О Национальном архивном фонде и архивах Қолданыста
Басқа 0
Ұлттық архив қоры және архивтер туралы
📌 Ескерту. Заңның тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)" деген сөздер тиісінше "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздермен ауыстырылды;
"мұрағат", "мұрағаттарды", "мұрағаттардың", "мұрағаттар", "мұрағаты", "Мұрағат", "мұрағаттарының", "мұрағаттары", "мұрағаттың", "мұрағаттарындағы", "мұрағаттардағы", "мұрағатқа", "Мұрағатының", "мұрағаттарда", "мұрағаттарға", "мұрағаттық", "мұрағаттарынан", "мұрағаттарында" және "мұрағатты" деген сөздер тиісінше "архив", "архивтерді", "архивтердің", "архивтер", "архиві", "Архив", "архивтерінің", "архивтері", "архивтің", "архивтеріндегі", "архивтердегі", "архивке", "Архивінің", "архивтерде", "архивтерге", "архивтік", "архивтерінен", "архивтерінде" және "архивті" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
«облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздер тиісінше «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы мемлекеттік архив – осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі
не құрылымдық бөлімшесі құрамындағы бөлімшесі;
Тармақша 2
2) архив – архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 3
3) архив коллекциясы – қор құрушылар қызметінде қалыптасқан, бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттардың жиынтығы;
Тармақша 4
4) архив қоры – бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты архивтік құжаттардың жиынтығы;
Тармақша 5
5) архивтік құжат – қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;
Тармақша 5-1
5-1) архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау – меншік иесінің архивтік құжаттарға меншік құқығын сақтай отырып, құжаттардың меншік иесі мен тиісті архив арасындағы шартта айқындалатын талаптармен құжаттарды архивте сақтау;
Тармақша 6
6) архивтік құжаттарды есепке алу (бұдан әрі – есепке алу) – есепке алу бірліктерінде архивтік құжаттардың саны мен құрамын белгілеу және әрбір есепке алу бірлігінің белгілі бір кешенге және олардың есепке алу құжаттарындағы жалпы санына тиесілігін тіркеу;
Тармақша 7
7) архивтік құжаттарды пайдаланушы – ақпаратты пайдалану мақсатында алу үшiн архивтік құжаттарға жүгінетін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 8
8) архивтік құжаттарды ретке келтіру (бұдан әрі – ретке келтіру) – архивтік құжаттарды сақтау бірліктеріне (істерге) қалыптастыру, осындай сақтау бірліктерін (істерді) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес сипаттау және ресімдеу жөніндегі жұмыстар кешені;
Тармақша 9
9) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару – архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және оларды цифрлық архивке енгізу;
Тармақша 9-1
9-1) архивтік құжаттың төлнұсқа құқығындағы көшірмесі – өзге мемлекеттердің, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың меншігіндегі архивтік құжаттың төлнұсқасындағы ақпарат пен оның сыртқы белгілерін қайталап көрсететін көшірме;
Тармақша 10
10) архив ісі – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастырумен, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын құрумен, архивтік құжаттарды жинауды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды ұйымдастырумен байланысты қызмет саласы;
Тармақша 11
11) аса құнды құжат – Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының баға жетпестей тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы, қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызы бар архивтік құжаты;
Тармақша 11-1
11-1) аудиовизуалды құжаттардың міндетті данасы – кино-, фото-, фоно- және бейнеқұжаттардың әр түрінің, өндірушісі мемлекеттік архивтерге өтеусіз беруге тиісті данасы;
Тармақша 12
12) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету – заңды тұлғалардың құжаттама жасау және құжаттарды жасау, алу кезінен бастап архивтік сақтауға бергенге дейін олармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі;
Тармақша 13
13) ведомстволық архив – архивтік құжаттарды жинауды, ретке келтіруді, уақытша сақтауды, есепке алуды, пайдалануды және Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 14
14) жеке архив – архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік емес заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі немесе қызметі, жинауы және сатып алуы нәтижесінде пайда болған жеке тұлғаның архивтік құжаттары;
Тармақша 15
