Некоторые вопросы Министерства транспорта Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетіне және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ведомстволары республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясында) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органдар болып айқындалсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне және оның ведомстволарына берсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы
ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы
ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі; сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі; аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар; әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар; автомобиль жолдары салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті.
Тармақ 3
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі; сауда мақсатында теңізде жүзу салаларындағы; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі; аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар; әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар; автомобиль жолдары салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 2
2) Министрліктің құзыретiне кіретін қызмет саласында мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) көліктің және оның өміршеңдік циклі процестерінің адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) көлік саласында инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 5
5) мемлекеттің және халықтың тасымалдауға мұқтаждығының болжамдарын әзірлеу;
Тармақша 6
6) көлік саласында Қазақстан Республикасының мүддесін қорғау;
Тармақша 7
7) экономиканың және республика халқының тасымалдауға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалына және оларға байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 8
8) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, жаңа технологияларды, мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген құрылғылар мен технологиялардың ұтқырлығын жеңілдететін құралдарды пайдалану;
Тармақша 9
9) жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік жұмыскерлерін мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау және оларға қызмет көрсету дағдыларына, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;
Тармақша 10
10) көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттiк реттеу функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) реттелетiн салаларда мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) реттелетiн салаларда мемлекеттiк басқару;
Тармақша 14
14) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімді сақтау;
Тармақша 15
15) өз құзыретi шегiнде Министрлікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындауға міндетті құқықтық актілерді қабылдайды;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құрады;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасады;
Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) міндеттері:
өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер мен ескертулер береді;
Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелейді, тәртіптік жазалар қолданады, материалдық жауаптылыққа тартады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын реттелетін салаларда (аяларда) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) экономиканың тиісті салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде бәсекелестікті дамыту және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекет (әрекетсіздік) жасамау жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 4
4) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
Тармақша 5
5) реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6-1
6-1) тексеру парағына енгізілген талаптар арасынан бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындау;
Тармақша 6-2
6-2) ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қадағалау актілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6-3
6-3) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрiн осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған кезде) айқындау;
Тармақша 6-4
6-4) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібін және нысанын айқындау;
Тармақша 6-5
6-5) өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 10-1
10-1) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Тармақша 12
12) құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 13
13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді алдын ала талдау рәсімін жүргізу;
Тармақша 14
14) реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 15
15) реттелетiн салаларда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;
Тармақша 17
17) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 18-1
18-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 18-2
18-2) «электрондық үкімет» архитектурасын іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 18-3
18-3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту;
Тармақша 18-4
18-4) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру;
Тармақша 18-5
18-5) электрондық ақпараттық ресурстардың толықтырылуын жүзеге асыру, олардың анықтығы мен жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 18-6
18-6) «электрондық үкiметтi» дамытуға қатысу;
Тармақша 18-7
18-7) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органның қарауындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Тармақша 18-8
18-8) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыру;
Тармақша 18-9
18-9) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасын есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыру;
Тармақша 18-10
18-10) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз ету және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
Тармақша 18-11
18-11) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
Тармақша 18-12
18-12) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру;
Тармақша 18-13
18-13) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыру, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 18-14
18-14) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
Тармақша 18-15
18-15) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту кезінде тиісті қызмет салалары мамандарының цифрлық сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 18-16
18-16) операторға «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды беру;
Тармақша 18-17
18-17) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындау;
Тармақша 18-18
18-18) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының жұмыскерлерін, ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік бере отырып, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету;
Тармақша 18-19
18-19) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, операторға деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік беру;
Тармақша 18-20
18-20) деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына беру;
Тармақша 18-21
18-21) «электрондық үкімет» архитектурасын іске асыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесін» дамытуға қатысу;
Тармақша 19
19) Қоғамдық кеңес құру;
Тармақша 20
20) Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
Тармақша 21
21) Министрліктің өзге де жұмыс органдарының жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуын келісу;
Тармақша 22
22) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында Министрлік өкілдігінің дербес құрамын айқындау;
Тармақша 23
23) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 24
24) Қоғамдық кеңестің құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 25
25) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобасын Қоғамдық кеңеске жіберу;
Тармақша 27
27) Қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларды өткізу мерзімдерін келісу;
Тармақша 28
28) Министрлік жұмысының нәтижелері туралы Қоғамдық кеңеске есеп беру;
Тармақша 29
29) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау және талдау жүргізу;
Тармақша 29-1
29-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде азаматтардың петицияларын қарау;
Тармақша 30
30) мемлекеттік кызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 30-1
30-1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 30-2
30-2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 30-3
30-3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 30-4
30-4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
Тармақша 30-5
30-5) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;
Тармақша 30-6
30-6) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 30-7
30-7) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асыру;
Тармақша 30-8
30-8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қолдану;
Тармақша 30-9
30-9) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 30-10
30-10) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беруді қамтамасыз ету;
Тармақша 30-11
30-11) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беру;
Тармақша 30-12
30-12) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға беру;
Тармақша 30-13
30-13) өзінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін заңнамасын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіру;
Тармақша 30-14
30-14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу;
Тармақша 30-15
30-15) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 31
31) халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктермен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 32
32) халықаралық ұйымдармен және (немесе) шет мемлекеттермен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу;
Тармақша 33
33) реттелетін салаларда кадрлар қажеттілігін айқындау;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталға қатысу үлесіне) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 34-1
34-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 34-2
34-2) бюджеттік субсидияларды төлеу қағидаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 34-3
34-3) лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын айқындау қағидаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 34-4
