Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки села Камысты и населенных пунктов Камыстинского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қамысты ауданы елді мекендерінің және Қамысты ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8, 11-баптарына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қамысты ауданы елді мекендерінің және Қамысты ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қамысты ауданы елді мекендерінің және Қамысты ауылының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3, 4-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қамысты ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы № 106 шешіміне 1-қосымша Қамысты ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Басқа 5. Қамысты ауданы елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы № 106 шешіміне 2-қосымша Қамысты ауданы елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Басқа 6. Қамысты ауылының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы № 106 шешіміне 3-қосымша Қамысты ауылының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері № Аймақ нөмірі Бағалау аймағының шекаралары Түзету коэффициенттері 1 I Ауыл шетінің Солтүстік-батыс бөлігінен ауылдың Орталық бөлігіне дейін Құдайқұлов, Парковая, Тәуелсіздік және Школьная көшелерінен (001), ауыл шетінің Батыс бөлігінен ауылдың Орталық бөлігіне дейін Құдайқұлов, Коммунальная, Свердлов, Тәуелсіздік, Школьная және Гумилев көшелерінен (002), ауылдың Орталық бөлігі Школьная және Гумилев көшелерінен (003) 1,95 2 II Ауылдың Солтүстік-шығыс бөлігі Северная және Южная көшелерінен (008) 1,4 3 III Ауылдың Орталық бөлігінен ауылдың Шығыс бөлігіне дейін Құдайқұлов, Школьная, Абай, Маяковская және Әуезов көшелерінен (001), ауылдың Орталық бөлігі Школьная және Гумилев көшелерінен (002), ауылдың Орталық бөлігінен ауылдың Шығыс бөлігіне дейін Школьная, Абай, Маяковская, Гумилев және Энергетиков көшелерінен (003) 1,0
Басқа 7. Қамысты ауданы елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы № 106 шешіміне 4-қосымша Қамысты ауданы елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері № Аймақ нөмірі Бағалау аймағының шекаралары Түзету коэффициенттері 1 I Алтынсарин ауылы (018) Қарабатыр ауылы (006) Клочков ауылы (020) 1,9 2 II Арқа ауылы (012) Бестөбе ауылы (010) 1,8 3 III Адаевка ауылы (016) Дружба ауылы (030) Ливановка ауылы (004) 1,7 4 IV Аралкөл ауылы (034) Жайылма ауылы (022) Талдыкөл ауылы (026) 1,5 5 V Красногор ауылы (012) Мешіт ауылы (008) Фрунзе ауылы (014) 1,2 6 VI Орқаш ауылы (032) Пушкин ауылы (024) 1,1