15) жеке құрам жөніндегі құжаттар – жұмыскерді, қызметшіні жұмысқа, қызметке қабылдау кезінде, ауыстыру, орнын ауыстыру, жұмыстан шығару кезінде қалыптастырылатын, демалыс беру, іссапарлар, іссапарға жіберу, көтермелеу, жалақыны есепке жазу туралы құжаттар, әлеуметтік, зейнетақымен қамсыздандыруға және медициналық қамтамасыз етуге арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы, оқуы, біліктілік, разряд, атақ беру туралы мәліметтер және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты өзге де құжаттар;
Тармақша 15-1
15-1) жинақтау көзі – қызметі процесінде Ұлттық архив қорының тұрақты сақтауға берілуге тиісті құжаттары қалыптастырылатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 15-2
15-2) қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқаға сәйкес келетін және қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық бейнеленуін жасаған адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған осындай электрондық бейнеленуі;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры (бұдан әрі – Ұлттық архив қоры) – тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес архив қорларының, коллекциялардың және архивтік құжаттардың жиынтығы;
Тармақша 17
17) құжат – материалдық жеткізгіште дәлме-дәл жазып алынған, сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат;
Тармақша 17-1
17-1) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама – Ұлттық архив қорының құрамына енгізу үшін құжаттардың сақталу мерзімдерін белгілеу және оларды іріктеу мақсатында құжаттардың құндылығы өлшемшарттары негізінде оларды зерттеу;
Тармақша 18
18) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры – аса құнды құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің жиынтығы;
Тармақша 19
19) мемлекеттік архив – Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, сатып алу, жинақтау, ретке келтіру, тұрақты сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану құқығы берілген мемлекеттік мекеме;
Тармақша 19-1
19-1) Мемлекеттік қор каталогы – Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы, мазмұны, тұрған жері мен қолжетімділігі туралы мәліметтер беретін архив қорларының жүйеленген тізілімі;
Тармақша 20
20) орталық мемлекеттік архив – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның қарауындағы мемлекеттік архив;
Тармақша 21
21) ресми құжат – жеке немесе заңды тұлға жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және куәландырылған құжат;
Тармақша 22
22) уәкiлеттi орган – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 23
23) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алу (бұдан әрі – мемлекеттік есепке алу) – архив қорларының саны мен құрамы, сақтау бірліктерінің саны туралы мәліметтерді қамтитын, Ұлттық архив қорының құжаттарын астана, облыс, республикалық маңызы бар қала және тұтастай алғанда мемлекет деңгейінде есепке алу жүйесі;
Тармақша 23-1
23-1) Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтау – Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау мерзімін белгілемей (мерзімсіз) сақтау;
Тармақша 23-2
23-2) Ұлттық архив қорының құжаттарын уақытша сақтау – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға бергенге дейін оларды сақтау;
Тармақша 24
24) Ұлттық архив қорының құжаты – құжаттар құндылығының мемлекеттік сараптамасынан өткен, мемлекеттік есепке қойылған және тұрақты сақталуға жататын архивтік құжат;
Тармақша 24-1
24-1) электрондық архивтік құжат – электрондық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған архивтік құжат;
Тармақша 24-2
24-2) электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі көшірмесі – қағаз жеткізгіште басып шығарылған, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен куәландырылған электрондық құжат;
Тармақша 25
25) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы – «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.
📌 Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 248-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) заңдарымен.
Бап 1-1. 1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүддесінде Қазақстан Республикасының тарихи-құжаттамалық мұрасының сақталуын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздер құру осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) архив ісін және басқарудың құжаттамалық қамтамасыз етілуін реттеу;
Тармақша 2
2) Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, қалыптастыру, жинақтау, сақтау мен пайдалану, ретке келтіру және есепке алу;
Тармақша 3
3) қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыру.