34-4) мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 34-5
34-5) мемлекеттік органның даму жоспарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әрбір үш жыл сайын бесжылдық кезеңге әзірлеу және бекіту;
Тармақша 34-6
34-6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының жобаларын келісу;
Тармақша 34-7
34-7) республикалық бюджеттен шығыстар жоспарланатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының жобаларын келісу;
Тармақша 34-8
34-8) бюджетті жоспарлау және атқару кезеңдерінде нәтижелерді басқаруды жүзеге асыру;
Тармақша 34-9
34-9) бюджеттік заңнамаға сәйкес мақсаты мен тақырыбына қарай шығыстарға шолуды жүргізу;
Тармақша 34-10
34-10) бюджет заңнамасына сәйкес мониторингтеуді жүзеге асыру;
Тармақша 34-11
34-11) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібіне сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің есеп-қисаптарын әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
34-12 заттай нормаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 34-13
34-13) көлік инфрақұрылымының ең төменгі стандарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 34-14
34-14) жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарын қаржыландырудың салалық әдістемелерін жергілікті атқарушы органдармен, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 34-15
34-15) байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 34-16
34-16) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 34-17
34-17) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 34-18
34-18) үлгілік конкурстық құжаттамаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын қоса алғанда, салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 34-19
34-19) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) және тікелей келіссөздерді ұйымдастыруды жүзеге асыру, оның ішінде қажет болған кезде конкурстық құжаттаманы әзірлеу үшін білікті заңды тұлғаларды тарту;
Тармақша 34-20
34-20) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастыру және бекіту;
Тармақша 34-21
34-21) тиісті салада республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу;
Тармақша 34-22
34-22) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 34-23
34-23) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары жөнінде ақпарат беру және бұл ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялау;
Тармақша 34-24
34-24) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін республикалық меншікке беруді ұйымдастыру;
Тармақша 34-25
34-25) республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша бұрын жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жаңа жекеше әріптестерді тартуды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 34-26
34-26) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобаларын, оның ішінде табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу;
Тармақша 34-27
34-27) жекеше әріптестердің мемлекеттік функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етуін көздейтін жобалар бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оларға бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органмен келісу;
Тармақша 34-28
34-28) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына салалық қорытынды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар дайындауды жүзеге асыру;
Тармақша 34-29
34-29) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекеше әріптесті айқындау қағидаларын бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 35
35) жаңа магистральдық жолдарды салу бойынша шешімдер қабылдау;
Тармақша 36
36) магистральдық темiржол желiсiн пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 37
37) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 38
38) әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 39
39) вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржылық лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 40
40) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 41
41) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарт заңнамаға сәйкес бұзылған жағдайда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын және жолаушылар вагондарын сатып алуға берілетін кредиттік қаражатты қайтару мен қаржылық лизингті төлеу міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін жаңа тасымалдаушыны айқындау;
Тармақша 42
42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша шарт жасасу;
Тармақша 43
43) әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілеу;
Тармақша 44
44) вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 45
45) вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
Тармақша 46
46) темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау тәртiбін және шарттарын белгілеу;
Тармақша 47
47) мемлекеттік меншік болып табылатын теміржол арқылы теміржол қатынасын тоқтату тәртібін белгілеу;
Тармақша 48
48) жылжымалы құрамды және жылжымалы құрамның кепілін міндетті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін белгілеу;
Тармақша 49
49) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша темiржол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау жұмыскерлерiн нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 50
50) темiржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктiң әскерилендiрiлген күзетiн қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
Тармақша 51
51) арнайы тасымалды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 52
52) магистральдық темiржол желiсiне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн әзірлеу және бекiту;
Тармақша 53
53) жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісінің құрамына беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 54
54) жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 55
55) темiржол көлiгiндегi қауiпсiздiк қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 56
56) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 57
57) темiржол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарда жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiржол арқылы жүру және өту қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 58
58) шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 59
59) теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 60
60) теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 61
61) әлеуметтік маңызы бар қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 62
62) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 63
63) теміржолды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 64
64) теміржолды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 65
65) тасымалдауды жүзеге асыру кезінде ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
Тармақша 66
66) теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 67
67) әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау;
Тармақша 68
68) магистральдық теміржол желісі Ұлттық инфрақұрылым операторына беріле отырып, Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін ұлттық басқарушы холдингке беру шарттары мен тәртібін белгілеу;
Тармақша 69
69) мемлекет меншігіндегі магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілері Ұлттық инфрақұрылым операторына беріле отырып, Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін ұлттық басқарушы холдингке беру шарттары мен тәртібін белгілеу;
Тармақша 70
70) Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеуші төлемді есептеу және төлеу қағидаларын келісу;
Тармақша 71
71) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багажды, жүкті және жүк-багажды тасымалдауды шектеу туралы, әкелуге, әкетуге, олардың транзитіне тыйым салу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 72
72) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторын белгілеу;
Тармақша 73
73) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын келісу;
Тармақша 74
74) Қарулы Күштердің басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту;
Тармақша 75
Тармақша 76
76) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 77
77) авария мен апат кезінде шұғыл шақыру жүйесі операторының функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау;
Тармақша 78
78) авария мен апат кезінде шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 79
79) республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 80
80) жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 81
81) республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 81-1
81-1) тасымалдаушылардың жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялаудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 82
82) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 83
83) автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 84
84) автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 85
85) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобиль тасымалында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 85-1
85-1) рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсатты алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;
Тармақша 86
86) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 87
87) Қазақстан Республикасының аумағында ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердiң тасымалын ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 88
88) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 89
89) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 90
90) автоматтандырылған өлшеу станцияларының тізілімін жүргізу;
Тармақша 91
91) қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 92
92) төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту тәртiбiн айқындау;
Тармақша 93
93) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 94
94) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 95
95) автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiру және оның аумағынан шығу, сондай-ақ оның аумағы арқылы транзитпен жүріп өту тәртiбiн айқындау;
Тармақша 95-1
95-1) Түркістан қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігі жүрісінің схемалары мен тәртібін айқындауды келісу;
Тармақша 96
96) автомобильмен тасымалдаушыларға автомобильмен халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 97
97) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жол берiлетiн қауiптi жүктердiң тiзбесiн әзірлеу және бекiту;
Тармақша 98
98) кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 99
99) жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 100
100) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 101
101) кемелермен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін әзірлеу және бекiту;
Тармақша 102
102) теңіз портының мiндеттi түрде көрсететін қызметтерінің тiзбесiн айқындау;
Тармақша 103
103) ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 104
104) кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 105
105) теңіздегі кеме қатынасы аясында навигация және байланыс саласындағы қызметтерді ұсыну жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау;
Тармақша 106
106) теңізде жүзу кітапшасының үлгісін, оны ресімдеу және беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 107
107) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 108
108) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын куәландыру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымды айқындау;
Тармақша 109
109) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 110
110) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ медициналық қорытындының нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111
111) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидаларын әзірлеу және оларға қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 112
112) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 113
113) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 114
114) навигациялық орталықтың көрсететін қызметтерін пайдалану тарифтерін (бағасын) әзірлеу және бекіту;
Тармақша 115
Тармақша 116
Тармақша 117
Тармақша 118
118) теңiз кемелерiн жабдықтау жөнiндегi қағидаларды әзірлеу және бекiту;
Тармақша 119
119) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 120
120) кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 121
121) Министрдің бұйрығымен бекітілген кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру және сыныптау;
Тармақша 122
122) Министрдің бұйрығымен бекітілген Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру, сыныптау және есепке алу;
Тармақша 123
123) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелердегі көлік оқиғаларын тергеп-тексеру;
Тармақша 124
124) кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 125
125) теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 126
126) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 126-1
126-1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме экипажының құрамына кіре алатын жағдайларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;
Тармақша 127
127) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелердегі көліктік оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 128
128) шағын көлемді кемені және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 129
129) кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу тәртібі мен нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 130
130) Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 131
131) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 132
132) теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру тәртiбiн айқындау;
Тармақша 133
133) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау жұмыскерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 134
134) мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 135
135) палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 136
136) ішкi су жолдарын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 137
137) кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 138
138) жағалау белдеуiн пайдалану тәртiбiн айқындау;
Тармақша 139
139) кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн айқындау;
Тармақша 140
140) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 141
141) қауiптi жүктердi тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 142
142) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 143
143) кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 144
144) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және одан түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін айқындау;
Тармақша 145
145) ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 146
146) ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 147
147) ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 148
148) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кемелердегі қызмет жарғысын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 149
149) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін сүйреу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 150
150) кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 151
151) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау жұмыскерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 152
152) палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 153
153) кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар мен талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 154
154) шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 155
155) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 156
156) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багажды және жүкті әкелуге, әкетуге, олардың транзитіне тыйым салу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 157
157) білім беру саласындағы уәкілетті органмен және (немесе) ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту;
Тармақша 158
158) ұлттық контингентін бітімгершілік операцияға қатысуға жіберу жоспарланған мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) қолжетімді байланыс түрлерімен қамтамасыз етуге және ұлттық контингент пен жүктерді бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) және кері қарай тасымалдауға жәрдемдесу;
Тармақша 159
159) аралас тасымалдар қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 160
160) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде көлік кәсіпорындарының шарттық қатынастарын тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдау;
Тармақша 161
161) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тiзбесiн, нысанды киiмнiң (погонсыз), нөмiрлi омырау белгiлерiнiң, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн әзірлеу және бекіту;
Тармақша 162
162) тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін белгіленген тәртіпке сәйкес әзірлеу және бекіту;
Тармақша 163
163) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 164
164) көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 165
165) автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 166
166) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 167
167) қалалық рельсті көлікті күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 167-1
167-1) республикалық маңызы бар қалада, астанада қалалық рельсті көлікті мемлекет кепілдігімен тартылған қарыздар есебінен дамыту кезінде көлік кәсіпорнының осы қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 168
168) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 169
169) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 170
170) көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 171
171) автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарға жұмсалатын шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін дайындау;
Тармақша 172
172) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 173
173) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
Тармақша 174
174) қолданыстағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу үшін техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу тәртібін белгілеу;
Тармақша 175
175) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілетін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттік жоспарлау;
Тармақша 176
176) автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 177
177) автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 178
178) автомобиль жолдарының жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 179
179) жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 180
180) жол дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 180-1
180-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жұмыстар мен материалдардың сапасына Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының сараптама жүргізуін ұйымдастыру;
Тармақша 180-2
180-2) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін беру жөнiндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен талаптарын, олармен жүрiп өту үшiн мөлшерлемелер мөлшерiн әзiрлеу;
Тармақша 180-3
180-3) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу, диагностикалау және паспорттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес автожол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 181
181) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті станция жолдарының, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектілердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 182
182) тасымалдарды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтерді орындауға арналған шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын айқындау;
Тармақша 183
183) теміржол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзет алып жүруге тиіс жүктердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 184
184) теміржол көлігі жұмыскерлерін кәсіби үздік белгімен марапаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 185
185) экспедитор қызметін көрсету тәртібін айқындау;
Тармақша 186
186) вагондар (контейнерлер) операторлары ұсынатын қызметтер тәртiбiн айқындау;
Тармақша 187
187) локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету тәртібін айқындау;
Тармақша 188
188) тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 189
189) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша магистральдық теміржол желісінде көрсетілетін қызметтерге кіретін операциялардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 190
190) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша кірме жолдарда көрсетілетін қызметтерге кіретін операциялардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 191
191) теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 192
192) жаңадан салынып жатқан жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуын келісу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 193
193) күзет аймағындағы жерлердің көлемдерін, пайдалану режимін айқындау жөніндегі және теміржол көлігінің мұқтаждарына бөлінген белдеудегі жерлерді пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 194
194) жолаушылар пойыздарын тексеруді тағайындау туралы актіні есепке алу журналын жүргізу тәртібі мен оның нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 195
195) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елді мекендердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен келісу бойынша теміржол станцияларының, разъездердің жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін айқындау;
Тармақша 196
196) пойыздардың қозғалысына тікелей байланысты теміржол көлігі жұмыскерлерінің кәсіби даярлығы мен денсаулығы жөніндегі талаптарды айқындау;
Тармақша 197
197) жолаушылар пойыздарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібі мен шарттарын айқындау;
Тармақша 198
198) лауазымдар (кәсiптер) тiзбесiн, лауазымдарға (кәсiптерге) қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби даярлық деңгейiн, лауазымға (кәсiпке) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын айқындау тәртiбiн белгiлеу;
Тармақша 199
199) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар қорының тізбесін айқындау;
Тармақша 200
200) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 201
201) пойыздардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 202
202) жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімдерін ұзарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 203
203) теміржол өткелдерін техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 204
204) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау жұмыскерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 205
205) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есепке алуды жүргізу және есептілікті беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 206
206) Қазақстан Республикасының аумағында жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген теміржол көлігіндегі оқиғаларды, апаттарды, аварияларды тергеп-тексеру;
Тармақша 207
207) пойыздар қозғалысына байланысты терминдерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 208
208) Қазақстан Республикасында теміржол көлігіндегі жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 209
209) теміржол көлігіндегі табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат пен материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, жанармай, энергия шығыстарының, техникалық шығындарының техникалық және технологиялық үлгілік нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 210
210) теміржол вокзалдарының тізбесін олардың сыныбына сәйкес әзірлеу және бекіту;
Тармақша 211
211) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 212
212) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 213
213) магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық тұрғыдан қажетті өзге де объектілер тізбесіне енгізу және одан алып тастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 214
214) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 215
215) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 216
216) жолаушылар тасымалдаушыларының әлеуметтік маңызы бар жолаушылар қатынастарына жатпайтын жаңа теміржол қатынастарын ашуын келісу;
Тармақша 217
217) теміржол көлігінде қолданылатын бірыңғай есепке алу-есептеу уақытын белгілеу;
Тармақша 218
218) теңіз портының капитанын лауазымға тағайындау және босату;
Тармақша 219
219) нысанды киiм (погонсыз) берілетін теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау жұмыскерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, нысанды киiм (погонсыз) киiп жүру тәртiбiн әзірлеу және бекiту;
Тармақша 220
220) теңіз лоцмандарына арналған біліктілік талаптарын белгілеу;
Тармақша 221
221) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу саласында тасымалдау үшін жүктерді қабылдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудің әрекет ету мерзімін белгілеу;
Тармақша 222
222) актілер нысандарын, оларды жасау тәртібін және актілерді жасауды талап етпейтін жағдайларды куәландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 223
223) теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 224
224) теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 225
225) теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 226
226) теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 227
227) кемелерді лоцмандық алып өтудің міндетті аудандары мен міндетті емес аудандарын белгілеу және мұндай аудандар туралы ақпаратты теңіз порттары мен лоцияларына жалпыға бірдей жеткізу;
Тармақша 228
228) теңіз портының капитаны туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 229
229) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
Тармақша 230
230) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша теңізшілердің еңбегі мен олардың еңбекақысын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
Тармақша 231
231) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының теңіз әкімшілігі ретінде әрекет ету;
Тармақша 232
232) Қазақстан Республикасының теңіз көлiгіндегi экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 233
233) мемлекеттік кеме тізілімінің, жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінің және кеме кітабының нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 234
234) лоцмандық қызмет туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 235
235) ішкі су жолдары учаскелерінің тізбесін, міндетті лоцмандық алып өтуге жататын кемелердің үлгілері мен көлемін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 236
236) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік мен қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 237
237) суға кеткен мүлікті көтерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
Тармақша 238
238) кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 239
Тармақша 240
240) пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 241
241) кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 242
242) пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 243
243) ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 244
244) техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 245
245) ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 246
246) кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған дипломның нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 247
247) ішкі су жолдарында кемемен жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 248
248) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептіліктің нысандары мен мерзімін, сондай-ақ жасау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 249
249) кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептілікті жасау;
Тармақша 250
250) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 251
251) теңіз кемелерін куәландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 252
252) суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын және оның нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 253
253) суға батқан мүлікті аластау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 254
254) порттың теңіз әкімшілігіне суға батқан мүлік туралы мәліметтерді хабарлау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 255
255) уәкілетті органның кәсіпорны орындайтын жұмыстар мен көрсететін қызметтердің көлемдері мен құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 256
256) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындау;
Тармақша 257
257) күзетуге және алып жүруге арналған жүктердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 258
258) жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 259
259) теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігі бұзушылықтарын тергеп-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 260
260) қауіпсіздік сертификатының нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 261
261) кiрме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 262
262) тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 263
263) жасанды құрылысжайларды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 264
264) жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 265
265) жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпараттың нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 266
266) кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 267
267) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 268
268) теңіз порты мәртебесін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 268-1
268-1) халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін айқындау;
Тармақша 269
269) теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 270
270) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 271
271) мемлекеттік техникалық флот кемелерінің жанар-жағармай материалдарын жұмсау (заттай мәндегі) нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 272
272) суға батқан мүлікті көтеру құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 273
273) уәкілетті органның лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 274
274) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 275
275) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 276
276) Ұлттық теңіз тасымалдаушысы мәртебесін беру қағидаларын және шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 277
277) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;+
Тармақша 278
278) материалдар мен жабдықтардың азайтылмайтын қорының тізбесін, кеме қатынасы шлюзі үшін оларды пайдалану және сақтау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 279
