіпте қарағанды облысы бойынша әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуіне жатады және оларды мәслихаттың хатшысы орындаушылар мен лауазымды адамдарға жеткізеді, аудандық баспасөзде жарияланады.

35

35. Аудандық жоспарлардың, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының жобалары, олардың орындалысы туралы есептер, мәслихаттың басқа да жоспарлы және жоспарлы емес мәселелері, ауданды басқару схемасы, әкімдіктің, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесші органдарының жеке құрамы, сондай-ақ олар бойынша шешімдердің жобалары мәслихатқа кезекті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссиясына қарауға енгізіледі. Мәслихаттың хатшысы осы жобаларды тұрақты комиссиялардың қарауына жібереді.

1

1) Қаржы жылына аудандық бюджеттің жобасын аудан әкімі аудандық мәслихатқа қарауға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заң күшіне енгеннен кейін кемі екі апта мерзімде қарауға енгізеді. Аудандық мәслихат бір ай ішінде оны бекіту жөнінде шешім қабылдайды.
Аудандық Мәслихаттың аудандық бюджеттің жобасын қарау жөніндегі тұрақты (уақытша) комиссиялары отырыстарының хаттамалары аудандық қаржы басқармасына комиссиялар отырысы өткен күні беріледі.
Аудан әкімі мәслихатқа аудандық бюджеттің тұрақты (уақытша) комиссиялардың ескертпелері мен қосымшалары ескерілген жобасын аудандық бюджеттің жобасын тұрақты (уақытша) комиссия қарағаннан кейінгі екі күн ішінде табыс етеді.
Аудандық қаржы басқармасы мәслихат сессиясы басталардан екі аптадан кешіктірмей сессия төрағасына, мәслихаттың хатшысына аудандық бюджет туралы шешімді қосымшалармен және бюджет пен қаржы жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының, аудан әкімінің қаржы мәселесіне жетекшілік ететін орынбасарының, аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісінің қолдарымен бірге табыс етеді.

2

2) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына тиісті жылға аудандық бюджетті нақтылауға қатысты жоспардан тыс мәселелерді енгізгенде материалдарды ұсыну осы регламенттің 35 бабының 1 тармағында көзделген мерзімде жүзеге асырылады.

3

3) Аудандық бюджетті мәслихаттың сессиясында нақтыланғанда оны шақыру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі күнде бюджет жобасын тұрақты (уақытша) комиссияларды және аудандық қаржы басқармасында комиссиялар ұсынған түзетулер мен қосымшалар бойынша жұмыс істеледі.

4

4) Аудан әкімдігі есеп беріп отырған жылдан кейінгі жылдың 15 маусымынан кешіктірмей аудандық Мәслихатқа есепті жылдың аудандық бюджетінің орындалысы туралы жылдық есепті түсініктеме жазбамен және қосымшаларымен бірге аудандық мәслихаттың сессиясында бекітуге екінші тоқсанның аяғына дейін табыс етеді.

4. 4. Мәслихаттың комиссиялары мен депутаттық топтары, лауазымды адамдары, бақылау функцияларын жүзеге асыру.

4. Мәслихаттың комиссиялары мен депутаттық топтары,
лауазымды адамдары, бақылау функцияларын жүзеге асыру.

