Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев либо физических или юридических лиц, оплачивающих проживание иностранца (приглашающая сторона, туроператор) по городу Семей Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Семей қаласы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабының 2-10 – тармағына, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Семей қаласы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) үшін қаладағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әр тәулік үшін алынатын туристік жарнаның белгіленген мөлшерлемесі - 0,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін. Орналастыру орындарында шетелдік туристер саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ұлғайған жағдайда туристік жарнаның мынадай мөлшерлемелері қолданылады: бес пайызға дейін – 0,2 АЕК мөлшерінде; бестен он пайызға дейін – 0,3 АЕК мөлшерінде; оннан он бес пайызға дейін – 0,4 АЕК мөлшерінде; он бес пайыздан және одан жоғары – 0,5 АЕК мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.