О некоторых вопросах предоставления исключительного права на экспорт отдельных видов углей Қолданыста
Басқа 0
Жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2 және 4-тармақтарына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) экспортына айрықша құқық берілген жекелеген көмір түрлерінің тізбесі;
Тармақша 2
2) айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі;
Тармақша 3
3) Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша лицензия беруді жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған айрықша лицензияның қолданылу мерзімі оның қолданылуы басталған күнінен бастап бір жылды құрайды және сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданылу мерзімімен немесе айрықша лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Экспортына айрықша құқық берілген жекелеген көмір түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Экспортына айрықша құқық берілген жекелеген көмір түрлерінің тізбесі
Р/с
№
Экспортына айрықша құқық берілген көмір түрлері
ЕАЭО СЭҚ ТН коды
1
Тас көмір; брикеттер, шекемтас және тас көмірден алынған қатты отынның ұқсас түрлері
2701
2
Лигнит немесе агломерленген немесе агломерленбеген қоңыр көмiр, гагаттан басқа
2702
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы
_______________________________
Басқа 2. Айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі
Тармақ 1
1. «SatKomir» тау-кен компаниясы» (СатКомир) акционерлік қоғамы.
Тармақ 2
2. «Qarmet» акционерлік қоғамы.
Тармақ 3
3. «Евроазиалық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамының филиалы – «Восточный» кеніші».
Тармақ 4
4. «Қаражыра» акционерлік қоғамы.
Тармақ 5
5. «Майкубен-Вест» акционерлік қоғамы.
Тармақ 6
6. «Шұбаркөл көмір» акционерлік қоғамы.
Тармақ 7
7. «Шұбаркөл Премиум» акционерлік қоғамы.
Тармақ 8
8. «Asia FerroAlloys» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 9
9. «Exim Artis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 10
10. «Kazakhmys Coal» (Казахмыс Коал) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 11
11. «Sherubai Komir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 12
12. «Акжарык Комир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 13
13. «Ангренсор Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 14
14. «БАС» сауда-өнеркәсіп компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 15
15. «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 16
16. «Бүркіт» отын-энергетикалық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 17
17. «ВостокУгольПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 18
18. «Гамма Сарыколь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 19
19. «Сарыарқа Көмір» тау-кен байыту компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 20
20. «Директ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 21
21. «Құлан-Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 22
22. «Кузнецкий» разрезі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 23
23. «Рапид» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 24
24. «Сарыарқа-ENERGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 25
25. «Сарыозен комир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 26
26. «Соқыр Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 27
27. «СП «КИЯКТЫ КОМИР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 28
28. «СТС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 29
Тармақ 30
30. «Торговый дом «Майкубен Комир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 31
31. «Угольный ресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 32
32. «Эдельвейс+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 33
33. «Фирма «Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 34
34. «Kazakh Coal Trading» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 35
35. «MCI Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 36
36. «Горнопромышленное предприятие Куу-Чек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 37
37. «ҚазКөмір Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 38
38. «Кайнама Комир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 39
39. «Coal Trading GH» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 40
40. «ОТУКЕН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
_____________________________
Басқа 3. Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған айрықша
лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған айрықша
лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 7-тармағының төртінші бөлігіне және 45-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 19 және 20-тармақтарына сәйкес әзірленді және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті берген жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша лицензияның (бұдан әрі – айрықша лицензия) қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) лицензиар – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті;
Тармақша 2
2) лицензиат – осы қаулыға сәйкес жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушы.
Тарау 2. 2-тарау. Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған
айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібі
2-тарау. Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған
айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібі
Тармақ 3
3. Лицензиар мынадай:
Тармақша 1
1) лицензиат ерікті өтініш жасаған;
Тармақша 2
2) айрықша лицензия беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттың қолданысы тоқтатыла тұрған;
Тармақша 3
3) лицензиаттар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күніне дейін, лицензиарға айрықша лицензияның орындалу барысы туралы есеп ұсынбаған;
Тармақша 4
4) лицензиаттар айрықша лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайынғы есептерде анық емес мәліметтерді көрсеткен;
Тармақша 5
5) сот актісі болған жағдайларда айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде лицензиат тиісті өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде лицензиар айрықша лицензияның қолданысын өтініште көрсетілген мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 5
5. Айрықша лицензияның қолданысы осы Қағидалардың 3-тармағының 2) – 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған кезде лицензиар мұндай жағдайлар басталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде лицензиатқа айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру негіздерін көрсетіп, оны тоқтата тұру туралы алдын ала шешімді және тыңдау өткізілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабарламаны жібереді.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде айрықша лицензияның қолданысы айрықша лицензияны беруге негіз болған құжаттардың қолданысы қайта басталғанға дейінгі мерзімге, осы Қағидалардың 3-тармағының 3) – 5) тармақшаларда көрсетілген жағдайлар басталған кезде – бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Тармақ 6
6. Хабарлама айрықша лицензияны беруге арналған өтініште көрсетілген лицензиаттың заңды мекенжайына тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.