Тармақ 3
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) архив ісін ұтымды басқару;
Тармақша 2
2) заңдылық;
Тармақша 3
3) пайдаланушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз Ұлттық архив қорының құжаттарына тең қол жеткізуі;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
📌 Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-2-бап. 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 30.12.2025 № 248-VIII Заңымен.
Бап 2. 2-бап. Ұлттық архив қоры және архив ісі
2-бап. Ұлттық архив қоры және архив ісі
📌 Ескерту. 2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Ұлттық архив қоры Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды.
Тармақ 2
2. Ұлттық архив қорына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сақтаулы және халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстанға қайтарылуға тиісті архив құжаттары да жатады.
Тармақ 3
3. Ұлттық архив қоры қоғам мен мемлекеттің қажеттерін қанағаттандыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға қызмет етеді.
Тармақ 4
4. Архивтер ісін дамыту мен жетілдіруге қамқорлық жасауды мемлекет өз мойнына алады. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау барлық жеке және заңды тұлғалардың міндеті болып табылады.
📌 Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы
заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы
заңнамасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық
архив қоры және архивтер туралы
заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы
Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
📌 Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық архив қоры
2-тарау. Ұлттық архив қоры
Бап 4. 4-бап. Ұлттық архив қорының құрамы
4-бап. Ұлттық архив қорының құрамы
Тармақ 1
1. Ұлттық архив қорының құрамына шығу көзіне, жасалу уақыты мен тәсіліне, жеткізгіш түріне, меншік нысанына және сақталу орнына қарамастан, архивтік құжаттар:
Тармақша 1
1) заңдар және басқа да ресми құжаттар;
Тармақша 2
2) басқару, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, жобалық-конструкторлық, жобалық-сметалық, технологиялық, қала құрылысы, патенттік-лицензиялық, картографиялық, геодезиялық, геологиялық, телеметриялық және басқа да арнаулы құжаттама, оның ішінде олардың сызбалары мен мәтіндік жазбалары;
Тармақша 3
3) электрондық ақпараттық ресурстар, машинамен оқуға бағдарланған және дыбыстық-бейне құжаттама;
Тармақша 4
4) тарих пен мәдениетті деректі ескерткіштері;
Тармақша 5
5) жеке адам тегінің құжаттары және ұлттық құндылық болып табылатын өзге де құжаттама;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының меншігіне түскен өзге де құжаттар;
Тармақша 7
7) аса құнды құжаттардың сақтандыру
көшірмелері;
Тармақша 8
8) архивтік құжаттардың төлнұсқа құқығындағы көшірмелері;
Тармақша 9
9) қағаз жеткізгіштегі құжаттардың электрондық көшірмелері;
Тармақша 10
10) электрондық құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері кіреді.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
📌 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11.06.2026 № 306-VIII
(01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5. 5-бап. Ұлттық архив қорын қалыптастыру негіздері және оның жинақтау көздері
5-бап. Ұлттық архив қорын қалыптастыру негіздері және оның жинақтау көздері
📌 Ескерту. 5-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті Архивінің, арнаулы мемлекеттік архивтердің, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтерінің, кітапханалардың және музейлердің құжаттары Ұлттық архив қорын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық архив қорының жинақтау көздері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Құрылтай мен жергілікті өкілді органдардың, Конституциялық Соттың, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, соттардың, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік заңды тұлғаларының, оның ішінде шет елдегілердің де ведомстволық архивтері;
Тармақша 2
2) жеке архивтер болып табылады.
Тармақ 3
3. Ұлттық архив қоры жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі архивтік құжаттарды сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру, сатып алу арқылы да толықтырылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Мемлекет Қазақстан тарихы бойынша шетелдегі құжаттарды және шетелден шыққан Қазақстан Республикасымен тарихи байланысты құжаттарды қайтару шараларын қабылдайды, оларды анықтауды және сатып алуды қаржыландырады.
