Об организации бесплатного питания отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций Атырауской области Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Атырау облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында келесі санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтану құнының 100 % мөлшерінде тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:
Тармақша 1
1) жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
Тармақша 2
2) мүгедектігі бар балаларға;
Тармақша 3
3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.