Об установлении предельного уровня цен (тарифа) на услуги по перевозке пассажиров по социально значимым межрайонным (междугородным внутриобластным) и пригородным сообщениям Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге баға (тариф) шекті деңгейін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңының 12 бабының 2 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге баға (тариф) шекті деңгейі 100 теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.