Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Успенского района Павлодарской области Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар облысы Успен ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығының 2-тарауының 4-тармағының 3) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығының 2-тармағысына сәйкес, Успен ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 19 қарашадағы кезектен тыс жедел отырысының хаттамасымен, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Успен ауданының аумағында қатты желге байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия ақаулы актілер жасай отырып, екпінді жел салдарынан зардап шеккен объектілерге тексеру жүргізсін.
Тармақ 3
3. Коммуналдық меншіктің баланс ұстаушылары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша сметалық құжаттаманы әзірлесін және бюджеттік өтінімді «Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жолдасын.
Тармақ 4
4. «Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қалпына келтіру жұмыстарына қаражат іздесін.
Тармақ 5
5. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға және осы шешімнің орындалуына бағытталған іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.