О Правилах застройки территории Аулиекольского района Күшін жойған
Басқа 0
Әулиекөл ауданының аумағына құрылыс салу Ережелері туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 23-бабы 2) тармақшасына сәйкес және Әулиекөл ауданы әкімиятының 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 6 «Әулиекөл ауданының аумағын құрылыстандыру Ережелері туралы» қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданының аумағына құрылыс салу Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Ереженің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелеріне басшылық жасайтын орынбасарына (Қуанышбаев Б.А.) жүктелсін.
Басқа 3. Әулиекөл ауданының аумағына құрылыс салу
Ережелері
Әулиекөл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 18 ақпандағы үшінші сессиясының № 26 «Әулиекөл ауданының аумағына құрылыс салу ережелері туралы» шешіміне
қосымша
Әулиекөл ауданының аумағына құрылыс салу
Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданының аумағына құрылыс салу Ережелері (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала салу және құрылыс қызметі туралы» Заңына , Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» кодексіне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160-І «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс облысындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы ереже ауданның елді мекендерінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары негізінде реттейді және адам мекендейтін орта мен адам тіршілігіне қолайлы ортаны қалыптастыруға, елді мекендердің және ауыл аралық аумақтардың тұрақты дамуына бағытталған.
Тармақ 3
3. Ережелер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің жер учаскесін пайдалану, Әулиекөл ауданы аумағын жобалау мен оларға құрылыс салу жағдайлары мен талаптарын анықтайды,сондай-ақ жылжымайтын мүліктің жаңа объектілерін орналастыруға және салуға немесе қолда барын өзгертуге (қайта бейімдеуге, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға, реконструкциялауға, кеңейтуге, күрделі жөндеуге) рұқсат етілетін рәсімдерді өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 4
4. Ереже:
жаңа құрылысқа, қайта жаңғыртуға, кеңейтуге, ғимараттың, құрылыстың, көшелердің, көлікпен өту мен көлік құрылыстарын техникамен қайта жарақтандыруға және қоғамға арналған аумақтарды жайғастыру жөніндегі жұмыстарға;
жалпы пайдаланылатын жасыл отырғызғылардың келесі түрлері: бөлек тұрған ағаштар мен бұталар, скверлер, саябақтар, орман саябақ отырғызғылары, көше ағаш егістері; квартал ішін көгалдандыру, санитарлық қорғаныш ағаш егістері; темір және автомобиль жолдары бойындағы орман жолақтары; гүл бақтары мен гүлзарлар;
уақытша объектілерді павильондарды, киоскілерді, жазғы алаңдарды, рыноктарды, автотұрақтарды, гараждарды, жанармай құятын станцияларды, әртүрлі көмекші құрылыстар мен үймереттерді, нәтижесінде объектінің сыртқы параметрлері мен пайдалану функциялары өзгеретін қоршаулар орнатуды, уақытша инженерлік желілер және басқа объектілер мен жұмыс түрлерін, сондай-ақ оларды орналастырған және жайғастырылған, пайдалануға берген кезде қоршаған ортаға зиян келтіріп әсер ететін орналастыру және жайғастыруға тарайды.
Тарау 2. 2. Аудан аумағын дамытудың және оларға
құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау
2. Аудан аумағын дамытудың және оларға
құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау
Тармақ 5
5. Жекелеген аймақтардың (облыстың немесе оның қандай да бір бөлігінің) аумақтарын ұйымдастыру (игеру, жайғастыру, құрылыс салу) аумақтың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы негізінде жүзеге асырылады.
Кешенді схемалар Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына және тиісті аумақтық дамудың аймақаралық схемасына сәйкес әзірленеді.
Тармақ 6
6. Ауданның елді мекендерінің аумақтарын дамыту және оған құрылыс салу белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлар негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) тұрғындарының саны бес мың адамнан асатын елді мекендер белгіленген тәртіппен бекітілген, қолданыстаѓы бас жоспарлармен, елді мекендердің дамуының кешенді жоспарлануын анықтайтын құжаттармен қамтамасыз етілуге тиіс;
Тармақша 2
2) тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді негізгі қала құрылысы құжаты ретінде осы қонысты дамыту мен оған құрылыс салудың белгіленген тәртіппен бекітілген схемасы (бас жоспардыњ оңайландырылған нұсқасы) болуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін
және тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін
және тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету
Тармақ 7
7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі нәтижелерінің тұтынушылары ретінде азаматтар елді мекеннің (қоныстың) аумағы шегінде осы мекенге қатысты мекендеу мен тіршілік етуге қолайлы осы мақсаттарға арналған қолайлы ортаға және рекреациялық аумақтарды бөлу (бөліп беру) арқылы демалуға Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес құқығы бар.
