Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории района Аққулы Павлодарской области Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар облысы Аққулы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды
жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларының 2 бөлігінің 4-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына, Аққулы ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 7 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Аққулы ауданының аумағында қатты желге байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Аққулы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.