О проведении приписки граждан к призывным участкам Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтарды әскерге шақыру участкелерінің тізіміне алу туралы
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңының жастарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, жалпы білім деңгейін, алған мамандығын және денсаулық деңгейін анықтау мақсаттарында облыс әкімі шешім қабылдайды:
Тармақ 1
1. Облыстағы аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) 17 жасқа толған азаматтарды қаңтар-наурыз айларында шақыру участкелерінің әскери тізіміне алуды өткізу үшін комиссиялар құрсын және олардың жұмысын Қазақстан Республикасы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды шақыру участкелерінің тізіміне алу жөніндегі медициналық комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету шараларын қаржыландыруды, сондай-ақ емдеу-сақтандыру мекемелерде медициналық зерттеуді қала мен аудан бюджеттерінде қарастырылған қаржы көлемінде қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) шақыру участкелерінің тізіміне алуды өткізу үшін азаматтардың аудандық, қалалық әскери комиссариаттарына ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (И.М. Комалдинов) облыстық әскери комиссариатымен (Б.Н. Қнышбаев - келісім бойынша) бірлесіл тіркеу жөніндегі комиссиясында жұмыс істеу үшін облыстық емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын қатыстыру ретін анықтасын және облыстағы емдеу мекемелеріне аудандық және қалалық комиссиялар жіберген азаматтардың бірінші кезекпен қаралуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық Ішкі Істер Бас Басқармасы (Д.Т. Түсіпбеков - келісім бойынша) облыстық әскери комиссариаттармен (Б.Н. Қнышбаевпен - келісім бойынша) бірлесе отырып әскерге шақыру участкелерінде тәртіп сақталуын және әскерге шақырылудан қашушыларды іздестіру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалуы бойынша жүргізілген жүмыс туралы акпарат жыл сайын 15 сәуірге дейін облыс әкімінің аппаратына тапсырылып отырсын.
Тармақ 5
5. Ақмола облысы әкімінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 83 «1987 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру участкелерінің тізіміне алу туралы» шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Сейітжановқа жүктелсін.