Тармақ 8
8. Аудан аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жүзеге асырылуға тиіс:
Тармақша 1
1) оның қоршаған ортаға әсерін бағалауды ескере отырып жүзеге асырылуға және табиғи ресурстардың±тымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды көздеуге тиіс;
Тармақша 2
2) халықтың, аумақтар мен елді мекендердің қауіпті (зиянды) табиғи және техногендік, антропогендік құбылыстар мен процестердің әсер етуінен қауіпсіздігі жөнінде заңдарда белгіленген талаптарды қамтамасыз ету ережелеріне негізделуге тиіс;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен тарихи, мәдени құндылықтар және қорғалатын ландшафттық объектілер деп танылған аумақтар мен объектілердің сақталу талаптарына негізделуге тиіс.
Тарау 4. 4. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі жөніндегі шешімдерді талқылауға қатысуы
4. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі жөніндегі шешімдерді талқылауға қатысуы
Тармақ 9
9. Қол жеткізілуі заң тәртібімен шектелген немесе мемлекеттік құпияларға жатқызылған ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары өздері мекендейтін тіршілік ететін ортаның жай-күйі, оның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде белгіленіп отырған болжамды өзгерістері туралы толық, уақтылы және сенімді ақпарат алуға құқығы бар.
Тармақ 10
10. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы бекітілгенге дейін жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуға, қоғамдық немесе жеке мүдделерді қозғайтын, қабылданатын шешімдерді өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Тармақ 11
11. Жеке және заңды тұлғалардың қала құрылысы, сәулет және құрылыс шешімдерін қабылдау кезіндегі талқылауға қатысу қалпы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»Заңының 13-бабы 5 және 6-тармақтарына сәйкес анықталады.
Тарау 5. 5. Жер учаскелерін объектілер құрылысы үшін беру тәртібі
және пайдалану кезінде құла құрылысы талаптарымен қамтамасыз ету
5. Жер учаскелерін объектілер құрылысы үшін беру тәртібі
және пайдалану кезінде құла құрылысы талаптарымен қамтамасыз ету
Тармақ 12
12. Жер учаскелерін объектілер құрылысы үшін беру жергілікті атқарушы органдарымен «Қазақстан Республикасының Жер кодексінің» 8, 43 және 44-баптары белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға өтініш береді. Өтініште: жер учаскесін пайдаланудың мақсаты, оның болжамды мөлшері, орналасқан жері және сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) көрсетілуге тиіс.
Тармақ 14
14. Объектінің құрылысы үшін жер учаскелерін таңдауды жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесе отырып) жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Өтінуші немесе оның сенім білдірген тұлғасы жер учаскесін бөліп беруге талап етілетін келісімдерді жеке-дара қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Жер учаскесін беру туралы шешімдер немесе жер учаскесін беруден ас тарту жергілікті өкілді органның депутаттары, жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар құрылған болса) өкілдері арасынан жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады. Жергілікті атқарушы органның қарауы бойынша комиссияның құрамына басқа адамдар және ұйымдар («Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы, «Тобыл Торғай бассейндік су шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Севказнедра» аумақтық басқармасының жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі облыстық инспекциясы және т.б.) енгізілуі мүмкін.
Тармақ 17
17. Жер учаскесіне құқық табыстаудан бас тарту жергілікті атқарушы органның шешімімен ресімделеді, оның дәлелді себептері көрсетілуге тиіс. Көшірмесі өтініш берушіге шешім қабылданған кейін жеті күн мерзімде тапсырылуға тиіс.
Тармақ 18
18. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру кезінде өтінімге:
азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін құқықтар табысталған жер учаскесінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама (жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган жеті күн мерзімде береді);
азаматта жеке тұрғын үйдің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама (жылжымайтын мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын орган жеті күн мерзімде береді) қоса тіркеледі.
