Об установлении карантина Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Карантин белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35- бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 -бабының 7- тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 2-13/173 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі Амангелді ауылының аумағында орналасқан «Самғат» шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.