36

36. Бірінші сессияда аудандық мәслихат депутаттар арасынан мәслихаттың хатшысын сайлайды, ол тұрақты негізде жұмыс істейтін және мәслихатқа есеп беретін лаузымды адам болып табылады. Мәслихаттың хатшысы Мәслихаттың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы жұмысты орындайды.
Оның негізгі лауазымдық міндеті «Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңның 19-бабымен және осы регламентпен белгіленеді. Мәслихат хатшысының лауазымына кандидатураларды мәслихаттың депутаттары мәслихаттың сессиясына ұсынады. Ұсынылатын кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кандидаттар өздерінің алдағы қызметінің жобалық бағдарламасымен таныстырады. Кандидатураларды талқылау мәслихаттың шешімі бойынша тоқтатылады. Кандидат егер ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде депутаттардың жалпы санының жартысынан астам дауыс алса, мәслихаттың хатшысы лауазымына сайланды деп есептеледі.
Мәслихаттың хатшысының сайлануы туралы шешім қабылданады.
Егер мәслихат хатшысының лауазымына екіден астам кандидат ұсынылып, олардың бір де бірі сайлануға талап етілетін дауыс санын ала алмаса, ең артық дауыс алған екі кандидатура бойынша қайрадан дауыс беріледі.
Егер қайтадан дауыс бергенде кандидаттардың бір де бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан астам дауыс ала алмаса, жаңа кандидатуралар ұсыныла отырып, қайтадан сайлау өткізіледі.
Мәслихат хатшысын қызметінен босату туралы ұсыныс мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен сессияға енгізілуі мүмкін.
Мәселе күн тәртібіне қойылғанда ашық дауыс беріледі. Мәслихаттың хатшысы қызметінен мерзімінен бұрын босатылғанда жаңа хатшыны сайлау алғашқыға ұқсас өткізіледі.
Жыл сайын ақырғы сессияда мәслихат хатшысының жұмысы туралы есеп тыңдалады.

37

37. Мәслихат өз өкілеттігінің мерзіміне бірінші сессияда депутаттар қатарынан мәслихаттың қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, оның шешімдерін, заңдарды жүзеге асыруға көмектесу, өз құзыры шегінде бақылау функцияларын орындау үшін тұрақты комиссиялар құрады. Тұрақты комиссияның төрағалары мен мүшелерін мәслихат депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы сайлайды.
Әрбір тұрақты комиссияның құрамына жеке дауыс беріледі. Комиссияның атауы мен саны, олардың сандық және жеке құрамын мәслихат сессия төрағасының, мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша белгілейді. Олардың саны 7-ден аспауы керек. Осы мәселелер бойынша ұсыныстарды кез-келген депутат бере алады.
Тұрақты комиссиялардың құрамы қалыптасқаннан кейін сессияның жұмысында тұрақты комиссиялардың отырыстарынан өткізу үшін үзіліс жасалады, үзілісте олардың төрағалығына кандидатуралар ұсынылады. Комиссияларда төрағаның кандидатурасына алдын ала ұсыну ашық дауыс беру арқылы қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен бекітіледі. Комиссия төрағаларының кандидатураларын сессияда олардың атынан тиісті комиссияның бір депутаты сессияға ұсынады, олардың сандары шектелмейді. Кез-келген депутат сондай-ақ, комиссия төрағалығына кандидатура ұсынуы мүмкін. Мәслихат отырысында төраға кандидатурасын талқылау әр комиссия бойынша жеке өткізіледі. Төрағаның орынбасары және тұрақты комиссияның хатшысы оның ұйымдық отырысында төрағаның немесе депутаттардың ұсынысы бойынша сайланады. Тұрақты комиссиялар шағын комиссиялар, өз қызметінің бағыттары бойынша сектолар құруы мүмкін. Қажет болған жағдайда жаңа тұрақты комиссиялар құрылып, бұрынғы құрылғандары таратылуы немесе қайта құрылуы мүмкін. Тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, қызметі мен өкілеттігі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 12-15 баптарымен белгіленген.
Тұрақты комиссиялардың қаулылары орындалмаған немесе оған лауазымды адамдар әдейі жалған ақпарат берген жағдайда комиссияның ұсынысы бойынша аудандық Мәслихаттың хатшысы тиісті органға тәртіптік шара қолдану үшін ұйғарым жасайды.

38

38. Аудандық мәслихаттың қарауына жататын жекелеген мәселелерді сессияларда қарауға дайындық мақсатында мәслихат, немесе мәслихаттың хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамы, міндеттері, өкілеттік мерзімі мен құқықтарын ол құрылған бетте мәслихат немесе мәслихаттың хатшысы белгілейді. Мәселені зерттеу нәтижесі бойынша уақытша комиссия қорытынды жасайды, ол жетекші тұрақты комиссияға беріледі.

