Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы»бұйрығына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласында және Құрма ауылдық округінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Абай ауданы әкімінің орынбасары Айдос Елеубекович Аскаров тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 18 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.