Об утверждении Правил ведения персонифицированного учета обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и (или) пени Қолданыста
Басқа 0
Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ережесінің 15-тармағының 213) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 12 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13072 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
Тармақша 2
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму министрлігі,
инновациялық және аэроғарыштық
өнеркәсіп
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 9 тамыздағы
№ 335 Бұйрығына
қосымша
Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ережесінің 15-тармағының 213) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есебін жүргізуді айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) сәйкес айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МҚ) – ақпаратты автоматты түрде жинауға, сақтауға және ақпараттарды өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіргішін енгізу мақсатында жеке сәйкестендіргіш нөмірінің Ұлттық реестрін құру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреті аясында мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе;
Тармақша 4
4) міндетті зейнетақы жарналары – Әлеуметтік кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына енгізілетін ақша
Тармақша 5
5) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – агенттер меншікті қаражатының есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері жұмыскерлер өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына аударған ақша;
Тармақша 6
6) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу тәртібі
2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорындағы (бұдан әрі – дерекқор) мәліметтер негізінде жүргізеді және әрбір салымшы (алушы) бойынша мынадай:
Тармақша 1
1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);
Тармақша 2
2) салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, туған жері, жынысы, тұрғылықты жерінің мекенжайы, азаматтығы;
Тармақша 3
3) жеке басты куәландыратын құжаттың сериясы мен нөмірі, көрсетілген құжаттардың берілген күні және оларды берген органның атауы;
Тармақша 4
4) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күнін өзгерту туралы;
Тармақша 5
5) азаматтығын өзгерту туралы;
Тармақша 6
6) салымшының (алушының) деректемелерін, мәртебесін өзгерту туралы;
Тармақша 7
7) Әлеуметтік кодекстің 11-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде (бұдан әрі – Қағидалар) белгіленген тәртіппен аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдар туралы, сондай-ақ оларды қайтару туралы;
Тармақша 8
8) Қағидаларда белгіленген тәртіппен агенттің атауы мен деректемелерін қоса алғанда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер туралы дербес деректерді қамтиды.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік корпорация:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 125) және 126) тармақшаларына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларына және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларына сәйкес мәліметтер мен өзгерістерді дерекқорға уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дерекқорда қамтылған мәліметтердің сенімді сақталуын ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) ай сайын 10-і күніне дейін уәкілетті органға міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың саны, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары және агенттердің саны туралы мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік корпорация күн сайын дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшыларының деректемелерін ЖТ МДҚ-дағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді.
Тармақ 6
6. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшыларының деректемелерінде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, ЖСН және жынысы бойынша сәйкессіздіктер анықталған кезде Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшысының деректемелерін бір күн ішінде ЖТ МДҚ деректеріне сәйкес келтіреді.
Тармақ 7
7. Салымшының (алушының) деректемелерінің өзгеруі туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға беру Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электрондық тәсілмен дерекқорға өзгерістер енгізілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
______________________________________