39

39. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады.
Көпшіліктік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді тақылау мақсатында өткізіледі.
Көпшіліктік тыңдаулар өткізу үшін депутаттар арасынан жұмыс тобы құрылады, тыңдауларды дайындау барысында мамандар қатыстырылуы мүмкін. Тұрақты комиссия бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа алда болатын көпшіліктік тыңдаулардың тақырыбын хабарлауға, азаматтарға материалдар жинауға көмек көрсету жөнінде жолданым жасауға құқылы, тыңдаулар аяқталған соң оның нәтижесі халыққа жарияланады. Тыңдауларға дайындық барысында аудан әкімдігі, оның бөлімдерінің, комитеттерінің, департаменттерінің, басқармаларының және басқа бөлімдерінің, комитеттерінің, департаменттерінің, басқарламаларының және басқа бөлімшелерінің, құқық қорғау органдарының, банктердің, меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың басшылары комиссия мүшелеріне тыңдауларды дайындау жөнінде қажетті ақпаратты, материалдарды және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңымен танылған құпиялардан басқа аудандық Мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша құжаттарды кедергісіз беруге міндетті. Көпшіліктік тыңдауларға тұрақты комиссия өзі белгілеген адамдарды шақырады. Тыңдауларға кеңесші дауыс құқымен аудандық Мәслихаттың басқа тұрақты комиссиясының депутаттары, сондай-ақ журналистер, азаматтар қатысуға құқылы. Тұрақты комиссия көпшіліктік тыңдауды дайындау және өткізу үшін құрған жұмыс тобы жазбаша қорытынды дайындайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды, онымен мүдделі адамдардың бәрі танысуы тиіс. Тыңдаулардың нәтижесі бойынша тұрақты комиссия қаулы қабылдайды. Егер көпшіліктік тыңдаулар барысында анықталған кемшіліктерді жою үшін аудандық Мәслихаттың, аудан әкімінің немесе республикалық органдардың араласуы қажет болса, онда комиссияның қорытындысы мен қаулысы осы органдарға жолданады. Тұрақты комиссияның көпшіліктік тыңдаулары нәтижесі бойынша өз өкілеттігі шегінде қабылдаған қаулылары аудандық, қалалар мен аудандардың басқару органдарының, олардың бөлімшелерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың лауазымды адамдары мен азаматтардың орындауы үшін міндетті.

40

40. Аудандық бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылау үшін мәслихат өзі өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Комиссияның төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Аудандық Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар және мамандар да шарт негізінде тартылады. Олардың жұмысын қалыптастыру тексеру комиссиясы арқылы үйлестіріледі.
Тексерістер мәслихаттың, тескеру комиссиясысының, не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінде талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңдылығымен белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасайды, ол туралы комиссия мәслихат пен әкімдікке хабарлайды. Тексеру жылына кемінде бір рет өткізіледі. Тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысына ұқсас жүргізіледі.

41

41. Мәслихат депутаты сессия төрағасына, мәслихат хатшысына, аудандық әкімдігінің, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына мәслихаттың құзырына жататын қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша сауалдар беріп, сессияда жария етуге құқылы.

42

42. Сауал жазбаша түрде бірінеше депутаттың атынан берілсе, онда олардың фамилиялары мен сайлау округтерінің номері көрсетіліп, барлық депутаттар қол қоюы тиіс. Аудандық Мәслихаттың тұрақты немесе уақытша комиссиясының атынан жасалатын жазбаша сауалға оның төрағасы қол қояды. Тексеру комиссияның атынан сауал беру туралы шешім комиссияның отырысында қабылданып, хатталады.

43

43. Сессияның басталуына дейін енгізілген сауалдар сессияның төрағасына, мәслихаттың хатшысына беріледі де мәселе оның отырысында сессияның күн тәртібіне енгізуді шешу қойылғанда қаралады. Сауалдардың көшірмесін мәслихаттың хатшысы мерзімі және жауап беру тәртібін көрсете отырып, ол бағытталған органға немесе лауазымды адамға жолдайды. Сессияны өткізу барысында енгізілген сауалдар төрағалық етушіге отырыста беріледі. Сауалдар жаупаты оқу және кейін талқылау үшін мәслихат хатшысы мемлекеттік органның басшысы немесе оның орнындағы адамды сессияға шақырады.