Тармақ 19
19. Экологиялық қауіпті объектілерді салуға жер учаскесін таңдау кезінде (жанармай құятын станция, жағар-жанармай материалдар қоймасы және т.б.) қоршаған ортаны қорғау туралы заңға сәйкес қоршаған ортаға белгіленіп отырған шаруашылық қызметінің әсерін бағалау алдын-ала жүргізіледі. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қабылданатын шаруашылық шешімдері варианттарының экологиялық және өзге зардаптарды, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі кепілдеме әзірлеу, жоюды, деградацияның алдын алуды, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғат ресурстарына зақым келтіру және азуын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижесі, Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаға белгіленген шаруашылық қызметі әсеріне бағалау жүргізу тәртібі туралы уақытша нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына сәйкес, жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарының ажырағысыз бөлігі болып табылатын құжат түрінде ресімделеді». Қоршаған ортаға әсерін тигізетін, оған тиетін әсерін бағалауынсыз жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға тиым салынады.
Жер учаскесін құрылыс салу үшін бөлуге тиым салынады:
санитарлық-қорғау атыраптарында және арнайы өндірістік атыраптарда;
мемлекеттік санитарлық қадағалау органдары белгілеген, белгілі бір мерзім өткенге дейін, қалдықтармен ластанған учаскелерде;
саябақтар, скверлер, бақтар және жасыл атыраптарда, объект құрылысынан басқа, халықтың демалысын ұйымдастыруға функционалдық қатынасы бар.
Тармақ 20
20. Меншік иелері не жер пайдаланушылар жер учаскелерін құрылыс салу үшін (коммуникацияларды жүргізу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскені жайғастырудың басқа түрлерін қоса алғанда) пайдалануды заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлуді, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс салу мен оны пайдалану ережелерін сақтай отырып қана жүзеге асыра алады.
Тарау 6. 6. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамалар
және құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар
6. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамалар
және құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар
Тармақ 21
21. Объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңарту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру жобалау (жобалау-смета) құжаттамалары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларынсыз не нобайлау бойынша (нобайлап жобалау) тапсырысшы (меншік иесі) жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының келісімі бойынша құрылысты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабы 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асыра алады.
Тармақ 23
23. Жергілікті атқарушы органдардың құрылысқа жер учаскесін беру (учаскені пайдалануға рұқсат ету) туралы шешімі тапсырысшыныњ белгіленген объектіні жобалауға тапсырмасын жасау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 24
24. Жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары құрылысқа жер учаскесін беру (учаскені пайдалануға рұқсат ету) туралы шешім, жобалауға бекітілген тапсырма, инженерлік қамтамасыз ету мен коммуналдық қызмет көрсету көздеріне қосуға техникалық жағдайлар жасау және басқа да бастапқы материалдар (деректер) негізінде тапсырысшыға сәулет-жоспарлау тапсырмасын береді.
Тармақ 25
25. Жобалауға тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындауға арналған шарттың ажырағысыз бөлігі болып табылады.
Тармақ 26
26. Жобалау-іздену құжаттамаларын әзірлеу жобалау-іздену жұмыстарын орындауға құқығына лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Жобалауға берілген тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы мемлекеттік нормативтік құжаттамаларда белгіленген талаптарға сәйкес келісіледі және бекітіледі.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысыз жобаны іске асыруға тиым салынады. Бекітілген жобаға немесе жұмыс құнына қоршаған ортаны қорғауға шығын келтіретін өзгертулер жіберілмейді.
Тармақ 29
29. Жобаны (құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді) іске асыра бастау үшін уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты талап етіледі. Рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган анықтайтын тәртіппен белгіленеді.
Тармақ 30
30. Құрылыс процесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 6-тарауының нормаларына сәйкес сәулет-құрылыстық бақылаумен жолданылады.
Тармақ 31
31. Құрылыс салушылар, құрылысқа бөлінген жер учаскесіндегі жасыл алқаағаштардың сақталуын қамтамасыз етуі керек (жасыл алқаағаштардың сынуына немесе оларға залал келуін болдырмау үшін оларды қоршау, ал бөлек отырғызғыларды қорапқа алу қажет). Жасыл алқаағаштарды ұстау, қорғау және алып тастау тәртібі жер қоры комиссиясымен белгіленеді.
Құрылысқа таңдап алынған учаскеде жалпы пайдаланатын жасыл алқаағаштар болған жағдайда, құрылыс салушы бұзатын, көшіретін немесе жаңадан егу шығындарын ескереді. Жергілікті атқарушы органның шешімі, жасыл отырғызғыларды сақтап қалу, ал оларды бұзу (көшіру) жағдайында нақты шарт қою және бұзу (көшіру) мерзімі және жаңадан отырғызу шартын ұстау тиіс.
Қандай да бір объектіні немесе инженерлік коммуникацияны салуға байланысты және абаттандырудағы басқа да бұзушылықтар, бұзылынған қатты төселімнің, гүлзарлардың өнім беретін топырақ қабатын, көгалды қалпына келтіру тез тапсырысшының қаржысы есебінен тез арада орындалады.
Тарау 7. 7. Құрылыстағы сапа. Объектілердің сапалық
сипаттамаларын қамтамасыз етудегі меншік иелерінің міндеттері
7. Құрылыстағы сапа. Объектілердің сапалық
сипаттамаларын қамтамасыз етудегі меншік иелерінің міндеттері
Тармақ 32
32. Құрылыс өнімдерінің сапасы (объектілердің) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 70-бабы ұсынған нормалар мен талаптарға жауап беруге тиіс.
Тармақ 33
33. Құрылыс объектілерін пайдаланудың кепілді мерзімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 34
34. Меншік иелеріне және пайдаланушыларға (жалдаушыларға және жалға алушыларға) объектілерді пайдалану кезінде олардың тиісінше сапасын қамтамасыз ететін негізгі сипаттамаларын сақтауға бағытталған, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 71 және 72-баптарында көзделген міндеттер жүктеледі.
Тармақ 35
35. Кәсіпорынды, құрылысты және өзге объектілерді пайдалануға қосу «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 54-бабында көзделген экологиялық талаптар толық көлемде орындалу жағдайында ғана жүргізіледі.
Тарау 8. 8. Мердігер таңдау. Мердігер мен
тапсырысшының міндеттері және жауапкершілігі
8. Мердігер таңдау. Мердігер мен
тапсырысшының міндеттері және жауапкершілігі
Тармақ 36
36. Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар (бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда) құрылыстағы мердігерлік жұмыстарды орындайтын мердігерлер бола алады.
Тармақ 37
37. Тапсырысшының (инвестордың не оның уәкілдік берген адамының) мемлекеттік сатып алуға жатпайтын мердігерлік жұмыстарды орындау үшін мердігер таңдауы:
Тармақша 1
1) егер бұл жоба үшін өзгеше көзделмесе, конкурс өткізілмей;
Тармақша 2
2) жабық немесе ашық конкурстың (тендердің) нәтижелері бойынша;
Тармақша 3
3) конкурсқа (тендерге) қатысуға үміткерлердің алдын ала біліктілігі арқылы немесе онсыз жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 38
38. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тапсырысшының мердігер алдындағы және мердігердің тапсырысшы алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі мердігерлік шартпен белгіленеді.
Тарау 9. 9. Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау
9. Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау
Тармақ 39
39. Объектілерді пайдалануға қабылдаудың жалпы тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен реттеледі. Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге объектілерді пайдалануға енгізу кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы»және Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңдарымен регламенттелінеді.
Тармақ 40
40. Салынған объектінің пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы немесе қабылдау комиссиясы оның бекітілген жобаға сәйкес толық әзірлігі және жұмыс комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда жүргізеді.
Осы Заңның 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда салынған объектінің пайдалануға қабылдауды меншік иесі (тапсырысшы, инвестор, құрылысты салушы) дербес жүргізеді.
Тармақ 41
41. Мемлекеттік қабылдау, қабылдау және жұмыс комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 77 және 78-баптарының талаптарына сәйкес құрылады.
Тарау 10. 10. Аудан аумағына құрылыс салу
ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік
10. Аудан аумағына құрылыс салу
ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 42
42. Әулиекөл ауданының аумағына құрылыс салу Ережесі Әулиекөл ауданының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс салу қызметін жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғалар үшін ведомстволық тәуелділігіне және меншік қалпына қарамастан орындауға міндетті болып табылады.
Тармақ 43
43. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң белгілеген нормалар мен талаптарды, сондай-ақ осы Ереженің бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тарау 11. 11. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу,
бекіту және қолданысқа енгізу тәртібі
11. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу,
бекіту және қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 44
44. Құрылыс салу Ережесін бекіту және қолданысқа енгізу немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 23-бабы 2) тармақшасына, 26-бабы 2) тармақшасына және 30-бабы 5-тармағына сәйкес жүргізіледі.