279) Жылжымалы құрам мемлекеттік тізілімінен алып тастау тәртібін белгілеу;
Тармақша 280
280) шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру актісінің және ұйғарымның нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 281
281) iшкi су жолдарын кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 282
282) жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу қағидалары мен талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 283
283) жете тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, өздеріне қатысты жете тексеру жүргізілмейтін адамдардың, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен нәрселердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 284
284) жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 285
285) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 286
286) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеу, рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;
Тармақша 287
287) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртiбi мен шарттарын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 288
288) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
Тармақша 288-1
288-1) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін келісу;
Тармақша 288-2
288-2) ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешімді «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап қабылдау;
Тармақша 288-3
288-3) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн келісу;
Тармақша 288-4
288-4) автомобиль жолдары және жол қызметі саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды;
Тармақша 288-5
288-5) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу;
Тармақша 288-6
288-6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол саласын қаржыландыру көздері мен мөлшерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 288-7
288-7) автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;
Тармақша 288-8
288-8) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 288-9
288-9) жол саласында инвестициялық және әлеуметтік саясатты іске асыру;
Тармақша 288-10
288-10) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды қаржыландыру;
Тармақша 288-11
288-11) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстары мен қызметтер көрсетуін қаржыландыру;
Тармақша 288-12
288-12) жобалау саласында қабылданған нормалар мен ұлттық стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаның сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 288-13
288-13) автомобиль жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп- ұстауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жол қызметiн басқару;
Тармақша 288-14
288-14) автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту;
Тармақша 288-15
288-15) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес, жалға алушы ретінде жалдау шартын, сондай-ақ сервистік агент ретінде сервистік агенттің қызмет көрсетуі шартын, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарына немесе олардың учаскелерiне қатысты өзге де шарттарды жасасу;
Тармақша 288-16
288-16) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін дамытуды үйлестіру;
Тармақша 288-17
288-17) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 288-18
288-18) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақша 288-19
288-19) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол инфрақұрылымының қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 288-20
288-20) автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 288-21
288-21) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды, реконструкциялауды және жөндеуді жоспарлау кезінде кейіннен байланыс саласындағы уәкілетті органның күтіп-ұстауына бере отырып, талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуды келісу;
Тармақша 288-22
288-22) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен және төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп, қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей зілзалалар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіштік қабiлетiнiң жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде тиiстi жол белгiлерiн қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлiк құралдарының жол жүрiсiн шектеу немесе тоқтату, автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау;
Тармақша 288-23
288-23) жол саласы қызметкерлерінің біліктілігін міндетті арттыру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 288-24
288-24) жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 289
289) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 290
290) облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға берудің үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 291
291) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу тәртібін және мөлшерлемесін айқындау;
Тармақша 292
292) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныста пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 293
293) автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 294
294) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарымен жүріп өту үшін алымдарды төлеу тәртібі мен мөлшерлемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 295
295) Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 296
296) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 297
297) астананың, республикалық маңызы бар қаланың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуді және күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 298
298) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, шаруашылық автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін мемлекеттік есепке алу тәртібін белгілеу;
Тармақша 299
299) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 300
300) авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 301
301) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес астананың және астаналық әуежайдың үстіндегі әуе кеңістігін пайдалану тәртібін белгілеу;
Тармақша 302
302) азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарының қаржы-экономикалық жағдайы туралы ақпараттың нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 303
303) шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты ұшу кестесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 304
304) азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 305
305) азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 306
306) Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 307
307) Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтiлімдерiн және жүктерді тасымалдау мен өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптарды, технологиялық рәсімдерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 308
308) электрондық авиажүкқұжат нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 309
309) әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтiлімдерiн және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 310
310) табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізу;
Тармақша 311
311) қоғамдық маңызы бар нарықтарға қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізу;
Тармақша 312
312) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын табиғи монополиялар салаларының жай-күйі, бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді ұсыну;
Тармақша 313
313) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 314
314) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 315
315) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 316
316) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 317
317) тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережені және оның дербес құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 317-1
317-1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру және тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің, сондай-ақ Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесе отырып бекіту және оған өзгерістер енгізу;
Тармақша 317-2
317-2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру және тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыларды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберу;
Тармақша 317-3
317-3) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру және тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберу;
Тармақша 317-4
317-4) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында каналдар арқылы су беру және тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайтын тәртіпке сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы, сенімділігі және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін белгілеуге қатысу;
Тармақша 318
318) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 319
319) Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 320
320) әуе кемелерін ұшу алдында және арнайы жете тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 321
321) авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 322
322) жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 323
323) азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 324
324) азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 325
325) сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 326
326) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 327
327) жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 328
328) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 329
329) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 330
330) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 331
331) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 332
332) Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 333
333) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 334
334) пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 335
335) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 336
336) аэроклубтар туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 337
337) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 338
338) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 339
339) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 340
340) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 341
341) азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту;
Тармақша 342
342) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 343
343) Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 344
344) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 345
345) Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерінің ұшуына құстар мен өзге де жануарлар туындататын қауіптерді басқару қағидаларын бекіту;
Тармақша 346
346) авиатасымалдауды ұйымдастыру қызметі туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 347
347) авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 348
348) азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 349
349) әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту;
Тармақша 350
350) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 351
351) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 352
352) көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 353
353) авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 354
354) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 355
355) азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 356
356) азаматтық авиацияның авиация персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 357
357) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі бағдарламасын әзірлеу;
Тармақша 358
358) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 359
359) үкіметаралық келісімдерге сәйкес авиатасымалдаушылардың саны немесе рейстерді орындау жиілігі бойынша шектеу белгіленген халықаралық авиамашруттарды, сондай-ақ тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыруға арналған субсидияланатын авиамаршруттарды (облысішілік авиамаршруттарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында конкурстық негізде бөлу;
Тармақша 360
360) әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 361
361) әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың қызметі көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 362
362) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиациялық персоналды кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 363
363) әуежайды пайдаланушының бірінші басшысы лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу;
Тармақша 364
364) әуе кемелерін есептен шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 365
365) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 366
366) Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 367
367) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша халықаралық ұшуға қызмет көрсетуге рұқсат берілген әуежайды пайдаланушыға қатысты уақытша басқаруды енгізу және уақытша әкімшілікті қалыптастыру;
Тармақша 368
368) азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркелетін танылым және қосымша белгілерді салу тәртібін және көрсетілген белгілердің сипаттамасын айқындау;
Тармақша 369
369) шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты ұшу кестелерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 370
370) азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындық қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 371
371) субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу нұсқаулығын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 372
372) әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсаттамалардың түрлері мен нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 373
373) халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру қағидаларын және оны беруден бас тарту негіздерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 374
374) авиакомпанияның бірінші басшысы лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 375
375) авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 376
376) халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының өкілдігін жүзеге асыру;
Тармақша 377
377) әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 378
378) әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз ету үшін әуежайларды ашу және жабу тәртібін айқындау;
Тармақша 379
379) авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстап тұру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 380
380) азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару тәртібі мен олардың нормативін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 381
381) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 382
382) азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 383
383) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не әуе кемелерінің пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын әуе кемелерімен басқа мемлекеттердің аумағында болған азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеруге қатысу;
Тармақша 384
384) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың алдын алу немесе олардың салдарларын азайту мақсаттарында ұсынымдар беру, сондай-ақ осындай ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізу;
Тармақша 384-1
384-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық байқау операторларының қызметіне рұқсат беру;
Тармақша 385
385) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар жөнінде статистикалық деректер жүргізу;
Тармақша 386
386) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттер пайдаланушыларының әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар жөнінде статистикалық деректер жүргізу;
Тармақша 387
387) халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен статистикалық деректер алмасуға қатысу;
Тармақша 388
388) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеруге жауапты шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен ынтымақтасу;
Тармақша 389
389) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен ынтымақтасу;
Тармақша 390
390) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру кезінде дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 391
391) ұшу қауіпсіздігі туралы құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 392
392) авиациялық оқиғаларды жинау, бағалау, өңдеу, сақтау және тіркеу тетіктерін қоса алғанда, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде беру жүйесін әзірлеу, енгізу, зерделеу және қолдау;
Тармақша 393
393) мемлекеттік және халықаралық деңгейде ұшу қауіпсіздігі туралы ақпарат алмасуға және авиациялық оқиғалар туралы ақпаратты таратуға қатысу;
Тармақша 394
394) азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігімен байланысты ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ осындай ақпаратты қалыптастыру және азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізу;
Тармақша 395
395) радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тестілеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 396
396) авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 397
397) авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 398
398) азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 399
399) әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 400
400) азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 401
401) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 402
402) азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 403
403) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 404
404) авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 405
405) авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 406
406) әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 407
407) монополияға қарсы органмен келісу бойынша әуежай қызметінің құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 408
408) монополияға қарсы органмен келісу бойынша әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 409
409) Қазақстан Республикасында шетелдік әуе тасымалдаушыларын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 410
410) ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 411
411) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларын бекіту;
Тармақша 412
412) пилотсыз авиациялық жүйелер операторларының білімі мен дағдыларын дайындау және бағалау жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 413
413) пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға қойылатын үлгілік талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 414
414) әуежай (әуеайлақ) аумағындағы әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 415
415) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылатын практикасына сәйкес авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын әзірлеу;
Тармақша 416
416) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен бірлесіп Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес келу мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 417
417) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша авиакомпаниялардың (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың жеке құрамын оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге тасымалдау және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуі туралы шешім қабылдау;
Тармақша 418
418) шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуы, сондай-ақ шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын тасымалдауға арналған әуе кемелерінің халықаралық ұшуы үшін ашылған әуежайларды айқындау;
Тармақша 419
419) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау тәртібін бекіту;
Тармақша 420
420) азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту;
Тармақша 421
421) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлемдер мөлшерлемелерін бекіту;
Тармақша 422
422) монополияға қарсы органмен келісу бойынша инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекіту;
Тармақша 423
423) әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту;
Тармақша 424
424) жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту;
Тармақша 425
425) жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту;
Тармақша 426
426) жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту;
Тармақша 427
427) әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын қамтамасыз етуге әуежайларға рұқсат беру туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 428
428) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 428-1
428-1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемдері жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 428-2
428-2) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізу;
Тармақша 428-3
428-3) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 428-4
428-4) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөнiндегi шараларды жүргізу;
Тармақша 428-5
428-5) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;
Тармақша 428-6
428-6) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 428-7
428-7) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 428-8
428-8) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және (немесе) бекіту;
Тармақша 428-9
428-9) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру жоспарларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 428-10
428-10) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 428-11
428-11) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;
Тармақша 428-12
428-12) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында арнайы құралымдарды ұйымдастыру және олардың қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 428-13
428-13) тиiстi мемлекеттiк басқару саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру үшiн жауап беру, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне олардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасасу;
Тармақша 429
429) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;
Тармақша 429-1
429-1) қатынас жолдарын техникалық жабу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 429-2
429-2) Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау қағидаларын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп әзірлеу және бекіту;
Тармақша 429-3
429-3) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Үкіметінің 29.09.2025 № 805 қаулысымен;
Тармақша 429-4
429-4) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Үкіметінің 29.09.2025 № 805
қаулысымен;
Тармақша 429-5
429-5) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Үкіметінің 29.09.2025 № 805
қаулысымен;
Тармақша 429-6
429-6) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысу;
Тармақша 429-7
429-7) аумақтық қорғаныс күштерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, аумақтық қорғаныс объектілері болған кезде оларды күзетуді және қорғауды ұйымдастыру;
Тармақша 429-8
429-8) эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу;
Тармақша 429-9
429-9) жұмылдыру тапсырмасы негізде арнаулы құрылымдар құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 429-10
429-10) аумақтық қорғаныс объектілері болған кезде олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 429-11
429-11) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы іс-шараларына, саланың жұмылдыру дайындығына, жұмылдыру мақсатындағы объектілерді, қорғаныс мұқтажына қажетті өнiмдер әзiрлеу, өндiру, шығару және жөндеу жөнiндегi қуаттарды құруға, дамытуға және сақтауға қатысу және жұмылдыру резервтерінің толықтырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын және оны іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 429-12
429-12) саланы Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес іс-шараларды орындауға тікелей дайындауды ұйымдастыру, саланың соғыс уақытында орнықты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 429-13
429-13) арнаулы құралымдар құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ведомстволық бағынысты объектілер болған кезде олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 429-14
429-14) азаматтық қорғаныс iс-шараларын ұйымдастырып, жүргізу және ведомстволық бағынысты ұйымдардың оларды орындауын қамтамасыз ету;
Тармақша 429-15
429-15) республика халқын қорғанысқа даярлауға қатысу, Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 430
430) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 431
431) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 432
432) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 432-1
432-1) құпияландырылуға тиісті мәліметтердің ведомостволық тізбесін әзірлеу;
Тармақша 432-2
432-2) мемлекеттік орган әзірлеген мемлекеттік құпиялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде ведомостволық бағынысты ұйымдарда да қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 432-3
432-3) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария етудің немесе жоғалтудың салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның мөлшерін айқындау тәртібін әзірлеуге қатысу;
Тармақша 432-4
432-4) мемлекеттік органға басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің, сондай-ақ мемлекеттік орган құпияландырған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 432-5
432-5) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыс жүргізуге белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу;
Тармақша 432-6
432-6) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау құралдарына сертификаттар алу;
Тармақша 432-7
432-7) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 432-8
432-8) айрықша режимді, режимді және ерекше қорғалатын объектілердің санаттарын және оларды уақтылы қайта қарауды айқындау;
Тармақша 432-9
432-9) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер алуға рұқсат етілетін азаматтарға қатысты тексеру шараларын жүргізуді өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;
Тармақша 432-10
432-10) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау саласындағы басқа да мәселелерді шешу;
Тармақша 433
433) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;
Тармақша 434
434) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттарды, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін әзірлеу;
Тармақша 435
435) жолдар бойындағы көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту;
Тармақша 436
436) автомобиль жолдары және жол қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 437
437) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүргізу;
Тармақша 438
438) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шекара бөлімдерінің (бөлімшелерінің) ғимараттары мен құрылысжайларын, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерін жобалауды және салуды ұйымдастыру;
Тармақша 439
439) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
Тармақша 440
440) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 441
441) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
Тармақша 442
442) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
Тармақша 443
443) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 444
444) реттелетін салалардағы салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;
Тармақша 445
445) реттелетін салаларда кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру, бекіту;
Тармақша 445-1
445-1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты, ғылым және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы ғылыми-технологиялық саясатты іске асыруға, тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысу;
Тармақша 445-2
445-2) тиісті салада іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 445-3
445-3) ғылыми-техникалық кеңесті құру және оның ережесін бекіту;
Тармақша 445-4
445-4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың тиісті салада іске асырылуын жүзеге асыру;
Тармақша 445-5
445-5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекіту;
Тармақша 445-6
445-6) ұлттық ғылыми кеңестердің құрамдарына қосу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарды ғылым саласындағы уәкілетті органға енгізу;
Тармақша 445-7
445-7) базалық қаржыландыру субъектілері мен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды ғылым саласындағы уәкілетті органға енгізу;
Тармақша 445-8
445-8) ғылымды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 445-9
445-9) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 445-10
445-10) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 445-11
445-11) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысу;
Тармақша 446
446) мемлекеттік монополия және арнайы құқық субъектілері өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;
Тармақша 447
447) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Министрлікке басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бірінші басшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
Тармақ 19
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;
Тармақша 2
2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 3
3) вице-министрлердің біріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына және Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысына жолданатын құжаттарға қол қою жөніндегі өкілеттіктерді жүктейді;
Тармақша 4
4) аппарат басшысымен келісу бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 5
5) ведомстволар актілерінің қолданылуын толық немесе ішінара жояды немесе тоқтата тұрады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
Тармақша 8
8) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қолбелгі қояды;
Тармақша 9
9) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Министр болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Министрліктің мүлкі
4-тарау. Министрліктің мүлкі
Тармақ 22
22. Заңнамада көзделген жағдайларда Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25. Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Министрлік:
«Нұрcұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдар комитеті:
акционерлік қоғамдар:
Тармақша 1
1) «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы;
республикалық мемлекеттік кәсіпорны:
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
акционерлік қоғам:
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы;
республикалық мемлекеттiк кәсiпорын:
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 4. Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізбесі
4. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті:
«Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
«Біріккен вагон-лизинг компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Абай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 7
7) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 8
8) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 9
9) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 10
10) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 11
11) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 12
12) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 13
13) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 14
14) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 15
15) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 16
16) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 17
17) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 18
18) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 19
19) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 20
20) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 21
21) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.03.2024 № 204 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.03.2024 № 204 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті:
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
______________________
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне» деген бөлім алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлімдермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне:
409. «Нұрcұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне:
409-1. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
409-2. «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне:
409-3. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне:
410. «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы.
410-1. «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
410-2. «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне:
410-3. «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы.
410-4. «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне:
410-5 «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы.
410-6. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетіне:
410-7. «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы.».
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесінде:
мына:
«
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасарлары
министр
министр
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет Аппаратының Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасарлары
министр
министр
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет Аппаратының Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен
».
Тармақ 3
3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
«Қызмет бабында пайдалану үшін».
_____________________
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ведомстволары мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясында) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органдар болып айқындалған республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ведомстволары мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясында) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органдар болып айқындалған республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті:
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Абай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 7
7) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 8
8) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 9
9) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 10
10) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 11
11) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 12
12) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 13
13) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 14
14) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 15
15) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 16
16) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 17
17) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 18
18) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 19
19) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 20
20) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 21
21) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.03.2024 № 204 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 2
2)
алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.03.2024 № 204 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
_____________________
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « » _______
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерді, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 15-тармағы.
Тармақ 3
3. «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 135 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Тармақ 4
4. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы.
Тармақ 5
5. «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 249 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 және «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 251 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.
Тармақ 10
10. «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамын «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 546 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.
Тармақ 11
11. «Кейбiр республикалық мемлекеттiк мекемелерді қайта атау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 561 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Тармақ 12
12. «Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 773 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетін құру және «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 797 қаулысының 2-тармағы.
Тармақ 14
14. «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 887 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 15
15. «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Тармақ 16
16. «Арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті органды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 180 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 17
17. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысының 1-тармағы.
Тармақ 18
18. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 297 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 19
19. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шiлдедегi № 418 қаулысының 1-тармағы.
Тармақ 20
20. «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 436 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.
Тармақ 21
21. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 611 қаулысының 1-тармағы.
Тармақ 22
22. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы.
Тармақ 23
23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 33-тармағы.
Тармақ 24
24. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Тармақ 25
25. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 245 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
Тармақ 26
26. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 сәуірдегі № 266 қаулысы.
Тармақ 27
27. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 тамыздағы № 559 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.
Тармақ 28
28. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 580 қаулысы.
Тармақ 29
29. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 694 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Тармақ 30
30. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 715 қаулысының 3-тармағы.
Тармақ 31
31. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 және «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 868 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 32
32. «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 910 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 1, 3, 4, 5 және 6-тармақтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы.
Тармақ 33
33. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 31 қаулысы.
Тармақ 34
34. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 440 қаулысы.
Тармақ 35
35. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
Тармақ 36
36. «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 670 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы.
Тармақ 37
37. «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 792 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 38
38. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 825 қаулысы.
Тармақ 39
39. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 834 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы.
Тармақ 40
40. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 850 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 29-тармағы.
Тармақ 41
41. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 992 қаулысы.
Тармақ 42
42. «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1061 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Тармақ 43
43. «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Тармақ 44
44. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 80 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 28 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Тармақ 45
45. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 361 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
Тармақ 46
46. «Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 362 қаулысының 3-тармағы.
Тармақ 47
47. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 726 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Тармақ 48
48. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 726 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.
______________________
Басқа 4. Мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне және оның ведомстволарына берілетін акционерлік қоғамдар
тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « » _______
№ қаулысына
3-қосымша
Мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне және оның ведомстволарына берілетін акционерлік қоғамдар
тізбесі
«Нұрcұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы.
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы.
_________________________