44

44. Сессияда қаралуға тиіс мәселеге байланыссыз сауалдарды Мәслихат күн тәртібіне жеке мәселе ретінде енгізеді немесе сессияның жұмысының соңында арнайы бөлінген уақытта қаралады. Мәслихат сессияның күн тәртібін сауалдар мен сұрақтарға мүмкіндік болатындай етіп уақыт резервін қалдыра отырып белгілейді. Сауалдарға жауап беруге 15 минут, ал сұрақтарға жауап беруге бес минутқа дейін жауап беріледі. Сессияда шешілуге тиіс мәселеге байланыссыз сауалдар күн тәртібіне енгізілмейді де төрағалық етуші сессияда тиісті мәселе бойынша жарыссөз басталғанда дейін жария етеді.

45

45. Егер сауал тиісті емес мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға қойылса, аудандық мәслихаттың құзырынан тыс болса, немесе Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын сәйкес мемлекеттік немесе қызметтік құпия болып табылатын ақпарат беру талап етілсе, яки болмаса тергеу немесе анықтау органдарында өндірісте жатқан қылмысты істер жөніндегі мәліметтер болса, қабылданбайды. Жоғарыда аталған негіздер бойынша сауалдарды қабылдамауды мәслихат, ал сессия арлығындағы кезенде сессияның төрағасы немесе мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаттардың қоғамдық маңызы жоқ жолданымын сауал деп танымауына болады. Бұл жағдайда оны қарау депутаттық жолданымның басқа түріне жатқызылады. Сауалды пайдалылық себебімен қайтаруға жол берілмейді.

46

46. Мәслихат сауалды қарауды басқа сессияға ауыстыруы мүмкін. Сессияның күн тәртібін бекіткенге дейін оны енгізген депутаттар қайтарып ала алады. Күн тәртібі бекітілгеннен кейін сауалды қараудан алып тастау тек қана мәслихаттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Жазбаша түрде берілген сауалдар сессияның хаттамасына тіркеледі.

47

47. Депутаттық сауал жолданған мемлекеттік органның басшысы, немесе лауазымды адам, егер сауалда жауап берудің бұдан ұзақ мерзімі көрсетілмесе, осы сессияда оған аудандық мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша жауап беруге міндетті. Сауалға жауап талқылауға қойылады. Сауал бойынша шешім қабылданады. Отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауысымен сауал бойынша талқыламай-ақ шешім қабылдау орынды деп танылуы мүмкін. Осы шешімді қабылдауға байланыссыз өз аттарынан сауал берген депутаттар оған жауап берген органға немесе лауазымды адамнан қосымша түсінік алуы, сөз сөйлеуге немесе мәлімдеме білдіруі мүмкін.
Депутат аудан аумағында орналасқан атқарушы органдарға және ұйымдарға сайлаушылардың мүддесіне қатысты мәселелер бойынша депутаттық сауалдар беруге және жолданымдар жіберуге құқылы және олардан заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап алуға тиіс.

48

48. Депутаттық сауал, оған жауап, сауал бойынша қабылданған шешім ол туралы қысқаша ақпарат аудандық баспасөзде жарияланып, радио немесе телевизия арқылы берілуі мүмкін.

49

49. Ауданның селолары (ауылдары) кенттері мен аумақтарынан сайланған мәслихат депутаттары аудандық Мәслихаттың кемі бес депутат құрамында саяси партиялардың депутаттық тобы түрінде бірігуі мүмкін.
Саяси партиялардың депутаттық тобын тіркеу Мәслихат сессияында жүзеге асыра алады.
Саяси партиялардың депутаттық топтары, аудандық мәслихат қарайтын мәселелер бойынша пікір алмасу өткізеді. Депутаттық топтар мәслихаттың отырысында сөз сөйлеу үшін өз өкілін ұсынуға құқылы.