Лицензиаттың өкілі хабарламаны қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе тапсыратын адам хабарламаға тиісті белгі қояды, ол лицензиарға қайтарылады. Бұл ретте хабарламаны қабылдаудан мұндай бас тарту айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға негіз болып табылмайды.
Тармақ 7
7. Тыңдау хабарланған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдаудың нәтижелері бойынша лицензиар бір жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Айрықша лицензияның қолданысы лицензиар айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатыла тұрады.
Айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру оны ұзартуға негіз болып табылмайды.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатыла тұрған айрықша лицензияның қолданысын қайта бастау лицензиаттың өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Берілген өтініш негізінде лицензиар үш жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 9
9. Айрықша лицензияның қолданысы осы Қағидалардың 3-тармағының 2) – 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған кезде лицензиат осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін лицензиарға растаушы құжаттардың көшірмелерімен қоса айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.
Лицензиат өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын тексереді және мұндай себептердің жойылу фактісі расталған жағдайда айрықша лицензияның қолданысы қайта басталатын күнін көрсете отырып, оны қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша айрықша лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде айрықша лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешім айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұруға негіз болған сот актісінің күшін жоюды көздейтін сот актісінің негізінде қабылданады.
Бұл ретте айрықша лицензияның қолданысы лицензиар айрықша лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдаған кезден бастап қайта басталады.
Тармақ 10
10. Лицензиат айрықша лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған мерзім өткенге дейін айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш бермеген жағдайда лицензиар тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданысын тоқтату рәсіміне бастама жасайды.
Тармақ 11
11. Лицензиар мынадай:
Тармақша 1
1) лицензиат айрықша лицензияның қолданысын тоқтату туралы ерікті өтініш жасаған;
Тармақша 2
2) ол берілген мерзім өткен;
Тармақша 3
3) ол жүзеге асыруға берілген іс-қимыл (операциялар) толық көлемде жасалған;
Тармақша 4
4) лицензиат осы қаулыға сәйкес айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесінен алып тасталған;
Тармақша 5
5) тауар осы қаулыға сәйкес экспортына айрықша құқық берілген жекелеген тауар түрлерінің тізбесінен алып тасталған;
Тармақша 6
6) лицензиат таратылған немесе оның құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген (ұйымдық-құқықтық нысанын, атауын не орналасқан жерін өзгерту);
Тармақша 7
7) айрықша лицензияны алу мақсатында өтініш беруші ұсынған құжаттарда анық емес мәліметтер анықталған;
Тармақша 8
8) айрықша лицензияны беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттың қолданысы тоқтатылған;
Тармақша 9
9) лицензияны беруге негіз болған шартты (келісімшартты) орындау кезінде мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелері бұзылған;
Тармақша 10
10) егер мұндай қызмет түрі өзіне қатысты лицензиялау енгізілген тауардың айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензия кері қайтарып алынған;
Тармақша 11
11) белгіленген тәртіп сақталса, айрықша лицензияны беру мүмкін болмайтын, оны берген кезде жол берілген бұзушылықтарды анықтау;
Тармақша 12
12) сот актісі болған;
Тармақша 13
13) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі ішінде айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұруға әкеп соққан себептер жойылмаған жағдайларда айрықша лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде лицензиат айрықша лицензияның түпнұсқасымен қоса тиісті өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде лицензиар айрықша лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 13
13. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2) – 13) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар басталған кезде лицензиар айрықша лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешімді осындай жағдайлар басталған күні, ал мұндай күнді белгілеу мүмкін болмаған кезде – олар анықталған күннен бастап қабылдайды және лицензиатқа осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айрықша лицензияның қолданысын тоқтату және лицензиарға айрықша лицензияны қайтару қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 14
14. Айрықша лицензияның түпнұсқасы қағаз жеткізгіште берілген болса, оны лицензиат айрықша лицензияның қолданысын тоқтату туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиарға қайтарады.
Тармақ 15
15. Лицензиардың айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімімен келіспеген жағдайда лицензиаттың Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес лицензиардың мұндай шешіміне шағымдануға құқығы бар.
Тармақ 16
16. Лицензиар айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы шешім қабылданған күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және лицензиатқа тиісті хабарлама жібереді.
______________________________