Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) Саран қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысының Саран қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Саран қаласы әкімінің орынбасары Дастан Ботабекович Арнешев тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Саран қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Д.Б. Арнешев осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім 2023 жылғы 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.