📌 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.11.10 N 256 , 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII
(01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 6. 6-бап. Архивтік құжаттарды, архив қорлары мен
коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына
жатқызу, оның жинақтау көздерін белгілеу тәртібі
6-бап. Архивтік құжаттарды, архив қорлары мен
коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына
жатқызу, оның жинақтау көздерін белгілеу тәртібі
Тармақ 1
1. Архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оны жинақтау көздерін белгілеу,
сондай-ақ оларды Ұлттық архив қорының құрамынан шығарып тастау құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасау негізінде жүргізіледі. Құжаттардың жасалған жері, мазмұны, сыртқы ерекшеліктері олардың құндылығының өлшемшарттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптаманы уәкілетті орган құратын Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, арнаулы мемлекеттік архивтер, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құратын сараптау-тексеру комиссиялары жүргізеді.
Тармақ 3
3. Уәкiлеттi орган сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негізінде:
Тармақша 1
1) Ұлттық архив қорының жинақтау көздерінің тізімдерін бекітеді;
Тармақша 2
2) архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешім қабылдайды. Саяси және идеологиялық пікірлер бойынша шығарып тастауға тыйым салынады;
Тармақша 3
3) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімдері мен жою тәртібiн белгілейдi;
Тармақша 4
4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік емес ұйымдар әзірлеген, сақтау мерзімдері көрсетіле отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде қалыптасатын құжаттардың салалық (ведомстволық) тізбелерін келіседі.
Тармақ 4
4. Ұлттық архив қорының жинақтау көздерінің:
Тармақша 1
1) республикалық меншiктегi архивтік құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің немесе орталық мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті Архивінің және арнаулы мемлекеттік архивтердің келiсiмiнсiз;
Тармақша 2
2) коммуналдық меншiктегi архивтік құжаттарын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының келісімінсіз;
Тармақша 3
3) жеке меншіктегі архивтік құжаттарын архивтің тұрған жеріне қарай, уәкілетті органның не астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жоюға жол берілмейді.
📌 Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 7. 7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарына меншік құқықтарына
кепілдік беру мен оларды қорғау
7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарына меншік құқықтарына
кепілдік беру мен оларды қорғау
📌 Ескерту.
Тақырыбына
өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Ұлттық архив қорының құжаттары мемлекеттік және жеке меншікте болады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк меншiкке:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде, орталық мемлекеттік архивтерде, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде, арнаулы мемлекеттік архивтерде, мемлекеттік кітапханаларда және музейлерде сақтаулы республикалық меншіктегі құжаттар;
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің,
Құрылтайының, Қазақстан Халық Кеңесінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, Жоғарғы Сотының, Бас прокуратурасының, Ұлттық Банкінің және басқа да мемлекеттік республикалық заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар;
Тармақша 2
2) коммуналдық меншіктегі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарында сақтаулы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, соттардың, прокуратураның, коммуналдық кәсіпорындар мен басқа да мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар;
Тармақша 3
3) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры жатады.
Тармақ 3
3. Жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің қызметі немесе жинауы, сатып алуы нәтижесінде жасалған құжаттары жеке меншікке жатады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын иелену және пайдалану құқықтары беріледі.
Тармақ 5
5. Архивтік құжат меншік иесінің келісімінсіз Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздерде архивтен алып қойылуы мүмкін.
Тармақ 6
6.
Осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту, яғни меншік құқығын беруге байланысты мәмілелер жасау объектісі бола алмайды, сондай-ақ оларды тұрақты сақтау үшін басқа мемлекеттерге әкетуге болмайды.
Тармақ 7
7. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттары, меншік иесінің уәкілетті органмен алдын ала жазбаша келісімімен кейін ғана және аталған құжаттардың дубликаттарын немесе көшірмелерін мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсырған жағдайда сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту объектісі бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тыс жерлерге әкетуге болады.
Тармақ 8
8. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құжаттарын меншіктену құқығын мемлекетке беру тараптардың келісімі бойынша жасалады. Жеке адамдар құжаттарын пайдалануға шектеу мерзімін архивке берілген кезден бастап 70 жылдан аспайтын уақытқа белгілей алады.
