О создании Совета по делам инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектер істері жөнінде Кеңес құру туралы
Ақмола облысының әділет Басқармасында 2003 жылдың 17 наурызында тіркелген, Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылдың 26 ақпанындағы № а/268 «Мүгедектер істері жөнінде Кеңесін құру туралы» қаулысына сәйкес, мемлекеттік органдар, қоғамдық және қайырымдылық қызметін үйлестіру, әлеуметтік қорғауды институционалдық қолдау және мүгедектерді қоғамға араластыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. №1 қосымшаға сәйкес, мүгедектер істері жөніндегі Кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. №2 қосымшаға сәйкес, мүгедектер істері жөніндегі Кеңестің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мүгедектер істері жөніндегі Кеңестің дербес құрамын аудандық мәслихаттың сессиясында бекітуге ұсыныс енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Б.Собескийге жүктелсін.
Басқа 5
Астрахан ауданы әкімдігінің
2003 жылғы «25» желтоқсан
№328 қаулысына
№1 қосымша
Мүгедектердің істері туралы Кеңестің құрамы
Собеский В.Б.
төрағасы
аудан әкімінің орынбасары
Жұмақаев Қ.Қ.
төрағаның орынбасары,
Астрахан аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы
Досаев Р.М.
хатшы, Астрахан аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы
Қуанышева Г.Ш.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерге қызмет етуші аудандық емхананың терапевті
Забудько Л.В.
аудандық білім бөлімінің басшысы
Тютюник В.Е.
аудандық ерікті мүгедектер қоғамының төрайымы (келісім бойынша)
Әбішев Б.И.
Аудандық ерікті соқырлар қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
Мұсайынов В.Ш.
аудандық мәдениет, туризм және спорт бөлімінің бас маманы
Хижняк Р.И.
аудандық қаржы бөлімі басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Басқа 6
Астрахан ауданы әкімдігінің
2003 жылғы «25» желтоқсан
№328 қаулысына
№2 қосымша
Мүгедектер істері жөніндегі Кеңестің Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы Ереже.
1. Жалпы Ереже.
Тармақ 1
1. Мүгедектер істері жөніндегі Кеңес (бұдан әрі Кеңес) Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы кеңестік-мәжілістік орган болып табылады. Кеңестің құрылу мақсаты мемлекеттік органдар, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыстарын үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды медико-педогогикалық және әлеуметтік қорғау туралы» заңдарын, 2003 жылдың 18 шілдесіндегі Астрахан ауданы әкімдігінің Ақмола облысы әділет басқармасында 2003 жылы 28 шілдеде № 1939 тіркелген, «2003-2005 жылдарға арналған Ақмола облысы мүгедектерін оңалту Бағдарламасының орындалуы бойынша 2003 жылға ұйымдастырушылық іс-шараларды бекіту туралы» қаулысын, басқа да нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 2
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметтері.
Тарау 2. 2. Мүгедектер және мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас жасау.
2. Мүгедектер және мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас жасау.
Тармақ 3
3. Жергілікті мемлекеттік органдардың мүгедектіктің алдын алу, мүгедектер және мүмкіндігі шектеулі балаларды жұмыспен қамту, оңалту әлеуметтік қорғау, білім беру және кәсіби дайындау мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
Тармақ 4
4. Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселелері туралы ұсыныстар дайындау.
Тарау 3. 3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру.
Тармақ 5
5. Кеңесті төраға басқарады. Кеңес мәжілісін төраға немесе оның тапсырысы бойынша орынбасары қажеттігіне қарай, тоқсанына кем дегенде бір рет шақырады.
Тармақ 6
6. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру және сәйкес материалдарды дайындауды Кеңестің хатшысы іске асырады. Кеңес өз қызметін қоғамдық бастамалар арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Кеңестің шешімі ашық дауыспен қабылданады және ол үшін көпшілік дауыс берілсе ғана қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 8
8. Кеңес отырысының өткізілу қорытындысы бойынша Кеңестің шешімдері ұсыныс ретінде қабылданады. Кеңестің қатысушы мүшелері қол қойған хаттама жасалады.
Тармақ 9
9. Кеңестің жұмыс органы аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі болып табылады.