Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев по Коксускому району Күшін жойған
Басқа 0
Көксу ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік
жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184104 болып тіркелген), Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Көксу ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 0,2 (нөл бүтін оннан екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.