Об установлении права ограниченного целевого землепользования (публичный сервитут) на земельный участок Күшін жойған
Басқа 0
Жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданы Озерный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына «Қостанай облысы B2G сегмент үшін ТОБЖ құрылысы» объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Озерный ауылдық округі, Озерный ауылы, Пушкин көшесі, аумағында орналасқан, бағдарлау ауданы 1,00 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.