5. 5. Аудандық мәслихат қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

5. Аудандық мәслихат қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

50

50. Аудандық Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды. Сессияларды өткізу, басшылықты, ақпаратты және тұрақты комиссияларды орналастыру үшін жабдықталған бөлмелер бөлінеді.

51

51. Мәслихаттың және оның органдарының қызметін қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруда көмек көрсету үшін аудандық Мәслихаттың аппараты құрылады, оның құрамында міндетті түрде заң кеңесшісі көзделеді. Мәслихат жыл сайын өз қызметін қамтамасыз етуге шығындардың сметасын бекітеді. Мәслихаттың хатшысы аппараттың жұмысына басшылық етеді, оның қызметшілерін тағайындап, қызметтен босатады.

52

52. Аудан орталығынан тыс тұратын депуттарға сессияда, депутаттық комиссиялардың отырыстарында, депутат жұмысы бойынша аудандарға облыстық қалаларға сапар шегу уақытына қызметтік іс-сапарда болған ретінде тәуліктік ақы төленіп, жолақы, тұрғын бөлме жалдау жөніндегі шығындары қайтарылады.
Депутатқа аудандық Мәслихаттың шығындары есебінен депутаттық қызметі үшін кеткен кеңселік және пошталық шығындары төленеді.
Ақсу-Аюлы селосында тұратын депутаттарға сессия өткізілетін күндері түскі үзілісте тиісті есептік нормативтің 0,5 ставкасы мөлшерінде тамақтануы төленеді.

53

53. Мәслихат сессиясы депутаттарға берілетін жазбаша ақпараттың тізімі мен мерзімділігін бекітеді. Ақпарат беруге жауапты органдар мен лауазымды адамдар да белгіленеді.
Депутаттар сайланған селолар (ауылдар) кенттерде, сайлау округтерінде сайлаушыларды қабылдау және олардың депутаттармен кездесуі үшін бөлмелер бөлінеді.

54

54. Аудандық Мәслихат өзінің өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар төрағаларының кеңесін мына құрамда құрады: тұрақты және тексеру комиссияларының төрағалары, саяси партиялар депутаттық топтарының басшылары, мәслихаттың хатшысы, кезекті сессияның төрағасы, мәслихаттың хатшысы ұсынатын 1-3 депутат.
Мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағаларының кеңесі кеңесші орган болып табылады, оның құрамы сессияда бекітіледі. Қаралатын мәселелер бойынша ол ұсыныстар мен қорытындалар қабылдайды. Тұрақты комиссиялар төрағаларының кеңесі өз отырыстарын қажет болған жағдайда өткізеді. Қажет болған жағдайда кезекті сессияның төрағасы немесе аудандық мәслихаттың хатшысының бастамасымен тұрақты комиссиялар төрағасы кеңесінің кезектен тыс мәжілісін өткізуі мүмкін.
Тұрақты комиссиялар төрағалары кеңесінің отырысына жекелеген депутаттар, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сарапшылар мен мамандар шақырылуы мүмкін. Тұрақты комиссиялар төрағалары кеңесінің отырыстарында мыналар талқыланады: алдағы сессиялардың күн тәртібі мәселелері; күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу үшін ұсыныстар; аудандық Мәслихаттың құрылымы, штаттық кестесі және шығындары сметасының жобасы; сессияға шығарылатын мәселелерді дайындау барысы; сессияда қарауға шығарылатын шешімдердің, үндеулердің, мәлімдемелердің және басқа құжаттардың жобалары; депутаттар қызметін анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету; алдағы сессиялар төрағаларына, редакциялық комиссияларға, сессияға мәселелер дайындау жөніндегі жұмыс тобы құрамына кандидатуралар ұсыну; аудандық Мәслихат аппаратының жекелеген қызметкерлерінің жұмысын талқылау; кезекті сессияда жұмысы туралы ақпарат тыңдалатын лауазымды адамның кандидатурасын белгілеу; аудандық мәслихат және оның тұрақты комиссиялары қабылдайтын шешімдер мен қаулылардың орындалысы; көпшіліктік тыңдауларға дайындықтаң барысы; ауданда азаматтардың құқығын сақтауға байланысты мәселелер және қажет болғанда сессияға мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қатынастарда туындайтын мәселелер жөнінде ұсыныстар; басқа мәселелер.
Тұрақты комиссиялар төрағалары кеңесінің отырыстарын аудандық мәслихат аппаратының бір қызметкері қысқа хаттамалап отырады. Тұрақты және тексеру комиссияларының төрағалары комиссиялардың кезекті отырыстарында депутаттарға тұрақты комиссиялар төрағалары кеңесінің отырысында қаралған мәселелер мен қабылданған ұсыныстар туралы хабарлап тұрады. Тұрақты комиссиялар төрағалары кеңесінің жұмысына аудандық мәслихаттың хатшысы басшылық жасайды.

