О закреплении рыбопромысловых участков за природопользователями по Бухтарминскому и Шульбинскому водохранилищам и распределении лимитов вылова рыбы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұқтырма және Шүльбі су қоймалары бойынша табиғатты пайдаланушыларға балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және балық аулау лимиттерін бөлу туралы "Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту, пайдалану және қорғау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5-сәуірдегі № 414 қаулысына, "Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау ережесін бекіту туралы" 1996 жылғы 4-желтоқсандағы № 1480, "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер" 2000 жылғы 3-ақпандағы № 158, "Балық шаруашылығы су айдындарында балық аулаудың және теңіз аңын (итбалықты) аулаудың 2004 жылға арналған лимиттері мен квоталарын бекіту туралы" 2003 жылғы 31-желтоқсандағы № 1380 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 27-бабы 1-тармағының 3 және 9-тармақшаларына сәйкес, сондай-ақ конкурстық (тендерлік) комиссия шешімінің негізінде (2004 жылғы 13-қаңтардағы № 1, 2 хаттамасы) Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқтырма және Шүльбі су қоймалары бойынша табиғатты пайдаланушыларға балық кәсіпшілігі учаскелері № 1 қосымшаға сәйкес конкурстық комиссия шешімінің негізінде 2004 жылғы 31-желтоқсанға дейін мерзімге бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бұқтырма және Шүльбі су қоймалары бойынша спорттық -әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелері № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі Зайсан-Ертіс облысаралық бассейн" басқармасы мемлекеттік мекемесіне белгіленген тәртіппен балық ресурстарын пайдалануға табиғатты пайдаланушылармен шарттар жасасу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қаулыны орындауға бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Селихановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Табиғатты пайдаланушыларға балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 ақпандағы № 370 қаулысына № 1 қосымша Табиғатты пайдаланушыларға балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту № Табиғатты пайдаланушының атауы Лимит, тонн Учаскенің нөмірі Бекітілген балық кәсіпшілігінің учаскесі Бұқтырма су қоймасы Көл бөлігі 1. "Өскемен-Орманы" ЖШС 627,9 1 Сол жағалауы, тыйым салынған аймақтан (Қара Ертіс өзені атырауы), Камышзауытынан ағыс бойынша төмен Тополев мүйісіне дейін, ортасына қарай 15 км (спорттық-әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) 2. "Рыбаки Зайсана" ЖШС 1251,9 2 Сол жағалауы, Тополев мүйісінен ағыс бойынша төмен Бесчана мүйісіне дейін ортасына қарай 15 км (спорттық- әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) 3. "Зайсан-Ертіс" ЖШС 1277,5 3 Сол жағалауы, Бесчана мүйісінен ағыс бойынша төмен Жалтыр шығанағына дейін, ортасына қарай 15 км (спорттық-әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) 4. "Ж-Бәйтерек" ЖШС 1029,4 4 Сол жағалауы, Жалтыр шығынағының ортасынан ағыс бойынша төмен Ұлтарақ мүйісіне дейін, ортасына дейін 15 км (спорттық- әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) 5. "Исмаилов и К" ЖШС 1365,5 5 Оң жағалауы, тыйым салынған аймағынан (Қара Ертіс өзені атырауы), Аманат кентінен ағыс бойынша Жолнұсқау кентіне дейіп қосып алғанда, ортасына қарай 15 км (спорттық-әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) 6. "Балық өнімі" ЖШС 1346,1 6 Оң жағалауы, Жолнұсқау кентінен Қоржын мүйісіне дейін қосып алғанда, ортасына қарай 15 км (спорттық- әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) Барлығы: 6898 Көлді-өзен бөлігі 7. "Шортан" ЖШС 729,5 1 Қарақас мүйісінен ағыс бойынша төмен Шошқалы шығанағына дейін (сол жағалауы); Қоржын мүйісінен ағымы бойынша төмен Бұқтырма балық өндіргіштерін өсіру шаруашылығының әуіттеріне дейін (оң жағалауы), спорттық- әуесқойлық балық аулаушылыққа арналған учаскелері мен Торан шығанағын санамағанда 8. "Гольфстрим" ЖШС 557,5 2 Бұқтырма балық өндіргіштерін өсіру шаруашылығының әуіттерінен Қызыл Жар учаскесіне дейін, фарватердің ортасына қарай (спорттық- әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) 9. "Құйған-Ертіс" ЖШС 333,0 3 Қызыл Жар учаскесінен Казнаковка өткеліне дейін (оң жағалауы); Шошқалы шығанағынан Казнаковка өткеліне дейін (сол жағалауы) (спорттық-әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) Барлығы: 1620 Таулы-аңғар бөлігі 10 Жеке тұлға Бородин В.