📌 Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.11.10 N 256 , 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11.06.2026 № 306-VIII
(01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 8. 8-бап. Заңды тұлғалар қайта құрылған не таратылған жағдайда архив құжаттарына меншік құқығы
8-бап. Заңды тұлғалар қайта құрылған не таратылған жағдайда архив құжаттарына меншік құқығы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік ұйымдар жекешелендірілгенде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жекешелендірілгенге дейін жасалған Ұлттық архив қорының құжаттары мемлекеттік меншік мәртебесін сақтап қалады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың шетел компаниясының немесе жеке адамның басқаруына берілген архивтері мемлекеттік меншік мәртебесін сақтап қалады және мемлекетке қайтарылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам жөніндегі құжаттар ретке келтірілген түрде құқық мирасқорларына берiледi.
Тармақ 4
4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам жөніндегі құжаттар уәкiлеттi органмен келiсу бойынша тиісті мемлекеттік немесе арнаулы мемлекеттік архивке ретке келтірілген түрде
міндетті тәртіппен
сақтауға беріледі.
Мемлекеттік архив не арнаулы мемлекеттік архив Ұлттық архив қорының құжаттарын және жеке құрам жөніндегі құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау туралы архив анықтамасын береді.
📌 Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.11.10 N 256; 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Тарау 3. 3-тарау. Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, оларды сақтау, сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақтауға беру
3-тарау. Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, оларды сақтау, сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақтауға беру
Бап 9. 9-бап. Мемлекеттік есепке алу
9-бап. Мемлекеттік есепке алу
📌 Ескерту. 9-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Ұлттық архив қорының құжаттары, олардың меншік нысандарына қарамастан, орталықтандырылған мемлекеттік есепке алынуға тиіс.
Тармақ 2
2. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар құжаттардың құрамы туралы деректерді мемлекеттік есепке алуды уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен жүргiзедi және осы деректердi астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.
📌 Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 10. 10-бап Мемлекеттік қор каталогы
10-бап Мемлекеттік қор каталогы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Мемлекеттік қор каталогын жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi орган, осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларын қанағаттандыру үшiн Мемлекеттік қор каталогының ақпаратына қолжетімділікті және оның пайдаланылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
📌 Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 11. 11-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау
11-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау
Тармақ 1
1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық және жеке архивтерде уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға айрықша құқық берілетін тиісті мемлекеттік архивтерге беріледі.
Тармақ 2
2. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, арнаулы мемлекеттік архивтер мен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалар мен аудандардың мемлекеттік архивтері жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Жеке және заңды тұлғалар Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану үшін ведомстволық және жеке архивтер құрады.
Тармақ 4
4. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау және пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивімен, орталық мемлекеттік архивтермен, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалар мен аудандардың мемлекеттік архивтерімен жасасатын шарттарда көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Ұлттық архив қорының ресми құжаттарының мемлекеттік меншік болып табылатын төлнұсқаларымен жеке архивтерді жинақтауға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
📌 Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.11.10 N 256, 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 12. 12-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету
12-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері құжаттарды олардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақтауға міндетті. Мемлекеттік архивтер Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құрады.
Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры Ұлттық архив қоры құжаттарының төлнұсқаларынан бөлек, арнайы жабдықталған архив құжаттарының қоймасында (архив қоймасында) сақталады.
Тармақ 2
2. Ұлттық архив қорының құжаттары (мемлекеттік меншіктегі), сондай-ақ мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарының үйлері, үй-жайлары мен жабдықтары иеліктен шығаруға жатпайды.
Тармақ 3
3. Архив қорлары, архив коллекциялары, олардың бөлiктерi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының объектiлерiне жатқызылуы және тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiне енгiзiлуi мүмкiн.
📌 Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.11.10 N 256, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 13. 13-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға беру
13-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға беру
Тармақ 1
1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық архивтерде сақтау мерзімі өткен соң мемлекеттік архивтерге
ретке келтірілген түрде
тұрақты сақтауға берілуге тиіс.
