Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Майского района Павлодарской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Май ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығының 2 бөлігінің 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Май ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 19.11.2023 жылғы кезектен тыс жедел отырысының хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Май ауданының аумағында қатты желге байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия ақаулы актілер жасай отырып, екпінді жел салдарынан зардап шеккен объектілерге тексеру жүргізсін.
Тармақ 3
3. Коммуналдық меншіктің баланс ұстаушылары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша сметалық құжаттаманы әзірлесін және бюджеттік өтінімді Май ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жолдасын.
Тармақ 4
4. Май ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қалпына келтіру жұмыстарына қаражат іздесін.
Тармақ 5
5. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға және осы шешімнің орындалуына бағытталған іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.