С. 261,9 1 Казнаковка өткелінен Частенькие тауына дейін су қоймасының оң және сол жақтарынан (спорттық-әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) 11 "Айтұар ЛТД" ЖШС 254,3 2 Частенькие тауынан Песчанка ауылына дейін су қоймасының оң және сол жақтарынан (спорттық - әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда). 12 Жеке тұлға Сарсембаев Р.К. 239,8 3 Песчанка ауылынан Свинчатка ауылына дейін су қоймасының оң және сол жақтарынан (спорттық-әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) Барлығы: 756 Тау бөлігі: 13 Жеке тұлға Шамардин С.А. 204,3 1 Свинчатка ауылынан Васильевская өткеліне дейін су қоймасының оң және сол жақтарынан (спорттық-әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) 14 "Реалс" ЖШС 89,06 2 Васильевская өткелінен Дыроватка тауына дейін су қоймасының оң және сол жақтарынан (спорттық-әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) 15 "Енбек-Оскемен" РМК 143,64 3 Дыроватка тауынан Братский мүйісіне дейін су қоймасының оң және сол жақтарынан (спорттық-әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) Барлығы: 437 Бөгет жанындағы бөлік: 16 Жеке тұлға Шматов Н.А. 87,0 1 Братский мүйісінен Бұқтырма ГЭС-іне дейін су қоймасының оң және сол жақтарынан (спорттық-әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) Барлығы: 87 Жалпы: 9798 Шүльбі су қоймасы Сол жағалау: 1. "Шолпан" Ш/Қ 6,14 1 Су тартқыш станциясынан Шүльбі кентіне дейін жағалау бойынша жоғары 7 км, ортасына қарай 1 км (фарватерге дейін) 2. Жеке тұлға Юрченко В.М. 23,23 2 Шүльбі кентінің су тартқыш станциясынан 7 км аттап жағалау бойынша жоғары 5 км, ортасына қарай 1 км-ден 2-км-ге дейін 3. Жеке тұлға Юрченко В.М. 23,23 3 Қызыл су шығанағы аяқталуынан жағалау бойынша 5 км, ортасына қарай 1 км-ден 2 км-ге дейін 4. Жеке тұлға Лохтюк И.И. 18,79 4 Қызыл су шығанағы аяқталуынан жағалау бойынша 5 км, ортасына қарай 1 км-ден 2 км-ге дейін 5. Жеке тұлға Лохтюк И.И. 18,79 5 Қызыл су шығанағы аяқталуынан жағалау бойынша 5 км-ден 10 км-ге дейін, ортасына қарай 2 км 6. "Максимов" Ш/Қ 2,03 6 Қызыл су шығанағы аяқталуынан жағалау бойынша 10 км-ден 15 км-ге дейін, ортасына қарай 2 км-ден 1,5 км-ге дейін 7. Жеке тұлға Свахин В.И. 27,28 7 Ковалевский шығанағының аяқталуынан аттап төмен 5 км, жағалау бойынша төмен 5 км., ортасына қарай 1 км- ден 1,5 км-ге дейін 8. Жеке тұлға Савчуков С.Н. 23,78 8 Ковалевский шығанағының аяқталуынан жағалау бойынша төмен 5 км, ортасына қарай 1,5 км-ден 2 км ге дейін 9. Жеке тұлға Ярох В.С. 29,7 9 Ковалевский шығанағының аяқталуынан жағалай бойынша жоғары 5 км, ортасына қарай 1,5 км-ден 2 км-ге дейін 10 Жеке тұлға Жакайбеков Б. 10,62 10 Ковалевский шығанағының аяқталуынан аттап жоғары 5 км, жағалау бойынша жоғары 5 км, ортасына қарай 2 км-ден 1,5 км-ге дейін 11 Тапсырыс берілген жоқ - 11 Ковалевский шығанағының аяқталуынан аттап жоғары 10 км, жағалау бойынша жоғары 5,5 км, ортасына қарай 0,5 км-ден 2 км-ге дейін Барлығы: 183,59 Оң жағы: 1. Тапсырыс берілген жоқ - 1 Шүльбі шығанағының аяқталуынан жағалау бойынша төмен 5 км, ортасына қарай фарватерге дейін 2. Жеке тұлға Шапкин О.Н. 25,39 2 Шүльбі шығанағының аяқталуынан жағалау бойынша жоғары 7 км, ортасына қарай 2 км Жеке тұлға Шапкин О.Н. 25,39 3 Осиха шығанағының аяқталуынан аттап жағалау бойынша төмен 5 км-ден 10 км-ге дейін, ортасына қарай 2 км Жеке тұлға Шапкин О.Н. 25,39 4 Осиха шығанағының аяқталуынан жағалау бойынша төмен 5 км, ортасына қарай 1 км-ден 2 км-ге дейін Жеке тұлға Шапкин О.Н. 25,39 5 Осиха шығанағының аяқталуынан жағалау бойынша жоғары 5 км, ортасына қарай 1,5 км-ден 2 км-ге дейін 3. Жеке тұлға Свахин В.И. 27,27 6 Осиха шығанағының аяқталуынан аттап жағалау бойынша жоғары 5 км-ден 10 км-ге дейін, ортасына қарай 2 км 4. Жеке тұлға Ярох В.С. 29,71 7 Осиха шығанағының аяқталуынан аттап жағалау бойынша жоғары 10 км-ден 15 км-ге дейін, ортасына қарай 1 км-ден 2 км-ге дейін 5. ШҚО аң мен балық алау қоғамы 11,18 8 Убинский шығанағының аяқталуынан жағалау бойынша төмен 7 км, ортасына қарай 2 км-ден 1 км-ге дейін (спорттық-әуесқойлық балық аулаушылыққа учаскелерін санамағанда) 6. Жеке тұлға Таюрских 3,69 9 Убинский шығанағының аяқталуынан жағалау бойынша жоғары 5 км, ортасына қарай 1,5 км Барлығы: 173,41 Жалпы: 357 "Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі Зайсан-Ертіс облысаралық бассейн" басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастығы
Басқа 7. Cпорттық-әуесқойлық балық аулаушылыққа арналған учаскелер Бұқтырма су қоймасы
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 ақпандағы № 370 қаулысына № 2 қосымша Cпорттық-әуесқойлық балық аулаушылыққа арналған учаскелер Бұқтырма су қоймасы
Тармақ 1
1. Аманат кентінен ағыс бойынша жоғары 1 км, ортасына қарай 2 км.
