Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес құрылсын (бұдан әрі - Кеңес), оның құрамы Жаңақала аудандық Мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес туралы ереже бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы "Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес туралы" N 3 қаулысы жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (З. Сисенғали) жүктелсін.
Басқа 5. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңесі туралы ЕPЕЖЕ
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы «18»ақпандағы N 16 қаулысымен бекітілген Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңесі туралы ЕPЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Діни бірлестіктерімен байланыстар Кеңесі (арықарай - Кеңес) аудан әкімдігі жанынан құрылған Кеңесші орган болып саналады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз жұмысында Конституцияны, Қазақстан Республикасы Заңдарын, басқалай нормативті актілермен осы Ережені басшылыққа алатын болады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде мемлекеттік органдармен, діни басқалай қоғамдық, бірлестіктер, облыстық және республика, халықаралық органдармен тығыз байланысты жұмыс жасайтын болады.
Тармақ 4
4. Кеңестің шешімі ұсынба сипатта болады.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаты және функциялық міндеттері
2. Кеңестің мақсаты және функциялық міндеттері
Тармақ 5
5. Кеңестің мақсаты мемлекеттік саясатты ұсынбалы мәселелерді Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын, дінге сену бостандығын, қоғамдағы діни сенімді тұрақтандыру және халықаралық жасырын қатынастарды үйлестіріп отырады.
Тармақ 6
6. Кеңестің негізгі мақсаты:
Тармақша 1
1) аудандағы діни жағдайдың дамуы және жан-жақты, нанымды оқып талдаулар жасап отыру;
Тармақша 2
2) ішкі саясат саласында қоғамдық басымдық мәселесін азаматтар құқығын қамтамасыз ету еркіндігін жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) аудан әкіміне және аудандық атқарушы органдарға аудандағы діни сену жағдайлар мен Заңдылықты сақтау, дін тұтыну сенімділігі туралы анықтамалар беріп отыруға тиіс;
Тармақша 4
4) өзара сенімділік және шыдамдылық, дінге сенушілер бірлестіктеріне Қазақстан Республикасы Заңдарын сәйкесті Кеңес көмектер береді.
Тармақ 7
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді сәйкесті орныққан Заңдар ретімен төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ішкі саясат саласында негізгі құрылымдарға қатынасу азаматтар құқығын қамтамасыз ету саласында дінге сену еркіндігі және дінге сену бірлестіктерімен бірлесе атқарылады;
Тармақша 2
2) аудан аймақтарында діни бірлестіктері мен шетел дін уағыздаушылары қызметтері туралы банктер негізгі мәліметтер дайындайды;
Тармақша 3
3) ақпараттық насихат шараларын жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) азаматтардың дінге сену құқық еркіндігін реттеу туралы Заңдылықты жаңарту мәселелерін жетілдіреді;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік саясат саласында Кеңестер беріп азаматтардың діни сенім құқық еркіндігін қамтиды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Заңдарына сүйене отырып, басқалай қызметтер түрін жүргізеді.
Тарау 3. 3. Кеңес жұмысының тәртібі және қызметін ұйымдастыру
3. Кеңес жұмысының тәртібі және қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Кеңесті аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары басқарады.
Тармақ 9
9. Кеңес отырысы үш айда бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңес төрағасының жеке өзінің бастамасымен немесе барлық Кеңес мүшелерінің үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады.
Тармақ 10
10. Кеңес отырысында барлық Кеңес мүшесінің үштен екісі қатынасса құқылы болып саналады. Кеңеске қатынасқандардың көпшілігі дауыс берсе Кеңес шешімі Заңды болып саналады. Егер теңбе-тең болса Кеңес төрағасы жағы шешуші болып саналады.
Тармақ 11
11. Мәселелерді жетілдіріп, отырысты әзірлеп, сараптап, талдаулар жүргізгеннен кейін Кеңес жұмысшы тобын құруы мүмкін, оған Кеңес мүшесінің біреуі басшылық жасайды.
Тармақ 12
12. Кеңес өзіне тиісті мәселелерді іске асыруды Заңдылық тәртібіне сәйкесті жүргізуге құқылы болады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан, діни ұйымдардан және жеке тұлғалардан Кеңес өз құзырына кіретін мәселелеріне керекті ақпаратты сұрай алады;
Тармақша 2
2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар ақпарат банктерінен мәліметтермен пайдалануға құқылы;
Тармақша 3
3) құжаттар дайындауға ғылыми ұйымдарды тәуелсіз сарапшылармен мамандарды белгіленген тәртіпте қатынастырады;
Тармақша 4
4) республика Заңдарын бұзушылар, діни сенуші азаматтардың құқысын қамтамасыз етуге байланысты діни бірлестіктер мен шетелдік дінді уағыздаушыларды тоқтату жөніндегі мәселелерді енгізе алады;
Тармақша 5
5) нормативтік жобаларды, құқылық актілерді дайындауға Кеңес құзырына кіретін қатысты мәселелерге қатынасады;
Тармақша 6
6) Кеңес құзырына қатысты мәселелерден әдейі түсініктер беру;
Тармақша 7
7) Заңдылыққа сәйкесті басқалай өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
4. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 13
13. Төраға болмағанда оның міндетін төрағасының орынбасары атқарады.
Тармақ 14
14. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізінде атқарады.
Тармақ 15
15. Кеңестің ұйымдастыру бақылау қызметін қамтамасыз етуге Кеңестің барлық мүшесі қатынастырылады.
Тармақ 16
16. Кеңестің хатшысы ұйымдастыру, әдістемелік Кеңестің басқалай қамту жұмыстарын жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Кеңесте қаралатын жұмыс жоспарын қарауға ұсыну, Кеңестің отырысында қаралатын мәселелерді төраға бекітеді;
Тармақша 2
2) Кеңес отырысын күн тәртібін бекітеді;
Тармақша 3
3) Кеңестің қызметі туралы есепті әзірлейді;
Тармақша 4
4) Кеңес отырысының жұмысын әзірлейді, Кеңес мүшелерінің өзара қатынасы, іс қағаздарын жүргізеді;
Тармақша 5
5) басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңес жұмысының жұмысын тоқтату тәртібі
5. Кеңес жұмысының жұмысын тоқтату тәртібі
Тармақ 17
17. Кеңес өз жұмысын аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.