6. 6. Сайлау комиссияларын құру тәртібі.

6. Сайлау комиссияларын құру тәртібі.

55

55. Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу аудандық Мәслихаттың шешімін қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды қалыптастыру саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жүргізіледі.
Сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі мен саны қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылады.

56

56. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған лауазымына осы сайлау комиссиясында өкілі жоқ саяси партия мен басқа қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар қабылданады. Босаған лауазымды ауыстыру процедурасы осы регламенітің 57, 58, 59 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

57

57. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссиясын құру сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру жарияланғаннан кемі үш күн бұрын мерзімде аудандық Мәслихат хатшысының өкімі негізінде жүзеге асырылады.
Уақытша комиссияның құрамы депутаттардан және аудандық Мәслихаттың аппараты қызметкерлерінен құрылады.
Сайлау комиссиялары өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей аудандық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарына жаңа сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлайды. Хабарламада құруға жататын сайлау комиссияларының тізбесі, сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшін ұсынылған кандидатуралар бойынша ұсыныстардың мерзімі мен тәртібі, осы ұсыныстар берілетін мекен-жай көрсетіледі.
Сайлау органдарының тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланғаннан бастап 30 күннің ішінде саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктер ұсынылатын сайлау комиссиясын көрсете отырып тиісті формаға сәйкес кандидаттар тізімін жібереді, оларға мыналарды қоса береді:

1

1) саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестікті, оларды құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасына көшірмені;

2

2) саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжатты көшірмесін;

3

3) кандидаттың тиісті мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

7. 7. Сайлау комиссияларын құру және сайлау.

7. Сайлау комиссияларын құру және сайлау.

58

58. Мәслихаттың уақытша комиссиясы партия және басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиядан құрылатын сайлау комиссиясының құрамына түскен ұсыныстарды жинастырумен, өндеумен айналысып, аудандық Мәслихаттың бекітуіне ұсынады.
Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санына тең (жеті) ұсыныс түскенде уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсыныс енгізеді. Егер мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелері санынан артық (жетіден артық) ұсыныс болғанда, уақытша комиссия мәслихаттың отырысында рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. Уақытша комиссия әрбір депутат үшін осы кандидатураны қандай саяси партия енгізгенің көрсете отырып саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кіретін бюллетенді дайындайды. Бюллетенге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен қосылады. Депутаттар бюллетенге кандидатуралар тектерінің және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы жеті квадратқа ғана белгі қояды. Алғашқы жеті орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкілдері болып саналады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетіспейтін кандидатуралар бойынша бос орындарға басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныс енгізеді.

59

59. Рейтингтік дауыс бергеннен кейін есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын, хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастыру мәжілісін жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесін атайды. Бұл кандидатураны есеп комиссиясы Мәслихат депутаттарының берген дауысының санына қарай анықтайтын болады. Мұндай депутаттар дауысы бірдей болған жағдайда аталмыш кандидатура депутаттардың ашық дауыс беруімен анықталады.
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясы құрылғаннан кейін кемінде жеті күннің ішінде сайлау комиссиярының отырысында сайланды.
Аудандық Мәслихат сайлау комиссняларының құрамын және өзгерістерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жарияланатын материалдардың көлемі сол басылымның бір нөмірінде оның қосымшасымен бірге жарияланады.