Құжаттар мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға берілгенге дейін заңды тұлғалар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен олардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптаманы жүзеге асырады.
Тармақ 1-1
1-1. Ұлттық архив қорының құжаттарын ретке келтірілген түрде беру мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес архивтерді өткізетін заңды тұлғалардың меншікті қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. алып тасталды
Тармақ 3
3. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беруді ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізеді.
📌 Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.11.10 N 256, 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 13-1. 13-1-бап. Аудиовизуалды құжаттардың міндетті данасын тапсыру
13-1-бап. Аудиовизуалды құжаттардың міндетті данасын тапсыру
Тармақ 1
1. Тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар аудиовизуалды құжаттарды бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, бюджет қаражаты есебінен шығаратын жеке және заңды тұлғалар оларды алғашқы дайындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мәтіндік ілеспе құжаттамасы бар аудиовизуалды құжаттардың міндетті даналарын мемлекеттік архивтерге Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сақтауға өтеусіз негізде береді.
Тармақ 2
2. Тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар аудиовизуалды құжаттарды өз қаражаты есебінен шығаратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мәтіндік ілеспе құжаттамасы бар аудиовизуалды құжаттардың міндетті даналарын мемлекеттік архивтерге Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сақтауға өтеусіз негізде беруіне құқығы бар.
📌 Ескерту.
Заң
13-1-баппен толықтырылды -30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 4. 4-тарау. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану
4-тарау. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану
Бап 14. 14-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану тәртібі
14-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану тәртібі
📌 Ескерту. 14-бап алып тасталды - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 15-1. 15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару
15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару
Тармақ 1
1. Ведомстволық архивтер Ұлттық архив қорының архивтік құжаттарын және жеке құрам жөніндегі архивтік құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттарды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тұрақты негізде электрондық нысанға аударуды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Электрондық нысанға аударылған архивтік құжаттарға қолжетімділік мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, архивтік құжаттарды барлық пайдаланушы үшін ашық болып табылады.
Тармақ 3
3. Қағаз жеткізгіштегі архивтік құжаттың электрондық көшірмесінің архивтік құжаттың бастапқы түпнұсқасымен мәні бірдей болады.
📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.11.10 N 256; 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 15-1. 15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару
15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Электрондық нысанға аударылған архивтік құжаттарға қол жеткізу мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, барлық мүдделі мемлекеттік органдар үшін ашық болып табылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі архивтік құжаттың бастапқы түпнұсқасына тең болып табылады.
📌 Ескерту. 4-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 15-2. 15-2-бап. Цифрлық архив
15-2-бап. Цифрлық архив
Тармақ 1
1. Цифрлық архив уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электрондық нысанда ұйымдастырылған және сақталатын электрондық архивтік құжаттар мен архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерінің жиынтығы болып табылады.
Тармақ 2
2. Цифрлық архив Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында жұмыс істейді.
Тармақ 3
3. Цифрлық архив сақталатын ақпараттың қолжетімділігін, сақталуын, тұтастығын және құпиялығын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Цифрлық архив Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылған және сақталатын электрондық архивтік құжаттар мен қағаз жеткізгіштегі архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін қамтиды.
Тармақ 5
5. Цифрлық архивтің жұмыс істеу тәртібін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 6
6. Цифрлық архив архивтік құжаттарды, Мемлекеттік қор каталогын іздеу, оған қол жеткізу және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Цифрлық архивке қол жеткізу ақпараттық қауіпсіздік талаптары және оның жұмыс істеу тәртібі сақтала отырып жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. Заң 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2025 № 248-VIII (ҚР Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 16. 16-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланудағы шектеулер
16-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланудағы шектеулер
Тармақ 1
1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік және мемлекеттік емес құпиялары бар құжаттарын пайдаланудағы шектеулер, оларды құпиясыздандыру және жалпы пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Тармақ 1-1
1-1. Жеке тұлғаның жеке өмірі, жеке басының және отбасылық құпиясы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық архив қорының құжаттарына және басқа да архивтік құжаттарға қол жеткізуді шектеу аталған құжаттар жасалған күннен бастап жетпіс бес жыл мерзіміне белгіленеді.
Шектеу жеке тұлғаның не ол қайтыс болғаннан кейін мұрагерлерінің жазбаша рұқсатымен алынуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Пайдалануға шектеу қоюға құқығы бар меншік иелерінің архив құжаттарын олардың өздері немесе құқық мұрагерлері (мұрагерлері) келісім бергенде ғана пайдалануға болады.
Тармақ 4
4. Аса құнды құжаттардың төлнұсқалары, сондай-ақ физикалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз архивтік құжаттар архивтік құжаттарды пайдаланушыларға берілмейді. Олардың орнына көшірмелері беріледі.
📌 Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 16-1. 16-1-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылардың мiндеттерi
16-1-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылардың мiндеттерi
Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылар:
Тармақша 1
1) пайдаланылатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) архивтік құжаттарда қамтылған, пайдаланылған мәліметтердің өңін айналдыруға және оларды бұрмалауға;
Тармақша 3
3) архивтік құжаттарды жариялаған, олардан дәйексөз келтірген кезде олардың сақталу орнына және меншік иесіне сілтемені көрсетуге міндетті.
📌 Ескерту. 4-тарау 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.11.10 N 256;
өзгерістер енгізілді -
ҚР
30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 17. 17-бап. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету негізі мен тәртібі
17-бап. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету негізі мен тәртібі
📌 Ескерту. 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік архивтер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге құқылы.
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлеріне:
Тармақша 1
1) ретке келтіру;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасау мен құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу;
Тармақша 3
3) архив істері мен құжаттарын реставрациялау, консервациялау, түптеу, архивтік қораптарды дайындау;
Тармақша 4
4) архивтік құжаттардың сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтінін қалпына келтіру;
Тармақша 5
5) архивтік құжаттардың көшірмесін жасау;
Тармақша 6
6) осы Заңның 15-1-бабының 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттамалық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 8
8) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттардағы ақпаратты анықтау;
Тармақша 9
9) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттар тізбесін, істер номенклатураларын әзірлеу;
Тармақша 10
10) әдістемелік әдебиетті, архивтік құжаттардың жинақтарын, оқыту және басқа да жарияланымдарды басып шығару және өткізу;
Тармақша 11
11) архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау жатады.
Тармақ 2
2. Құжаттарды коммерциялық жолмен пайдалану кезінде оларға меншік құқығы олардың меншік иесінде сақталады.
📌 Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.11.10 N 256, 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 165 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.08 N 247; 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 5. 5-тарау. Архив ісін мемлекеттік реттеу мен басқару
5-тарау. Архив ісін мемлекеттік реттеу мен басқару
Бап 18. 18-бап. Архив ісін мемлекеттік реттеу
18-бап. Архив ісін мемлекеттік реттеу
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Тармақ 1-1
1-1. Алып тасталды- ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1-2
1-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган жүзеге асыратын архив ісін мемлекеттік реттеу мәселелеріне:
Тармақша 1
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 2
2) Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту;
Тармақша 2-1
2-1) алып тасталды - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 2-2
2-2) алып тасталды - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 2-3
2-3) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 2-4
2-4) алып тасталды - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 2-5
2-5) мемлекеттік архивтердің үлгілік штаттарын бекіту;
Тармақша 2-6
2-6) мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту;
Тармақша 2-7
2-7) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 2-8
2-8) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту;
Тармақша 2-9
2-9) мемлекеттік архивтер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу;
Тармақша 3
3) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерінен шығатын архив анықтамаларына және архив құжаттарының көшiрмелерiне апостиль қою;
Тармақша 7
7) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 8
8) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 9
9) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10
10) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұрау салулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басып шығаруды және пайдалануды ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) Ұлттық архив қорын және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуі, Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) республикалық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау және пайдалану;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының тарихы жөнiндегi шет елдердегi архив құжаттарын жинау мен оларды елге қайтару;
Тармақша 13-1
13-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 14
14) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 15
15) архив ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне әдістемелік басшылық жасау және оны үйлестіру;
Тармақша 16
16) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;
Тармақша 18
18) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 18-1
18-1) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Тармақ 3
3. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асыратын қатынастарды мемлекеттiк реттеу және архив iсiн басқару мәселелерiне:
Тармақша 1
1) астананың облыстың және республикалық маңызы бар қаланың және аумағында архив iсi және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру;
Тармақша 2
2) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалар мен аудандардың мемлекеттік архивтеріне сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 6
6) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;
Тармақша 8
8) астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау;
Тармақша 8-1
8-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;
Тармақша 9
9) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекiту;
Тармақша 11
11) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
Тармақша 12
12) астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;
Тармақша 13
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
📌 Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 18-1. 18-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және
архивтер туралы заңнамасының сақталуын
мемлекеттік бақылау
18-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және
архивтер туралы заңнамасының сақталуын
мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 4-тарау 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 19. 19-бап. Архив ісін мемлекеттік басқару
19-бап. Архив ісін мемлекеттік басқару
Тармақ 1
1. Архив iсiн мемлекеттiк басқаруды уәкiлеттi орган мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның нұсқаулары жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
Тармақ 3
3. алып тасталды
📌 Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 20. 20-бап. Қазақстан Республикасындағы архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесі
20-бап. Қазақстан Республикасындағы архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесі
Архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесіне:
Тармақша 1
1) уәкiлеттi орган, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары);
Тармақша 2
2) архив мекемелері: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, арнаулы мемлекеттік архивтер, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалардың және аудандардың мемлекеттік архивтері кіреді.
📌 Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 21. 21-бап. Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру
21-бап. Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру
Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру:
Тармақша 1
1) бюджет қаражаты;
Тармақша 2
2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда – ҚР 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 22. 22-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері
22-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері
Тармақ 1
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, экономикалық тергеп-тексеру қызметінде арнаулы мемлекеттік архивтер құрылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Арнаулы мемлекеттік архивтерді құру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының осы Заңда белгіленген тәртіппен арнаулы мемлекеттік архивтер құрылған мемлекеттік органдарына өздерінің қызметіне қатысты архив құжаттарын жинау, сатып алу,
уақытша және тұрақты сақтау және пайдалану құқығы беріледі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері қызметінің тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
📌 Ескерту. 22-бапқа өзгеріcтер енгізілді - ҚР 2003.05.08 N 413, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.05.27 № 279-IV, 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12.06.2026 №
311-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 6. 6-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
6-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
Бап 23. 23-бап. Халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастар
23-бап. Халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастар
Тармақ 1
1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері - жеке және заңды тұлғалар халықаралық байланыстар мен тікелей қарым-қатынастар орнатып, жасап отыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтірмесе, мемлекет архив құжаттарын бірлесіп пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің архив мекемелері арасындағы қарым-қатынастардың кеңейтілуіне жәрдемдеседі.
Бап 24. 24-бап. Халықаралық шарттар
24-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының архив ісі жөніндегі заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгіленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
Бап 25. 25-бап. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың архивті пайдалану құқығы
25-бап. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың архивті пайдалану құқығы
📌 Ескерту. 25-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Архив құжаттарын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары пайдаланатын негіздерде пайдаланады.
Тармақ 2
2. Өз мұрағаттарына Қазақстан азаматтарына кіруге шектеу көзделген мемлекеттердің азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында сондай шектеу белгіленуі мүмкін.
📌 Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 26. 26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету
26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету
Тармақ 1
1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес рұқсат беруге құқылы.
Тарау 7. 7-тарау. Қорытынды ережелер
7-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 27. 27-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
27-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 1
1. Архив ісі жөніндегі заңдарды бұзуға кінәлі болған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 2
2. Ұлттық архив қорына келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтелуге тиіс.