Тармақ 2
2. Жолнұсқау кентінен ағыс бойынша жоғары 1 км, ортасына қарай 2 км.
Тармақ 3
3. Ақсуат кентінен ағыс бойынша жоғары 1 км, ортасына қарай 2 км.
Тармақ 4
4. Тыйым салынған аймақ шекарасынан (Қара Ертіс өзені атырауы), сол жағалауы, ағыс бойынша төмен 1 км, ортасына қарай 2 км.
Тармақ 5
5. Тополев мүйісінен ағыс бойынша төмен 1 км, ортасына қарай 2 км.
Тармақ 6
6. Байтоғас кентінен ағыс бойынша төмен 1 км, ортасына қарай 2 км.
Тармақ 7
7. Ұлтарақ мүйісінен ағыс бойынша жоғары 1 км, ортасына қарай 2 км.
Тармақ 8
8. Ескі Қарақастан ағыс бойынша төмен 2 км, екі жағалау бойынша.
Тармақ 9
9. Торанга шығанағының тыйым салынған аймақ шегінен ағыс бойынша төмен 1 км, ортасына қарай 1 км.
Тармақ 10
10. Табанды Қара учаскесі, ағыс бойынша жоғары 1,5 км, ортасына қарай 1 км.
Тармақ 11
11. Күршім өзені сағасынан аттап 500 м, ағыс бойынша жоғары Бұқтырма балық өндіргіштерін өсіру шаруашылығының әуіттеріне дейін.
Тармақ 12
12. Казнаковка өткелінен ағыс бойынша жоғары және төмен 1-ші км дейін, ортасына қарай қарама қарсы жағалауға дейін.
Тармақ 13
13. Қайынды өзені сағасынан 500 м, ағыс бойынша жоғары 1 км, ортасына қарай 1 км.
Тармақ 14
14. Новостройка кентінен ағыс бойынша төмен 1 км, ортасына қарай 1 км.
Тармақ 15
15. Новотимофеевка кентінен ағыс бойынша төмен 1 км, ортасына қарай 1 км.
Тармақ 16
16. Васильевский өткелінен ағыс бойынша жоғары 2 км және ағыс бойынша төмен 1 км., ортасына қарай қарама қарсы жағалауға дейін.
Тармақ 17
17. Приморское кентінен ағыс бойынша төмен 1 км, ортасына қарай 1 км.
Тармақ 18
18. Алтайка кентінен ағыс бойынша жоғары 1 км, ортасына қарай 2 км.
Тармақ 19
19. Октябрьский өткелінен жоғары 2 км және ағыс бойынша төмен 1 км, ортасына қарай қарама қарсы жағалауға дейін.
Тармақ 20
20. Демалу базаларының жағалау сызығы бойынша 1 км ортасына қарай. Шүльбі су қоймасы
Тармақ 1
1. Азовское ауылынан ағыс бойынша жоғары және төмен 1 км, ортасына қарай 1 км.
Тармақ 2
2. Ковалевский шығанағы, Ковалевка өзені сағасынан 500 м аттап ағыс бойынша төмен Ковалевский шығанағы аяқталғанға дейін.
Тармақ 3
3. Қызыл су шығанағы, Қызыл су өзені сағасынан 500 м аттап, ағыс бойынша төмен Қызыл су шығанағы аяқталғанға дейін.
Тармақ 4
4. Шүльбі кентінен ағыс бойынша жоғары 1 км, ортасына қарай 1 км.
Тармақ 5
5. Шүльбі шығанағы, Шүльбі өзені сағасынан 500 м аттап, ағыс бойынша төмен шығанақтың, аяқталғанына дейін.
Тармақ 6
6. Осиха шығанағы, Осиха өзені сағасынан 500 м аттап, ағыс бойынша төмен шығанақтың аяқталғанына дейін.
Тармақ 7
7. Уба-Форпост кентіне қарама қарсы учаскесі, жағалау бойынша 1 км, ортасына қарай 1 км. "Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі Зайсан-Ертіс облысаралық бассейн" басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастығы