О переименовании юридического лица и об утверждении Положения Күшін жойған
Басқа 0
Заңды тұлғаның атауын өзгерту және Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына және «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №1202 бұйрығына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Түлкібас көрікті ел» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Түлкібас көрікті ел» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Түлкібас көрікті ел» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Түлкібас ауданы әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылык, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары болімінің «Түлкібас көрікті ел» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
Тулкібас ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№319 қаулысымен бекітілген
Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылык, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары болімінің «Түлкібас көрікті ел» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылык, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Түлкібас көрікті ел » мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқыктык нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялык емес мекеме болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеме Түлкібас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 маусымдағы №148 қаулысымен құрылды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Түлкібас ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 4
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, «Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеменің атауы: Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің « Түлкібас көрікті ел » мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, 161303, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, Л.Демеушов көшесі №153 үй.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік мекеменің зандық мәртебесі
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің зандық мәртебесі
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде акша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазакстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен максаттары
3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен максаттары
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні-аудан тұрғындарының тұрмысын жақсарту мақсатында кызметтерді көрсету.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мекеме қызметінің максаты - аудан тұрғындарының тұрмысын жақсарту болып табылады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекеме максатка кол жеткізу үшін мынадай кызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекен көшелерін жаяу жүргіншілер жолдарын, қоршауларды және көше жарықтарын, декоративті жарықшамдарды күтіп ұстау жұмыстары.
Тармақша 2
2) аудан бойынша автотұрақтарды, аялдамаларды, саябақтарды, бағдаршамдарды, мүрделерді және автомобиль жолдарының бойында орнатылған әжетханаларды күтіп ұстау жұмыстары.
Тармақша 3
3) ауданның санитарлық тазалығын жүргізу, тұрғындардың күл-қоқысын шығару және су тасқыны, сел, нөсерлік және басқа табиғат апаттарын жою жұмыстары.
Тармақша 4
4) аудан әкімдігіне бағынышты мемлекеттік мекемелерге, органдарга кәсіпорындарға, ЖШС-ге сметалық құжаттама, эскиздер, топотүсірілімдер және ақау актілерін әзірлеу жұмыстарын жүргізу.
Тармақша 5
5) гүл егу күтіп ұстау, ағаш отырғызу күтіп ұстау, көше жиектерін, саябақтарды көгалдандыру, шөбін орып күтіп ұстау жәнеде сол сияқты ауданның барлық абаттандыру жұмыстары.
Тармақша 6
6) ғимараттар салу, жеңіл және күрделі жұмыстарын жасау, электр желілерін жүргізу, сантехникалық жұмыстарын жасау.
Тармақша 7
7) қыс ауасында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекен көшелерін жаяу жүргіншілер жолдарын және көшелердің қарын тазалап күтіп ұстау жұмыстары.
Тармақша 8
8) аудан әкімі аппаратының теңгеріміндегі ғимараттарды күтіп-ұстау;
Тармақша 9
9) аудан аумағындағы орнатылған балалар және спорт алаңшаларын күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) пробация қызметінен ұсынылған жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) кәші сәулеттік пішіндерді күтіп ұстау;
Тармақша 12
12) көшелерге орнатылған урналарды күтіп ұстау;
Тармақша 13
13) жаяу жүргіншілер көпірлерін күтіп ұстау;
Тармақша 14
14) жерлеу орындарын (мүрде) абаттандыру және күтіп-ұстау;
Тармақша 15
15) аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қысқы маусымға дайындық кезінде сығымдау жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 16
16) аудан аумағындағы тарихи және мәдени мұраны күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) аудан әкімінің аппаратымен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
Тармақша 18
18) жергілікті атқарушы органдарымен өткізілетін жиналыстар, форумдар, конференцияларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру барысында қатысу және ықпал ету;
Тармақша 19
19) айыппұл тұрағын ашу;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да қызметтерді жүзеге асыру;
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: тиісті саланың уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
Тармақ 16
16. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады, ал коммуналдық мемлекеттік мекемені жергілікті атқарушы орган не аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен-аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен келісім бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функциялард жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 9
9) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
Тармақша 10
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы органның немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық әкімі аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органы және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратымен) қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі) тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
Тармақша 10
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің озге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
Тармақша 11
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржык өздере себінен құрылады.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
Тармақ 25
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
Тармақ 26
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты) жүзеге асырады.
Тарау 6. 6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
Тармақ 29
29. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 7. 7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 30
30. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты шешімі бойынша жүзеге асырылады, жәңе "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
Тарау 8. 8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 31
31. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратынің шешімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік занды тұлга, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
Тармақ 33
33. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Тармақ 34
34. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы органның және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты жүзеге асырады.
Тармақ 35
35. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекемені мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты қайта бөледі.
Тармақ 36
36. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
Тарау 9. 9-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
9-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
Тармақ 37
37. Мемлекеттік мекеменің филиалы мен өкілдігі болмайды.